Арыс қаласы «Айгөлек» бала бақшасының тәрбиешісі Қамбарова Хализа



Дата01.07.2016
өлшемі38.28 Kb.
#169637
Арыс қаласы

«Айгөлек» бала бақшасының тәрбиешісі

Қамбарова Хализа

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты: Балалардың сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту, ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Балалар, алдымен қонақтарға сәлем беріп, амандасып алайық

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Тәрбиеші: Балалар бәрің маған қараңдаршы. Барлығың қандай әдемі болып кеткенсіңдер.


Қонақтармен амандасу.
Бізге келген қонақтар қандай балалар.
Балалар: Сұлу, әдемі, әсем тағы басқа
Психологиялық дайындық: Балалар бір бірімен ойыншықты беру арқылы «Амансың ба?»тағы. басқа амандасады.
«Көбелекті ұста» ойынын ойнайық. Ойынның шарты сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады. Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.


Тарбиеші:Қазір жылдың қай мезгілі?


- Күзде құстар қайда ұшып кетеді?


- Кім күз туралы тақпақ білесіңдер?

Алмас
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Мадина


Құстар қайтты қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп гүл солды

Қараша ызғары басталды.


Тарбиеші:- Балалар, сендер балабақшада, үйде не істейсіңдер?
Балалар:- Ойнаймыз
Тарбиеші:- Немен ойнайсыңдар?
Балалар:- Ойыншықпен ойнаймыз.


Тарбиеші:- Қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар көп екен.

Мұндай түрлі ойыншықтар бізге ойнау үшін керек. Қане, мына ойыншықты ұстап көрейікші, қандай екен.


Балалар:- Жұмсақ
Тарбиеші:- Ойыншықтарды ұстап сипап көру арқылы біз олардың қандай екенін білеміз. Ойыншықтар қатты пластмассадан, бостау резинадан, жұмсақ мақтадан жасалады.

Олар үлкендердің еңбегімен жасалады. Сондықтан оларды ұқыпты ұстау керек.

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Балалар: Сәлеметсіз бе сиқыршы
Сиқыршы: Балалар сендердің аттарың кім?
Балалар аттарын айтады.
Сиқыршы: Айдын сенің жасың нешеде?
Балалардың жауабы: үште.
Сиқыршы: Ой, қандай жақсы балалар.Апай мен керемет сиқыршымын ғой. Мен жүрген жердіңбәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға бір керемет көрсетіпберейін бе?
Тәрбиеші: Балалар сиқыршының кереметін көрейік пе?Балалар: иә, көрейікші.
Тәрбиеші: Олай болса, көрсет өнеріңді сиқыршы
Сиқыршы: Ол үшін балалар маған өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы тақпақ айтып берерсің?
Тарбиеші: Балауса сенің сүйікті ойыншығын қандай?
Балауса: Менің сүйікті ойыншығым

Қуыршақ

Сиқыршы: Олай болса (дорбаны айналдырып, сиқырлы сөздер айтады.) Қуыршақ шығады. Тақпағын айтады.
Сөйлемейсің сен неге,
Тілің жоқ па, қуыршақ
Жуынбайсың сен неге?
Кірің жоқ па, қуыршақ
Аяғың бар неге сен,
Жүре алмайсың, қуыршақ.
Мұхит: Менің сүйікті ойыншығым доп. Сиқыршы тағы сөздер айтып, доп сиқырлы дорбамның ішінде бар ма екен?
Доп шығады.


Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап
Алға сырғып жүгірдің
Шатырға сен секірдің?
Тәрбиеші:Ахмет сенің сүйікті ойыншығын қандай?

Машина
Сиқыршы: жарайды, дорбамда бар ма екен, қарайын (сиқырлы сөздерін айтады.)


Тарбиеші: Машина туралы тақпағыңды айта ғой.
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Тарбиеші: Жарайсыңдар, балалар енді күлдіргенмен бірге ойын ойнайық. Күлдірген сиқырлы дорбаңда тағы ойыншықтар бар ма?
Сиқыршы: Иә
Ойын. «»Шарты: Балалар дорбад
Сиқыршы Балалар кім ойыншықтар туралы санамақ айтқысы кеп тұр?
Слайдтан. Еркебұлан:
Бақшаға жақсы аға,
Көп-көп ойыншық әкелді.ан ойыншықты алып сипаттайды.
Олар: 1 балық, 1аю, 1үйрек, 1түлкі, 1бүркіт.


Шатасып қалма бірақ та
Бақшаға жақсы аға
Қанша ойыншық әкелді?

Сиқыршы: Рахмет. Ойыншықтар туралы көп біледі екенсіңдер, балалар. Сау боп тұрыңдар!


Балалар: Сау болыңыз!
Ойын:
Тарбиеші: Балалар, бүгін нелер туралы айттық?
Балалар: Ойыншықтар
Тарбиеші: Өте жақсы
Балалар: Кім ойыншық туралы тақпақ айтқысы кеп тұр?
Рамазан:

Ойыншықтар қандай әдемі,


Қызыл, сары, қоңыр, көк
Түрлі-түрлі түстері
Көз тартады өздері
Аяла
Іші толған бөлменің
Ойыншығым мол менің
Босқа тізіп қоймаймын,
Достарыммен ойнаймын.

Мадақтау. Бүгінгі сабағымызға балалардың барлығы жақсы қатысты.


Тарбиеші: Өте жақсы балалар, енді орнымыздан тұрып, қол ұстасып, бір біріміздің жылуымызды сезініп, бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып, қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Сау болыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет