Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылдың 9 айындағы қорытындысы туралы анықтама



жүктеу 136.53 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі136.53 Kb.



Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2012 жылдың 9 айындағы қорытындысы

туралы анықтама
2012 жылдың 9 айында аудан экономикасын дамытуда біраз жетістіктерге қол жеткізілді.
Өнеркәсіп

Ауданның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1622,4 млн. теңгені құрады немесе былтырғы жылғы деңгеймен салыстырғанда 128,6 пайыз. Аудан бойынша өнеркәсіп өнімдері көлемінің өсу себебі темір кенін өндіретін “Ақтөбе – Темир ВС ЕК” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің өндіріс көлемі есепті кезеңде 180,7 мың тоннаны құрады. Есепті кезеңде кәсіпорын 246,9 мың тонна темір рудасын өндіріп, Ресей мен Қытай тұтынушыларына жүктеп жөнелтті.

«Қызыл Қайың – Мамыт» ЖШС никель рудасын қазу жұмыстарын жүргізбейді. Үстіміздегі жылы Мамыт кен орнында кәсіпорын 1,2 млн. теңге сомасында 342,0 тонна қоңыр көмірді өндірді.

«Степной» ЖШС-нің қайта өңдеу цехтарының көрсеткіштері өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда өңдеу көлемін айтарлықтай кеміп кетті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 72,5 пайыз, оның ішінде ет, шұжық бұйымдары, нан , кебек пен ұн өндірісін кеміген.

Петропавловка ауылында сүт өнімінен шығаратын «Ақжол – 2» шаруа қожалығының шағын зауыты өндіріс көлемін азайтқан. Бүкіл шығарған өнімі 5,1 млн теңгені құрады.Өндіріс көлемінің кему себебі шикізаттың болмауы.
Ауыл шаруашылығы

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында 17 заңды тұлға және 165 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

2012 жылдың 9 айында өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5 млрд. 695 млн. теңгені құрады, былтырғы жылдың 9 айындағы (6668,6 млн. теңге) деңгейден 85,4 пайыз.

Аудан бойынша бүтіндей алғанда сиыр басы 2,8 пайызға, қой мен ешкі 4,4 пайызға, жылқы 4,2 пайызға, құс 3,1 пайызға өскені байқалады.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 1,9 пайызға, сүт 1,7 пайызға, жұмыртқа 0,4 пайызға, жүн 2,8 пайызға өскен.

2012 жылдың 9 айында 12000 бас торай, 13599 бас бұзау, 5100 бас қозы, 685 бас құлын төлдері алынды. Бұзаудың бас санының 2061 басқа өскені байқалады.

Ауданның шаруа қожалықтары өсімдік шаруашылығымен қатар ауыл шаруашылық жануарларымен көбірек айналысуға бет бұрды.

Бүгінгі таңда ауданның шаруа қожалықтарында 882 бас ірі қара, 2340 бас қой, 389 бас шошқа, 580 бас жылқы. Мына қожалықтарда мал басы көп бағылады: «Жаңа тұрмыс» Ш/Қ (154 бас мүйізді ірі қара), «Бородиновка» Ш/Қ (905 бас қой), «Хоснетдин» Ш/Қ (116 бас шошқа), «Темирхан» Ш/Қ (157 бас жылқы).

Ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке сектордың мүйізді қара малдарын қолдан ұрықтандыру іс-шаралары тұрақты жүргізілуде. Қабылданған міндеттеме бойынша 2050 бас болса, оның 1250 басы тұрғындар малы, бүгінгі таңда жалпы ұрықтандырылғаны 1196 бас (1110 бас тұрғындар малы).

Ағымдағы жылдың 9 айында бруцеллезге қарсы диагностикалық зерттеу жоспары 23,0 мың бас болса, нақты зерттелгені 23,35 мың бас немесе 101,3 пайыз, ұсақ малдар жоспары 10,0 мың бас болса, зерттелгені 13,42 мың бас немесе 134,2 пайыз.

Ауданның дислокация картасына сәйкес 1 мал сою пункті мен 7 мал сою алаңы жұмыс істеуі керек. Бүгінгі күні нақты 5 мал сою алаңы бар және Қосестек ауылында мал сою алаңын пайдалануға беру жұмыстары аяқталу үстінде.

Антропозооноздық жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қаңғыбас ит пен мысықтарды жою шаралары іске асырылды. Шараларды іске асыруға жергілікті бюджеттен 469,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді, 380 бас ит атылды.

Ауыл шаруашылық құрылымдарын мемлекеттік қолдау мақсатында жыл басынан бері республикалық бюджеттен 85,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде жанар-жағар май бағасын арзандатуға 66,8 млн. теңге субсидия, ет өндіру мен оны сатуға 1,96 млн. теңге субсидия, облыстық бюджеттен тұқым және 1, 2, 3 репродукция сатып алуға 14,96 млн. теңге бөлінді.

Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №57 қаулысымен субсидия төлеу жөніндегі ведомствааралық комиссия құрылды. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бойынша субсидия төлеу тәртібінің нұсқауы ауданның бүкіл ауылшаруашылық құрылымдарына жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғыларды жаңартуға – 284,5 млн. теңге инвестиция тартылды.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары және тұрғындармен 57300 тонна қысқы мал азығын дайындалды. Тапсырмаға шаққанда 86 пайыз.

Далалық жұмыстарды жүргізуге 2414 тонна арзандатылған дизелді жанармай бөлінді.

Ағымдағы жылы 113,8 мың гектарға жаздық дақылдар егу егілді. Картоп егістігінің алқабы 762 гектарды, көкөніс алқабы 375 гектарды, майлы дақылдар – 4031 гектарды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда картоп егістігінің алқабы 53,5 гектарға , көкөніс егістігінің алқабы 44,7 гектарға ұлғайды. Соңғы жылдары жер өңдеу сапасы біршама жақсарды. Ағымдағы жылдың егісіне 38,9 мың гектар, оның ішінде 23,9 гектар сүр жер және 14,9 мың гектар сүдігер жер даярланды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 99221 гектар егістік алқап орылып, 37569 тонна дән бастырылды, гектарынан жиналған орташа өнім 3,8 ц/га. 754,5 гектар алқаптан 6539 тонна картоп жиналды, өнімділігі 86,7 ц/га. 352,3 гектар алқаптан 4697 тонна көкөніс өнімі жиналды, өнімділігі 133 ц/га.

Аудан бойынша келесі жылға астық дақылдарын егуге 115,0 мың гектар алқап жоспарлануда, бұл шараға 13320 тонна тұқым қажет. Егістік үшін 9528 тонна бастырылды, оның 6200 тоннасы тексерілді немесе 65,1 пайызы.



Кәсіпкерлік


2012 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 601 бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,4 пайызды құрайды. Оның ішінде 39 заңды тұлға, 562 жеке кәсіпкер, оның ішінде 165 шаруа қожалығы.

Санының азаюы былтырғы жылдан басталып отыр және ол жұмыс жасамайтын бизнес субъектілерімен жүргізілген жандандыру жұмыстарының нәтижесінде, олардың есептен шығарылуына байланысты. Жыл басынан бастап 4 ЖШС, 12 шаруа қожалығы және 75 жеке кәсіпкер, барлығы – 91 субъекті жабылған. Қайта тіркелгені – 75, оның ішінде: 1 ЖШС, 5 шаруа қожалығы және 69 жеке кәсіпкер.

Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің саны 4079 адамды құрады немесе өткен жылға шаққанда 98,5 пайыз.

Есепті кезеңде бизнес субьектілерімен өндірілген өнім көлемі (атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) өткен жылмен салыстырғанда 102,0 пайызға өсіп 4659,7 млн. теңгені құрады.

Жыл басынан бері 13 бизнестің жаңа обьектілері ашылды. Олардың арасында 3 сауда орны, фотоателье, шаштараз, жерлеу рәсімдерін көрсету бойынша пунктті атап айтуға болады. Бизнес субъектілермен барлығы 80 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Аудан бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділік көрсеткіші 73,3 пайызды құрайды.

Жыл басынан бастап, ауданның бизнес субъектілерімен алынған несие қорының жалпы көлемі 238,5 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде: «Үміт» несие бірлестігі арқылы – 131,1 млн.теңге, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры арқылы – 34,0 млн.теңге, «Ақтөбе-Ауыл-Шағын несие» шағын несие ұйымдары арқылы – 42,8 млн.теңге және «Болыс» ШНҰ – 1,1 млн. теңге, екінші деңгейлі банктер арқылы – 29,5 млн. теңге несие алынған.

«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 7 өтініш Үйлестіру Кеңесінің оң шешімін алды, оның екеуі инфрақұрылым құрылысына , төртеуі несие бойынша пайыздық көлемді қаржылай демеу, бірі кепілдеме.



Салықтар

Бюджетке жиналған салықтар мен төлемдердің жалпы көлемі -404,6 млн. теңгені құрады, жоспар бойынша 314,7 млн. теңге болатын немесе жоспарға шаққанда 128,6 пайызы.

Аудандық бюджетке түсетін табыс жоспары 128,6 пайызға орындалды, жоспар бойынша 249,3 млн. теңге болатын, нақ түскені 320,6 млн. теңге.

2012 жылдың 1 қазанға бюджетке түспеген қарызы 1,2 есеге азайып, 1,0 млн. теңгені құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспары 98,5 пайызға орындалды, 2011 жылдың 1 қазанында 99,9 пайызға орындалған болатын.

Аудан бойынша жалпы игерілмеген қаражат – 26,3 млн. теңге. Игерілмеген қаражаттың ең көп мөлшері аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің үлесінде 22,9млн. теңге (81,3 пайыз), Желтау селолық округінің әкімі – 1,4 млн. теңге (90,8 пайыз).


Негізгі капиталға салынған инвестиция


2012 жылдың 9 айы ішінде аудан бойынша негізгі капиталға 1305,1 млн. теңге инвестиция салынды, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 72,7 пайыз.
Құрылыс

Есепті жылға республикалық бюджеттен коммуналдық жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысына 22824,0 мың теңге қаражат бөлінді. Қосестек ауылында 2 бірпәтерлік және Велиховка ауылында 2 бірпәтерлік коммуналдық жалдамалы тұрғын үй құрылысы бойынша 20194,7 мың теңгеге «Актюбспецстроймонтаж» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, игерілген қаражат сомасы – 12942,5 мың теңге.

Желтау селолық округінің әлеуметтік нысандарының қазандықтарын қайта құру құрылысына 38700,0 мың теңге бөлініп, аталған нысандар бойынша қаражат толық игерілді.

Инженерлік-инфрақұрылымдарды дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен *- 34022,0 мың теңге мына нысандар бойынша бөлінді:

-Қосестек және Велиховка ауылындағы коммуналдық жалдамалы тұрғын үйлерді абаттандыруға (30 пайыз алдын-ала төлем);

-Бадамша-2 ауылындағы ұзындығы 5,1 шақырымдық ВЛ – 6кВ және 0,4 кВ электржелісін қайта жаңарту құрылысын жүргізуге 19,3 млн. теңге бөлінді;

-Суқұбыры желілерін жаңартуға мемлекеттік сараптама жүргізуге және ЖСҚ даярлауға 1,2 млн. теңге.

Сумен жабдықтау және сумен бұру жүйесін дамытуға облыстық бюджеттен – 38695,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңда Ащылысай ауылындағы суқұбыры желілерін қайта жаңартуға «АктобеКапРемСтрой» ЖШС-мен 26144,3 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Игерілген қаражат 5591,2 мың теңге құрайды. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту – 2020» Бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға республикалық бюджеттен 4000,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаражаттар Петропавловка ауылында салынып жатқан дәріхана ғимаратының инженерлік желілері құрылысына және Қосестек ауылындағы Нұрбұлақ тамақтандыру мекенінің электр желісі құрылысына мемлекеттік сараптама жүргізуге, ЖСҚ әзірлеуге бағытталды.

Бадамша ауылына 150 орындық мектеп құрылысын салуға облыстық бюджеттен 201,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Уақыттың тығыздығына байланысты аталған нысан келесі жылға қалдырылды. Бөлінген қаражаттың 116,0 млн. теңгесі бюджетке қайтарылды.

Жеке тұрғын үй бойынша жылдық тапсырма 2800 шаршы метрді құрайды. Ағымдағы жылдың 1 қазанына жалпы ауданы 1587 ш/м болатын 15 жеке тұрғы үй пайдалануға тапсырылды. Тапсырманың орындалу көрсеткіші 56,7 пайыз.

Тұрғын-үй коммунальдық шаруашылығы, көлік жолдары

Ауданның өндірістік және әлеуметтік нысандарынжылыту маусымындағы жұмыстарға сапалы және уақытылы дайындау үшін келесідей жұмыстар жүргізілді:



  1. «Бадамша-Сервис» КМК су жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етуге 4500,0 мың теңге бөлініп, оның 1 млн. теңгесіне № 3 көтерілімде ЭЦВ 8-25-100 маркалы тереңдік сорғысы және Ø 80 мм есептегіш құрылғысы ауыстырылды. Қазіргі уақытта резервуарларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, «Бадамша-Сервис» КМК бойынша тұтынылған электрқуатының бастапқы тарифпен салыстырғандағы айырмасына 6587,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп жәнеде электрқуаты үшін берешек сомасы өтелді;

  2. «Бадамша-Сервис» КМК жылу желілерінің үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге 10810,0 мың теңге бөлініп, оның 1700,0 мың теңгесіне Үкібаев (Мира) көшесі 42 үйдің ұзындығы 180 метр Ø 100 мм және Әбілқайырхан көшесі 16 үйдің ұзындығы 100 метр жылу желілеріне бөлшектеу (Демонтаж) жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қоректендіру сорғысы тексеруден өткізіліп, көлемі 25 текше метр құрайтын 2 дана суқоры ыдысы қақтан тазартылды. Қазіргі уақытта барлық қазандықтарды қақтан тазарту, түтін мұржаларды ауыстыру және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  3. Көмір отынын сатып алу және жеткізу үшін тауар биржасы тәсілі арқылы «Алма-Пласт GROUP» ЖШС-мен аудандағы білім беру нысандары бойынша жалпы сомасы - 32747,0 мың теңгеге (3274,7 тонна), мәдениет нысандары бойынша жалпы сомасы - 3113,0 мың теңгеге (161,7 тонна) және 3 селолық округ бойынша жалпы сомасы - 476,0 мың теңгеге (47,6 тонна) келісім - шарт жасалынды. Барлық бюджеттік мекемелердің көмір отынын сатып алуына алдын ала 30 пайыз төлем жасалынды. Жеткізу мерзімі - 2012 жылдың 15 қыркүйегіне дейін. Сондай-ақ сұйық отын сатып алу бойынша «Кроун Плюс» ЖШС-мен аудандағы білім беру нысандары бойынша 23809,0 мың теңгеге (164,2 тонна) және мәдениет нысандары бойынша 9294,5 мың теңгеге (64,1 тонна) келісім - шарт жасалынды. Отын түсіретін және сақтайтын қоймалар дайын.

4. Қос-Естек ауылының өзен арнасын тазалауға облыстық бюджеттен 12010,0 мың теңге бөлінді. Аталған жоба бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Аудандық маңыздағы автожолдарын ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 12830,0 мың теңге бөлінді. Аудандық маңыздағы автожолдарын ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алудың нәтижесінде 2012 жылға «Березовка» шаруа қожалығы жеңімпаз атанып, 10030,0 мың теңгеге келісім шарт жасалынды. Қазіргі уақытта шөп қырқу және өртке қарсы жер жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ақтөбе-Орск» автожолының Ащылысай (Григорьевка) селосы бағыты 0-40 шақырымындағы су өткізу құбырын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 40600,0 мың теңге бөлініп, ағымдағы жылдың 20 маусымында мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша «Агрофирма Коквест» ЖШС-мен 39, 310 мың теңгеге келісім шарт жасалынды. Қазіргі уақытта кесте бойынша материалдарды жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жылыту маусымына дайындығына облыстық бюджеттен барлығы – 57 706,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:



  • Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы жылу желілерін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге- 6755,0 мың теңге, құрылыс монтаж жұмыстарына 23186,0 мың теңге, игерілгені 9724,0 мың теңге;

  • Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы орталық және кіші қазандықтарды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін- 3655,0 мың теңге, жобалық-сметалық құжаттамасын "Инженерное проектирование" ЖШС әзірледі.

  • Қарғалы ауданы Бадамша селосындағы магистральды су тартқыштың электрмен жабдықтауға - 9110,0 мың теңге бөлінді. Мамыр айының соңында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге хабарландыру орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Игерілгені 2712,0 мың теңге;

  • Қарғалы ауданы Бадамша ауылы 2012-2013 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына -15000,0 мың теңге бөлініп, «Бадамша-Сервис» КМК-мен шарт жасалынды. Бөлінген қаражаттарға сәйкес іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 12 тонна құбыр, 2 церкуляциялық және 2 күшейтілген сорғы сатып алынды. Рудный және Абай көшелеріндегі көпқабатты үйлердің жылу жүйелері алмастырылды. Осындай жұмыстар қазіргі сәтте Әйтеке би көшесінде жүргізіліп жатыр.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау


2012 жылдың 9 айында 20 жұмыссыз тіркелді, яғни 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 адамға азайған. Байқалған жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейде қалып отыр.

Есепті кезеңде 357 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 2012 жылғы жоспарға шаққанда 119,0 пайыз. Жаңадан құрылған және бос жұмыс орындарына 764 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналастыру деңгейі, жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша жолыққандарға шаққанда 83,9 пайызды құрады.

Жыл басынан бері қоғамдық ақылы жұмыстарға 371 жұмыссыз жіберілді немесе жылдық жоспардың 106,0 пайызы.

Жастар практикасына жыл басынан бері оқу орындарының 82 түлегі жолданды, олардан 48 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды.

Кедей және табысы аз отбасылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 1 отбасыға азайды, яғни ағымдағы жылдың 9 айы ішінде құрамында 7 адамы бар, кедей және табысы аз 2 отбасы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3 отбасы болатын.

Ағымдағы жылдың 9 айында 7 азаматқа 65,3 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді. Мемлекеттік балалар жәрдемақысымен 543 бала қамтылып, 5,3 млн. теңге төленді.

Биыл жыл басынан бері 1068 отбасыға 10,9 млн. теңгенің тұрғын үй көмегі көрсетілді.
Білім беру

Білім саласында 21 жалпы білім беретін мектеп, 3 мектептен тыс ұйымдар (Балалар саз мектебі, Оқушылар Үйі, Көркемсурет мектебі) және балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызмет істейді. Ауданда 6 бала бақша, 4 мектеп – бала бақша және мектеп жанынан 12 шағын орталықтар бар.

Ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған баланының жалпы саны 1149 құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен балаларды қамтамасыз ету 97,1 пайызды құрайды. (2011 жылы бұл көрсеткіш - 97 пайызды көрсеткен.)

2012 жылы білім беру саласының 5 нысандарын күрделі жөңдеу жүргізуге жалпы сомасы – 152,9 млн. теңгеге жоспарлануды: Петропавл ОМ, Ащылысай ОМ бала-бақшасы, Қос-Естек ОМ, «Бөбек» бала бақшасы, Бородинов ОМ бала-бақшасы.

Білім нысандарын ағымдық жөндеуге ауданның 21 мектебіне жалпы сомасы – 14,9 млн. теңге қаражат игерілді.

2012 жылдың 9 айы бойынша бюджеттен материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 1,7 млн. теңге қаражаттар бөлінді. Петропавлов орта мектебіне генератор, №1, №2 Бадамша орта мектептеріне сейф, факс, шкаф, Пацаев атындағы орта мектепке жазғы лагерь үшін шатыр, сорғысымен электрқозғалтқыш, Краснополяна орта мектебіне сорғы сатып алынды.

Аудан бойынша барлығы 181 түлек мектеп бітірді. Ұлттық Біріңғай Тестілеуге – 10 орта мектептен 102 оқушы немесе 56,4% қатысты, оның ішінде қазақ тілді білім алушылар - 46 (59,7%) , орыс тілді білім алушылар -56 (53,8%). Аттестация қорытындысы бойынша денсаулығының жарамсыздығына байланысты – 4 оқушы босатылды, 75 оқушы мектепте мемлекеттік емтихан тапсырды.

Аудан бойынша орташа балл тұтастай алғанда 2012 жылы 72,7 баллды құрады. 2011 жылғы тестілеу нәтижесімен (83,8 балл) салыстырғанда 11,1 баллға төмендегенін атап өту қажет.

Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 1-10 сынып оқушыларының жалпы контингенті 2085 оқушыны құрайды.

Жоспар-тапсырмаға сәйкес, барлық контингенттің ағымдағы жылы сауықтыру және демалыспен 1710 баланы немесе 75 пайызын қамтамасыз етілді.

Жазғы каникул кезеңінде 4 ауысымда 16 мектеп жанындағы лагерлерде тамақпен қамту 726 баланы құрады. (№1 Бадамша орта мектебі, №2 Бадамша орта мектебі, Ащылысай орта мектебі - бала бақшасы, Әлімбет орта мектебі – бала бақшасы, Сазды орта мектебі, Бородиновка орта мектебі, Жосалы орта мектебі, Қос-Естек орта мектебі, Пацаев орта мектебі, Петропавл орта мектебі, Краснополян орта мектебі, Велиховка негізгі мектебі, Херсон негізгі мектебі, Приозерный негізгі мектебі, Қызыл – Флот негізгі мектебі, Мамыт негізгі мектебі) олардың ішінен аз қамтылған отбасылардағы балалардың 55 пайызын, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 43 баланы (98 пайыз) қамтылды.

Лагерлік жұмыстарда тәжірибе алмасу мақсатында 11 тәрбиеші облыстық семинарларда дәріс алды. Мектептердегі жазғы демалыс лагерлерін ұйымдастыруға жауапты тұлғалар мен мектеп жанындағы лагерлер басшылары үшін өртке қарсы қызмет, аудандық СЭС – пен бірлескен аудандық семинар өткізілді.

2012 жылдың жазғы каникул кезеңіндегі балалардың тынығуын, сауығуын ұйымдастыруға 4,6 млн. теңге қаражат жұмсалды, оның ішінде «Всеобуч» қоры бойынша сауықтыруға 1,9 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың жазғы айларындағы демалыста балаларды іспен қатамасыз ету үшін 566,7 мың теңге сомасына кеңсе тауарлары, шатырлар, спорт товарлары және ойыншықтар сатып алынды.
Денсаулық сақтау

Аудан тұрғындарына дәрігерлік-профилактикалық көмекті 90 орындық аудандық орталық емханамен біріктірілген 1 аурухана, 7 селолық дәрігерлік амбулатория, 11 медпункт көрсетеді. Тұрғындарға қызмет көрсететін дәрігерлер саны – 42 және орта медбикелер саны - 109.

Есепті кезеңде туу көрсеткіштері жақсарып, өлім көрсеткіштері азайды.

Сондай-ақ туберкулез ауруының көрсеткіштерінің азайғаны байқалады. Туберкулезбен науқастанғандар саны 2012 жылдың 9 айында 100,0 мың тұрғынға шаққанда 30,1 - пайыз (5 адам), 2011 жылдың сәйкес кезеңінде 42,1 пайыз (7 адам).

Өткен жылмен салыстырғанда сәбилер өлімі 1,5 есеге азайған. 2012 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша 2 оқиға тіркелген. Ал 2011 жылдың 1 қазанында 3 оқиға тіркелген болатын.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Қосестек селосында дәрігерлік амбулатория салу құрылысы басталды. Желтау селолық округінде Петропавловка және Ш.Қалдаяқов ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары газдандырылып, жылыту жүйелері электрден газге көшірілді.



Мәдениет

Ауданда 31 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде 18 кітапхана, 12 клуб және 1 музей.

Ағымдағы жылдың 9 айында мәдени-бұқаралық 1057 іс-шара өткізілді. Көрсетілген ақылы қызметтердің сомасы 623,0 мың теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы мәдениет нысандары бойынша жөндеу жұмыстарына қаражат жоспарланбаған.

Кітапхана жүйесі бойынша кітап қоры – 213171 дананы құрайды, кітап оқушылар саны – 8770 адам, кітап таралуы – 147271 дана.

«Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасы» ММ-нің қолдауымен Бадамша селосында «Тілдерді оқыту» орталығы ашылды. Орталық қажетті оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта орталықта ауданның мекеме, кәсіпорын, ұйымдарынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан 71 адам тіл үйреніп жатыр.

Келесі жылдан бастап ағылшын тілін оқытуға тағы да 1 топ жасақтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Спорт

Дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану үшін ауданда 62 спорт нысандары мен спорт қондырғылары қызмет көрсетеді.

Спортпен айналысатындар саны аудан бойынша 3641 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санынан 22,0 пайызды құрайды.

Жыл басынан бері бірқатар спорттық іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда тұрғындардың басым көпшілігі қатысқан Степной селосында өткен аудандық жазғы спартакиада, облыста өткен жазғы президенттік көпсайысы (аудан спортшылары жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды) чемпионаты. «Денсаулық – 2012 фестивалының республикалық акциясы, оған 2053 адам қатысты. ҚР мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арнап «Я, ты, он, она – мы спортивная семья» өткізілді. Ұлттық спорттық ойындардың облыстық спартакиадасында біздің ауданның командасы жүлделі орынға ие болды. Киіз үй тігу конкурсында бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ жергілікті масштабтағы келесідей әртүрлі спорттық іс-шаралар өткізілді:

-шаңғы тебуден спорт ардагерлері, мектеп оқушылары, ауыл жастары арасындағы жарыс;

-интернационалист-жауынгерлердің құрметіне арналған шаңғы жарысы;

-волейбол бойынша қыздар арасындағы және халықаралық әйел-қыздар күніне арналған «Мерген ару» конкурсы;



-ересек тұрғындар мен жастар және мектеп оқушылары арасында президенттік тест тапсыру.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет