Ардагерлермен кездесу кеші



Дата27.06.2016
өлшемі23.5 Kb.
#162080
Ардагерлермен кездесу кеші
Жыл сайынғы дәстүрлі түрде, қазан айында жаратылыстану-математикалық факультетінде ардагер-ұстаздармен кездесу кеші өтеді. 25 қазан күні жаратылыстану-математикалық факультетінде ардагер-ұстаздармен кездесу кеші болды. Кездесудің негізгі мақсаты география кафедрасында көп жылдар бойы қызмет еткен ардагер-ұстазы, ХДП Нұр отан партиясының мүшесі, «Әжелер сәлемі» атты фольклор-этнографиялық ансамбль мүшесі Мухтарова Зинаида Гафурқызының 80 жылдық мерей- тойымен құттықтау және ұстаздың еңбек жолы, өмірі туралы студенттерге таныстыру.Алғашқы құттықтау сөзді алған факультет деканы А.Б. Медешова Зинаида Гафурқызын мерей тойымен құттықтап, БҚМУ ректораты атынан алғыс хатты, ұстаздың студенті Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағанбетовтың құттықтау хатын табыс етті. Кездесуге факультеттің ардагер-ұстаздары мен қызметкерлері қатысып өздерінің педагогикалық тәжірибелері жөнінде ой бөлісті. Мұндай ардагерлердің еңбегі елеусіз қалмай, университет ректораты тарапынан марапаттады. Факультет студенттерінің атынан «Ұстазым» әні шырқалды. География кафедрасының меңгерушісі В.И. Амельченко қонақтарға Зинаида Гафурқызының өмірбаянымен таныстырып, призентация көрсетілді. Сонымен қатар факультеттің оқытушылары, Зинаида Гафурқызының студенттерінің атынан облыстық археология орталығы директорының орынбасары С.К. Рамазанов құттықтау сөз сөйледі. Кеш студенттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш соңында Зинаида Гафурқызы алғысын білдіріп, татардың әсем әнін шырқады.

ЖМФ тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары: Е.Е.Айманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет