Қарқаралы орманының қорғалуына 125 жыл [Текст] / С. Т. Тохметов // Гүлстан. 2009. №4. С. 40-45 б.



Дата22.02.2016
өлшемі145.47 Kb.
#999
Тохметов, С. Т.

Қарқаралы орманының қорғалуына 125 жыл [Текст] / С. Т. Тохметов // Гүлстан. - 2009. - №4 . - С. 40-45 б. - (Қоршаған орта және біз)
Табиғаттың таңғажайып бірегей туындысы сұлу да көркем Орталық Қазақстанның інжу маржаны атанған Қарқаралы аумағындағы ормандар 1884 жылы 1 наурызда Қарқаралы орманшылығының иелігіне беріліп, қорғала бастады. 2009 жылдың 1 наурызында Қарқаралы орманшылығының өз алдына жеке орман шаруашылығы болып құрылғанына 125 жыл толады.

Қарқаралы орман шаруашылығы аумағындағы 1889-1930 жылдар аралығында ағаштан салынған Аюшат, Бидайық, Жартас, Түлкібай, Төңкеріс (Қызылағаш) тағы басқа кордондар және 1910-1913 жылдар аралығында ағаштан салынған архитектуралық құрылысы жөнінде ерекше назар аударарлық «Орманшының үйі», 1910 жылдардағы көшет өсіруден қалған, қазіргі кезде табиғат ескерткіштері қатарына енгізілген шырша ағаштары Қарқаралы орман шаруашылығының тарихи даму кезеңдерін айғақтайтын дәйектер болып табылады.

Қазан төңкерісіне дейін ормандар Қарқаралы стансасының әскерлерінің және жергілікті тұрғындардың иелігінде болды.

Тарихи деректер бойынша 1910 жылдың 1-ші қаңтарында Қарқаралы уезіндегі именияларда 13908 десятина орманды жер болды.

Қарқаралы орманды дала тобын қорғау жұмыстары мен тоғыз қорықшы мен отыз орман күзетшісі айналысқан.

Олар Қарқаралы орманынан басқа Кент, Бақты, Қу, Сарықұлжа, Қызыларай және Қызылтау жерлеріндегі таулы орман сілемдерін де қорғаған.

1908-1910 жылдар аралығында орманға айтарлықтай зиян келтірілген 100-ден аса орман ағаштарын өз беттерінше заңсыз кесу оқиғалары болған.

Орман көп кесіліп, Қарағанды жер қазбаларының, Спасск заводының және Успен руднигінің иелеріне сатуға жіберілген.

1914 жылы Сибирлік казак әскерлерінің есауылы Г.А. Рязанцев жоғарыда айтылған кәсіпорындарға делдалдар арқылы 3-7 метрге дейінгі 20 мың бөрене босатқан. Сол жылы Қарқаралы-Баянауыл әскери тоғайының меңгерушісі болып орман кондукторы Иван Зиновьевич Червеев қызмет атқара бастаған

1883жылдың 21 тамызынан 2-ші қыркүйекке дейін саяжайларда өрт болған, оны жергілікті әскери күштердің көмегімен ғана сөндірген. 1890 жылдың 1-ші маусымында Шаңкөз орман даласында өрт шыққан, ол келесі күні ғана сөндірілген (Ю. Г. Попов «Қарқаралы», Алматы, Қайнар 1984ж. 1016).

Қарқаралы орманының Кеңес өкіметі орнар алдында қандай жағдайда болғандығын осыдан-ақ көруге болады.

Тау орманшылығының (саяжайының) топографиялық жазбасы тұңғыш рет 1923 жылы жүргізілді.

1930 жылы Республикада «Казлеспром» тресі ұйымдас-тырылуына байланысты, Қарқаралы жалпы көлемі 89441 га 9 орман даласын біріктірген Баян-Қарқаралы орман шаруашылығы учаскесінің орталығына айналды.

Қарқаралы тауларының өзі екі саяжайға бөлінді:

Қарқаралы - көлемі 11708 га және Таулық саяжай көлемі -21058 га.

Осы жылы Қарқаралы орман шаруашылығының барлық тоғыз орманды өңірден тұрғындарға 12003м қарағай, 6803м жапырақты ағаш және 16253м бұтақ тұқымдастар босатылған.

Ағаштар түбірімен босатылды. Ағаш дайындаушылар ағашты жақыннан, өздеріне оңтайлы жерден кесті. Ағаш жаппай кесілгендіктен орман мүлдем сиреп кетті.

1937 жылы 40173м ағаш және 13078 3 м отын даярланды. Ал 1939 жылдың жоспары бойынша тұрғын халыққа 31750 3 метр ағаш, отын және қураған бұтақтарды босату көзделген. Осы себептен де Қарағанды облыстық атқару Комитеті 1938 жылы 13 қаңтарды ағаштарды тек қана оларға күтім жасау мен санитарлық тазалық жүргізу мақсатында ғана кесу жайлы қаулы қабылдады.

Бірақ, 1940 жылы ағаштарды жаппай кесу қайтадан негізгі жұмысқа айналды. Қарағайларды кесу жасы 100 жасқа дейін кемітілді, кейбір жерлерде ағаштарды таңдап кесу әдісі қолданылды.

Ормандарда ашық алаңқайлар, тығыздылығы төмен, сирек орман алқаптары пайда бола бастады. Қарағай ормандарынан босаған кеңістіктерді тез өсетін көктерек пен аққайың жайлай бастады.

¥лы Отан соғысынан кейін Республикада ормандарды пайдалануды тәртіпке келтіру бойынша маңызды шаралар қабылданды.

Бірнеше мәртебе әкімшілік өзгерістен кейін 1947 жылы 4-ші желтоқсанда Қазақ ССР-ның орман шаруашылығы Министрлігінің №436 бұйрығымен Қарқаралы орман шаруашылығы құрылды.

Қарқаралы орман шаруашылығы бойынша орманды орналастыру жұмыстары 1940, 1954, 1969, 1980, 1990-шы жылдары жүргізілді.

1956 жылы Қарқаралы орман шаруашылығы Қарқаралы механикаландырылған орман шаруашылығы болып қайта құрылды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру ағаш материалдарына қажеттілікті арттырды. Тек қана 1956 жылдың өзінде 13300м3 қарағай және 3500 жапырақты ағаш түрлері кесілді.

Елуінші жылдары ағаш кесілген алқаптарға жүргізілген зерттеу нәтижесі жаппай ғана емес таңдап кесу жұмыстары да орманның табиғи жолмен қайта қалпына келу процесін бұзғандығын көрсетті.

Осы себептен де 1959 жылы Қарқаралы ормандары екінші топтан біріншіге ауыстырылды.

1963 жылы орманды қалпына келтіру үшін жүргізілген кесуден 2000м3, күтім жасау мен санитарлық тазалық үшін кесуден -3400м3 көлемінде ағаштар дайындалды.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 06.09.1957 жылғы №627 қаулысына сәйкес Еңбекшілер Депутаттары Қарағанды облыстық Кеңесінің 17.11.1964 жылғы №91/4 шешімімен Қарқаралы ауданы аумағындағы барлық шоқ ормандар Қарқаралы орман шаруашылығына берілді.

1969 жылы Қарқаралы орман шаруашылығында «Қазлеспроектінің» орман орналастыру экспедициясы жұмыс істеп, ормандарды пайдаланудың ғылыми негізделген ұсыныстарын белгіледі. Ағаштардың кесу жасы қайта қаралды. Оны қарағайлар үшін 120 жыл, ал қайыңдарға 50-60 жас, көктеректерге 40-50 жыл, шоқ тал мен шіліктерге 9-10 жыл деп белгіледі. Орман отырғызудың негізгі мақсаты да айқындалды. Ол топырақты шаюдан қорғау және су көздерінің ағынын реттеу.

Тұрғындарды ағашпен қамтамасыз етуді күтім жасау мен санитарлық жұмыс жүргізгенде кесілген ағаш есебінен жүргізуге шешім қабылданды.

Қарағай шаруашылығында көгеріштердің жалпы қорының 10-15% көлемінде біртіндеп жүргізілетін таңцап кесу әдісі енгізілді.

1970-1980 жылдарда жыл сайынғы ағаш дайындаудың көлемі 10000-14000м3 аралығында болды.

Қарқаралы орманы аймағында 1965-1990 жылдар аралығында 20-дан астам демалыс үйлері мен пионерлер лагері, турбазалар орналасып, бұл жерлерде жыл сайын 4 мыңнан астам адамдар демалды. Бұған қосымша сенбі және жексенбі күндері орман аумағына өз бетімен мыңцаған адамдар демалуға келді.

Қарқаралы орман шаруашылығы Қазақ ССР-ның орман шаруашылығы министрлігінің 07.06.1988 жылғы №99 бұйрығына сәйкес Қарағанды орман шаруашылығының өндірістік бірлестігінің 25.07.1988 жылғы №41 бұйрығымен Қарқаралы орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорны болып қайта құрылды.

Осы жағдайлар Қарқаралы табиғатын табиғи қалпында сақтауға көптеген қиындықтар туғызды.

Сол себептен де Қарқаралының табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және қайта жақсарту мәселелері нақты шаралар, атап айтқанда Қарқаралы орман шаруашылығы негізінде Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын құруды жобалауды және оны заң жүзінде бекітуді қажет етті.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат саябағын (бұдан әрі ҚМҰТП)




жобалаудың технико-экономикалық негіздеулерін Қазақ ССР-ның Министрлер кеңесінің 1989 жылғы 3-ші қарашадағы №277-Д өкіміне сәйкес Қазақ ССР-ның орман шаруашылығы Министрлігінің тапсырмасы бойынша 1990 жылы «Казгипроград» институты жасады.

ҚМҰТП-ін жоспарлаудың техникоэкономикалық негіздеулері жасалғаннан 6 жылдан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26-шы сәуірдегі №513 қаулысы бойынша Қарқаралы орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорны Қарқаралы орман шаруашылығы болып қайта құрылды.

Сонымен ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық құнды маңыздылығы бар Қарқаралы және Кент орман алқаптарының бірегей табиғат кешендерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында бұрынғы «Қарқаралы орман шаруашылығы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1-ші желтоқсандағы №1212 қаулысымен «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы» Республикалық категориядағы табиғат қорғайтын мекеме болып қайта ұйымдастырылды.

ҚМҰТП ұйымдастырылғаннан бері Қарқаралының табиғат байлықтарын сақтау және ұлғайтуда көптеген оңды өзгерістер болды. Ұлттық саябағының жалпы аумағы -90323 га, оның ішінде орман өсіп тұрған жерлер 40293 га, оның екпе ағашы 887га.

Ұлттық саябақ аумағындағы ормандар құраушы негізгі ағаштар: қарағай, қайың, терек, тал, арша және басқадай бұталар, жеміс-жидектерден қарақат, таңқурай, бүлдірген, саңырауқұлақтардың бірнеше түрлері өседі.



Ұлттық саябақ 3 орманшаруашылықтан (аймақтық бөлімшелерден) тұрады.

Таулы орманшарушылығы, аумағы - 25576га, Қарқаралы орманшаруашылығы, аумағы - 23846га, Кент орманшаруашылығы, аумағы 40901 га.

Ұлттық саябақ аумағы ҚР-ның «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы (1997ж.) мен жобалауларға сәйкес екі функционалдық аймаққа бөлінеді:

Қорық режиміндегі аймақ, жалпы аумағы - 51312га. Бұл аймақты кез келген шаруашылық қызметке тыйым салынған.

Тапсырыс режиміндегі аймақ, жалпы аумағы - 39011га. Бұл аймақта оларды қатаң реттей отырып пайдалануға болады.

Ұлттық саябақтың дирекциясы ұлттық парктің жұмыстарын ҚМҰТП туралы ережеге сәйкес және 1997 жылғы 15 шілдедегі ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңы негізінде жүргізіп келеді.

Ұлттық саябақты дамытудың бағдарламалары дер кезінде жасалынып, орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне жіберіліп отырылды.

1973-1992 жылдар аралығында орманда болған өрттер, 1997-1998 жылдардағы ауа-райының қолайсыздығы, өте құрғақшылық, аңызақ жел, сұрапыл дауылдар салдарынан Қарқаралының 2525га орман алқабы зиян шеккені көпшілікке мәлім.

Сол кездерде ұлттық саябаққа Қазақстан республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті Қарқаралы аумағындағы 1997-1998 жылдардағы өртке шалынған орман алқабын күйген ағаштардан тазарту мақсатында 731 га аудандағы өртке шалынған 100 000 м3 көлемдегі ағаштарды дайындауға рұқсат берген болатын.

Қазіргі кезгедейін 1997-1998 жылдары өртке шалынған орман алқабына 500 га ауданындағы жерлер күйген ағаштардан тазартылынып, одан 50 000 м3 көлемінде ағаштар алынды. Өртенген жерлердегі ағаштарды дайындау ауданның ауыл шаруашылығымен айналысатын кооперативтері, шаруа қожалықтары, акционерлік қоғамдар, аудан аумағындағы орналасқан кәсіпорын, ауыл, қала тұрғындарының және орман шаруашылығы ұжымының күшімен жүргізілді.

1977 жылы ұйымдастырылған сәнді бұйымдар жасайтын цех ұлттық саябаққа өртке шалынған ағаштарды өңдеп, халық тұтынатын тауарлар мен сәнді ағаш бұйымдар жасауға жұмсап, осы тауарларды сатудан 18264 мың теңгенің кірісін түсірді.

Қазақстан республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы » заңына сәйкес ұлттық саябаққа 1999-2004 жылдарға Республикалық қаражаттан қаржы бөлініп келеді. Бөлінген қаржы ұлттық саябақтың табиғат қорғау қызметкерлеріне

«Гүлстан» 2009 №4 (50)

еңбек ақы төлеуге, ғимараттар мен техникаларды ұстауға және орманды өрттен сақтау мақсатында жасалатын жоспарлы жұмыстарды жүргізуге жұмсалынды.

1999-2001 жылдар аралығында жыл сайын мекемеге кірген кіріс орташа есеппен 5,5 млн теңге мөлшерінде болса, соңғы жылдары орташа есеппен 2,8 млн теңгенің деңгейінде ғана болып, 2008 жылы 3545 мың теңге деңгейінде болды.

Кірістердің мөлшерінің кемуіне өртеңнен алынатын ағаштардың сапасының төмендеуі және демалушылар мен орман пайдаланушылардан түсетін кірістердің жергілікті бюджеттің есеп шотына түсуі әсерін тигізуде.

Ұлттық саябақ табиғат қорғайтын мекеме болғандықтан оның дирекциясы құрылған күннен бастап орманды қорғап, сақтауға үнемі көңіл бөліп, нақтылы шаралар белгілеп, жоспарлы жұмыстарды жүргізіп келеді.¥лттық саябақта орман және жалпы табиғат қорғау жұмыстарымен тікелей 71 орман қорғау инспекторлары, 4 қорықшы, 3 аймақтық бөлімшенің бастықтары, 3 орманшылардың көмекшілері, 18 орман шеберлері, 1 аң қорғау маманы және өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғайтын бөлімнің бастығы, табиғат қорғау мамандары, 12 өрт сөндірушілер айналысады.

Орманшылардың көпшілігі орман арасындағы кордондарда тұрады. Кордондардың саны 37.

Ұлттық саябақта орманда өрт бола қалған жағдайда өртті сөндіруге арнайы құрылған «Өрт сөндіретін станция» бар.

Станция 9 өрт сөндіретін, 1 су таситын автомашинамен, шынжыр табанды трактор, соқалармен, өрт сөндіруге қатысатын басқа да автокөлік, құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Өрт сөндіруге қатысы бар барлық автомашиналар радио байланысымен қамтамасыз етілген. Олар ұлттық саябақтың кеңсесінде және өрт сөндіру станциясында орналасқан стационарлық рациялармен үнемі байланыста болады.

Орманда өрт болдырмаудың алдын алу, өрт шыға қалған жағдайда тез арада орманға залал келтіртпей сөндіру мақсатында жыл сайын Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы әкімдерінің арнайы шешімдері қабылданады.

2008 жылы ұзындығы 320 шақырым өртті өткізбейтін минералданған жолақтарға үнемі бақылау жүргізіліп отырылды, өртті өткізбейтін 9 шақырым минералданған жолақтар жаңадан жасалынды.

Ұлттық саябақтың қызметкер мамандары орманда өрт болдырмаудың алдын алу мақсатында орманда демалушылар мен орманда жұмыс істейтін адамдар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі тақырыптарға 41 лекция оқыды. 5188 жекелеген адамдармен әңгіме өткізілді.

Жалпы табиғат кешендерін сақтау мәселелері жөнінде облыстық, жергілікті газеттердің беттерінде ұлттық саябақ

қызметкерлерінің мақалалары жарияланып, теледидардан хабар беріп тұрады.

Халық демалуға көп баратын жерлерге, бұлақ бастарына 12 арнайы демалатын орындар жасалынып, бұл жерлер қалдық қоқыстардан орман қорғау қызметкерлерінің күшімен үнемі тазартылып келеді. Жыл сайын «Таза орман», «Таза өзен» шаралары өткізіледі.

Жаз айларында 3 тосқауыл постылары қойылып, демалуға келушілер тіркеліп, оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде ескертулер жасалып отырылды.

Орманда өрт бола қалған жағдайда, өрт туралы жедел хабар алып, ертті тез арада ұлғаймай тұрғанда, орманға залалын келтіртпей өшіріп алу мақсатында өрт сөндіру станциясында ұлттық саябақтың кеңсесінде мекеме қызметкерлері тәулік бойында кезекшілік етіп, телефон, рация арқылы байланыс жасап отыру тәжірибеге айналған.

¥лттық саябақта 1999-2008 жылдар аралығында 152 өрт шығып 167га орман алқабын қамтыды. Пайда болған өрттер дер кезінде сөндіріліп отырылды. Өрттен орманға келтірілген тікелей зияндар болған жоқ. 1997-1998 жылдары өртке шалынған ормандарды қалпына келтіру мақсатында жылына 0,33 га жерлерге қарағай тұқымдары себіліп, екі жыл өткеннен кейін, өртенген жерлерге отырғызылды.

Табиғи саябақ құрылғаннан бері 100 га өртке шалынған жерлерге, қарағай көшеттері

отырғызылды. Өртке шалынған ағаштар тазартылған соң, олардың орнына жанадан жас қарағайлар өсіп келеді. Өртке шалынған қайың, теректердің орнына жанадан жас орман пайда болуда.

ҚМҰТП-ң аумағын ұлғайту мақсатында нақтылы жұмыстар жасалынып, қазіргі кезде 66 мың га -ға дейін ұлғайтылуына, жерлердің қолдануға алынуы жөнінде Қарағанды облыс әкімінің шешімі алынды. Ұлттық саябақтың табиғат қорғау мәселелерін заман талабына сай жүргізу мақсатында 1991 жылы жасалынған ТЭО негіздемелеріне өзгерістер енгізілініп қайтадан жасалынуда.

2002 жылы ұлттық саябақтың ішкі қорларының есебінен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Зоология институтымен «Қарқаралы мемелекеттік ұлтттық табиғи саябағы» аумағындағы мекендейтін ірі сүтқоректілердің есебін алу және олардың аумақтағы таралу тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Ұлттық саябақ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетімен «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы өсімдіктердің динамикасы және қазіргі жағдайы» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге 3 жылға (2005-2008жж) шарт жасасып, ғылыми жұмыстар жүргізілді.

2006 жылдан бері қарай Е.А.Бөкетов атындағы Қарғанды

Мемлекеттік Университеті ҚМҰТП аумағындағы Экожүйемен элементтерінің жайына ұзақ мерзімге бақылау үйымдастыру тақырыбына Ғылыми Зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұлттық саябақтың ғылыми саласында жұмыс атқаратын мамаңцар өздерінің құзырлылық деңгейіне қарай орман қорғау инспекторларының, қорықшылардың қатысуымен ұлттық табиғи саябағының аумағындағы табиғат кешендерінде болып жатқан құбылыс, өзгерістерге күнделікті бақылау жүргізуде.

2003 жылы ұлттық саябағының аумағындағы ауа-райы құбылыстарының өзгерістерін бақылау мақсатында облыстық «Гидромет» мекемесінің көмегімен ұлттық саябағының қаржысына «Тау» орманшылығының аумағына «метеопост» қойылды.

Қарқаралы өңірінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер: Батпақты сфагнум, Қарқаралы бөріқарақаты, жіңішке көкнәр, көктем жанаргүлі, қырғыз қайыңы сақталған ареалдары анықталып, қорғауға алынуда.

Ұлттық саябақ аумағындағы өсімдіктер әлемін анықтау мақсатында гербарилер жиналуда.

Ұлттық парк құрылғаннан бері 5га өртенген қарағайдың бүршіктері шашылып тасталды, 30 га өртке шалынған орман алқабы күйген ағаштардан тазартылып, бұл алқапқа қарағайдың қолдан жылыжайда өсірілген 2-3 жылдық көшеттері қолмен отырғызылды.

30 га-дан астам өртке шалынған орман алқабына табиғи жағдайда жас қарағай ағаштардың өздігінен өсуіне мүмкіндіктер жасалынды.

Ұлттық саябақтың орман қорғау қызметкерлерінің, ғылым саласындағы мамандардың тікелей қатысуымен 2004 жылы 245 мың дана 1 жылдық, 76 мың дана 2 жылдық қарағай өскіндері (көшеттері) 2008 жылы 324 мың дана қарағай жылыжайда өсірілді.

Қарқаралы қаласын және басқа да елді мекендерді көгалдандыру мақсатында ұлттық саябақ жылына 2 мыңцай арнайы өсірілген көшеттерді мекеме, кәсіпорын, мектеп басшыларының берген сұраныстары бойынша босатып отырды.

ҚМҰТП туралы ережеге жоғарғы өкілетті органдардың бұйрығына сәйкес 2000 жылдың 23 мамырында ұлттық саябақта ғылыми бөлім құрылды.

Ұлттық саябақ бойынша 2000-2010жылдары 11 тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

Жасалынған жоспар орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің №197 бұйрығымен 23.09.2004 жылы бекітілді.

Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ҚМҰТП аумағында 85 арқар, 32 бұғы, 12 елік, 35 бұлан, 60 қабан мекендейтіні анықталды.

Ұлттық саябақтың мамандары Қарқаралы қаласында отырғызылған ағаштардың дұрыс отырғызылуына, күтім жүргізілуіне үнемі кеңес беріп, басшылық жасап келеді.

Ұлттық саябақ мамандары және Қарағанды облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспекторларының тексеру қорытындысы 1м3 өртенген жерде орташа есептегенде 2-3 дана, ол кейбір өртенген орман алқабында 1м3 жерде 7-8 дана жас балапан қарағайдың өскіні бар екендігін көрсетіп отыр.

1997-1998 жылдары өртке шалынған қайың, теректердің орнына жаңадан жас ағаштар өсіп, қайтадан жас орман пайда болуда.

Орманды зиянды жәндіктерден қорғайтын орман санитарлары - құмырсқалардың илеулері қоршалып, олардың көбейіп, сақталуына да жағдайлар жасалуда.

Табиғат саябағы аумағындағы табиғат кешендерін қорғау және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қорық режиміндегі қорғалатын аймақтардыңауданы, орналасқан шаршылары көрсетілген үлкен аншлагтар қойылды.

Қарқаралының сұлу табиғат көріністерін халыққа таныстырып көрсету, табиғатты көрсетуді уағыздау мақсатында фотоальбом, фотокөрме, бильбордтар жасалынды.

Ұлттық парк аумағындағы 7 табиғат ескерткіштері қорғауға алынып, маңайы үнемі тазаланып отырылады.

Шайтанкөлдің етегіне демалатын орындар жасалынып, өсімдіктер мен жас қарағайларды таптатпау үшін автокөліктер тұратын арнайы орындар жасалып, Шайтанкөлге баратын жолдарға шлагбаум қойылып, сырғауылдармен біраз жер қоршалды.

Кент қорық ережесіндегі аймақта ҚР-ның Қызыл Кітабына енген арқар, бүркіт, қара





ләйлектер, ителгілер, үкілер саны жылдан жылға көбейіп келеді.

Ұлттық саябақтың аумағындағы мекендейтін жергілікті жабайы жануарлар әлемін қорғап, сақтаумен бірге жерсіндіру үшін басқа аймақтардан әкелінген жабайы жануарларды сақтауда да жасалып жатқан жұмыстар да баршылық.

Жабайы жануарларды жерсіндіру үшін арнайы қоршалған вольерде қазіргі кезде бұғы, қодас сарық, кер бұғы, мәстек ат, жабайы шошқалар ұсталынып, өсіріліп отыр.

Жыл сайын оларға жеткілікті мөлшерде жем, шөп, бұталы азықтар дайындалады.

Бұғылардың біразы Кент қорықтық ережесіндегі аймаққа жіберілді.

Ұлттық саябақта 1982 жылдары салынған «Табиғат мұражайы» бар. Мұражайды көрушілердің көпшілігі мектеп жасына дейінгі жасөспірім балалар мен оқушылар.

2000 жылы ұлттық саябақта туризмді дамыту мақсатында жасалған жоспардың негізінде 6 серуен бағыты белгіленіп, ҚР А/Ш Министрлігінің орман шаруашылығы Комитетінің 25.01.2001 жылғы №23 бұйрығымен бекітілді.

ҚМҰТП бойынша бір туристік бағыт Қазақстанның туристік бағыты тізіміне 2001 жылы енгізілді.

2002 жылы Қарқаралының туристік бағыттары көрсетілген

4600 дана буклет жасалынып, тиісті мекемелер мен қажет деп саналатын адамдарға таратылуда. Бұл буклетте Қарқаралының атын әйгілі еткен «Шайтанкөл», «Бассейн» көлдерінің көріністері орналасқан.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын жобалаудың технико-экономикалық негіздеуінде Кент орманшылығында және саябақ дирекциясы жанындағы ғылыми бөлімінде штаттық қызметкерлер, инфрақұрылымдар және материалдық-техникалық базалар қарастырылған.

ҚР Ауыл шаруашылығының орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті бекіткен Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи саябағы бойынша 2000-2010 жылдарға арналған ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің жоспарларын жүзеге асыру, ұжымның Қарқаралы орманын қорғаудағы 125 жылдық мол тәжірибесі келешекте Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи саябағының ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдениет және табиғат мұралары тізіміне енуіне, осы ерекше қорғалатын аумақта биологиялық әртүрліліктің сақталуына қажетті жағдайларды тудыруға мүмкіншілік берер еді.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым жөніндегі орынбасары: С.Т. Тохметов Фотосуреттердің авторы: Оспанов Ш., Резниченко С, Шарипов Ш. Суреттер ҚМҰТП-де түсірілген.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет