Қарастырылатын сұрақтар



Дата03.01.2022
өлшемі20.45 Kb.
#450480
семинар 3


Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Билік ұғымы, қалыптасуы және ол туралы тұжырымдамалар.

  2. Биліктің негізгі белгілері және атқаратын қызметтері.

  3. Билік типологиясы. Негізгі түрлері және тармақтары. (Дж.Локк, Ш.Л.Монтьеске)

  4. Биліктің легитімділігі. (М.Вебер)

  5. Қазақстандағы биліктің жүзеге асу механизмі.

Билiк – қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.

Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.



Билік – көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты – қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны – үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып табылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы билік ресурстарын” құрайды. Мысалы, қоғамдық өндіріс пен тұтынымға қажетті материалдық игіліктер, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б. – биліктің экономиялық ресурсы, ал әлеуметтік, әскери, т.с.с. ресурстарды туындатушы әмбебап қор саналатын адамзат баласы демографиялық ресурс ретінде бағаланады.

Биліктің негізгі міндеті – қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі – оның заңдылығы (легитимділігі). Билік әлеуметтік құрылымның ең күрделі әлеуметтік және саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді. Ол басқару пішіміне орай – монархиялық (абсолюттік және конституциялық), республикалық (президенттік және парламенттік); мемлекет құрылысының пішіміне орай – унитарлық, федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне орай – тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық; саяси ағымына орай консервативтік, неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-демократиялық болуы мүмкін. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік тармақтарының өзара үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын қамтамасыз ету принципі демократиялық, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет