Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар



Дата25.02.2016
өлшемі26.02 Kb.
#24806
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Қаратал ауылының жыл санап жасарып, жайнап, өркендеп келе жатқаны бүгінде ауыл тұрғындары үшін де мақтаныш.

Ауылдықтар үшін ағымдағы жыл айтарлықтай жаңалықтарға толы болды. Қаратал ауылы облысымыздағы тірек ауылдарының қатарына қосылды. Бұл іс Қараталдықтарға үлкен сенім мен жауапкершлік жүктеген болатын. Ауылдықтар бір кісідей береке бірлік танытып, білектерін сыбанып қызу еңбек етуге кірісті. Бұл тарапта атқарылған жұмыстар қомақты. Ауылда республикалық, облыстық, аудандық бюджет қаржысына «Жастар паркі», балалар ойын алаңы, хоккей алаңы, Омаров көшесін жарықтандыру жұмыстары, Қаратал орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Жастар паркі» 22 миллион 864 мың теңгеге салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 3 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. 51 шырша, 140 дана үлкен тоғай, 800 дана акация егілді.

Балалар алаңын абаттандыруға 1 904 000 теңге бөлініп, тегістеу жұмыстары жүргізіліп, құм төселіп, балалар ойнайтын комплекстер, орындықтар қойылды. Ал, хоккей алаңын ашуға 810 000 теңге қаражат игеріліп, тегістеу жұмыстары жүргізіліп, қоршалды, 2 қақпа, 4 бағана орнатылды. Мердігер: «Зайсан-Қорған» ЖШС, уақытша 5 жұмысшы тартылып, орташа жалақысы 45000 теңгені құрады.

Қ.Омаров көшесін жарықтандыруына 3 200 000 теңге жұмсалып, жұмыстары шілде айында аяқталды. Қабылдау актісі 27 шілде 2012 жылы қабылданып, көшеде 50 шам жанып тұр. Жарықтандырылған көше ұзындығы 2500 метр. Мердігер «СИМААС» ЖШС, уақытша 3 жұмысшы тартылып, орташа жалақысы 35 000 теңгені құрады.

«Зайсан –Строй-Сервис» ЖШС арқылы Қаратал орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 79 609 000 теңгенің қаражаты игеріліп, 30 жұмысшы жұмыспен қамтылып, орташа жалақысы 45000 теңгені құрады.

Қаратал ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Көксегенов Мұхамедрақымның, «СМУ Шығыс» ЖШС директоры Қ.Абжановтың демеушілігімен және ауыл тұрғындарының қаражатымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілік аясында 800 мың теңгеге 75 тұрғын үйлердің қоршауы 1000 дана штакетникпен және темір шиферлермен жаңаланды.

«Талмин» шаруа қожалығының жетекшісі Жұмақанов Айдостың демушілігімен 1 миллион 425 мың теңгеге Кебаев көшесіндегі 60 электр бағаналарын оюлармен әшекейлеп, 180 дана ыдыстарға гүл егіліп және гүл сауыттарына арналған ұяшықтар жасалып, ілінді.

Ауылымыздың 3 тұрғыны 9 миллион тенге несие алып, асыл тұқымды 3 бас бұқа , 40 бас аналық ірі-қара малын сатып алды.

Үлкен-Қаратал ауылының тұрғыны Салбанов Айып 2 000 000 теңге несие алып, 30 бал арасының ұясын алды.

Ауылдық округ бойынша бюджеттік кірістер болжамының орындалуы: 2012 жылы мүлік салығы 58 300 теңгені, жер салығы 520 000 теңгені құрап, қаражат бюджетке толығымен аударылды.

44 отбасыға 18 жасқа дейінгі 148 балаға 2 миллион 232 мың 200 теңге жәрдемақы және 5 жанұяның 14 отбасы мүшелеріне 576 мың 900 теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

2012 жылы ауыл тұрғындарынан 43 арыз-шағымдар қабылданып, қанағаттандырылды. 47 жер учаскелеріне құжаттар жөнделді.

Ауылымыз Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты аудандық киіз үйлер байқауында ауылымыз бас жүлдені, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған ұлттық спорт ойындарынан өткен сайыста жалпы командалық есеп бойынша 129 ұпаймен І орынды жеңіп алды.

Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым, туған жерім - Зайсаным» атты ауылдық округтер арасында ұйымдастырылған көркемөнерпаздар байқауында жүлделі І орынды иеленіп, марапатқа 80 мың теңге, «Үздік хор» номинациясы бойынша марапатқа берілген 30 мың теңге, «Үздік оркестр» номинациясы бойынша берілген 10 мың теңгенің иегері атандық.

Ауылдық мәдениет үйінде орналасқан кітапханада 9684 кітап қоры бар, 2012 жылы кітапхана 800 дана кітаппен толықтырылды. Оқырмандар саны 601 адамды құрап отыр.



Қаңтар айында Д.Қонаевтың 100 жылдығына орай «Заманның заңғар тұлғасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет