Қаржаубай Сартқожаұлы туралы



жүктеу 83.24 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі83.24 Kb.
Қаржаубай Сартқожаұлы туралы.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түркітану және алтайтану орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор, «Күлтегін» сыйлығының иегері.


Кеңес одағы ыдырағаннан кейін түркітану ғылымы тоқырауға ұшырай бастады. Осы саланың ғалымдары жаңа кезеңді бастан кешіріп жатты. Қазақстана астанасын Ақмолаға көшіруге бастамашыл болған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Еуразиялық Одақ идеясының аясында түркітану ғылымына айрықша назар аударды. Астанаға «Күлтегін» ескерткішінің ғылыми көшірмесі алынды. Саланың көкейкесті мәселелерін қатыстырып, оны жүйелеу мақсатында 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да алғаш рет «Түркі эпиграфиясы» бөлімі жұмыс жасай бастады. Бөлім Монголия Республикасынан арнайы шақырылған белгілі түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының басқаруына берілді. Кейін бұл бөлім нығайып, «Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығына» айналды.

Өткен 10 жыл ішінде Орталық көне замандардан ХVІ ғасырға дейінгі түркі халықтарына ортақ Еуразия құрлығындағы жазба деректерді іздестіру, жинау, ғылыми айналымға еңгізу жұмыстарымен айналысты. Университет басшылығының ұйытқы болуымен Қ.Сартқожаұлы басқарған ғылыми топ мынадай іргелі жұмыстар атқарды:



  1. Тұңғыш рет түркі этносының «Жазу тарихы музейі» ашылды «М.Жолдасбековтың ұйытқы болуымен». 2004 жылға дейін мұндай мұражай болмаған еді. Бұл мұражай 3000 жылдық түркі халықтары жазу-сызу өнерінің тарихын айғақтайды.

  2. Ерте орта ғасырдағы түрік тілдік және тарихи жәдігерліктерінің қайталанбас мұралары Күлтегін, Елтеріс, Құтлұғ қағандардың бас мүсіндерінің көшірмелері жасалынып, аталған мұражайға қойылды.

  3. «Күлтегін» атты тарихи-деректі фильм түсіріліп, халыққа жеткізілді.

  4. Моңголия Республикасына, мәрте, Оңтүстік Сібірге (Алтай, Тува, Хакасия) 2 мәрте, Орталық және Батыс Қытайға 2 мәрте экспедиция жасақталып, ғылымға белгілі-белгісіз 600-ге жуық түрік руни жәдігерліктері мен 200-ге жуық көне ұйғыр графикасымен жазылған деректер орталық қорына жинақталды.

  5. Орта ғасырдың классикалық жәдігерлері – М.Қашқари сөздігі, «Қутағу білік», «әл адап сөздігі», қыпшақ тіл материалдары т.б. орталық қорына қосылды.

  6. Экспедиция нәтижесінде Қ.Сартқожаұлының 150-ге жуық ғылыми мақаласы жарық көрді және мынандай іргелі еңбектері ғылыми айналымға енді.

  • «Объединенный каганат тюрков (в 744-760г)» Астана, 2002г. (15 п.л.);

  • «Орхон мұралары» Астана, 2003ж. (30 б.т.);

  • «Орхон ескерткіштерінің толық атласы». І том. (М.Жолдасбековпен бірге). Астана, 2005 ж. (60 б.т.):

  • «Атлас Орхонских памятников» (в соатворства М.Жолдасбековым). Астана, 2007 г. (60п.л.);

  • «Байырғы түрік жазуының генезисі». Астана, 2007 ж. (21 б.т.);

  • Осы еңбектің толықтырылып екінші басылымы. Павлодар 2010 ж. (21 б.т.):

  • «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» ІІ том. Астана 2011 ж. (баспада 60 б.т.).

Университет ректорының тікелей атсалысуы нәтижесінде 2010-2011 оқу жылы Түрология кафедрасы ашылып, бакалавриат мен магистратура, доктарантура бағдарламалары жүзеге аса бастады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – түркология саласы бойынша бірден-бір жетекші оқу орнына айналып отыр.
Жазу тарихына байланысты ақпараттар.
Жазу – адамзаттық ақыл-ой парасатының жемісі, адамның сәби санасын тербетіп, өркениетке тәрбиелеген ой ұйытқысы. Ол кеңістіктер мен уақыт арасындағы иылсымдарды байланыстырды. Сол арқылы дүниетаным мен тарих тәжірибелері жинақталып, рухани мәдени құндылыққа айналды. Егерде жазу өнері дүниеге келмесе, онда адамзат тарихы мүлдем басқаша жолмен дамыр еді. Тастағы таңбалардан бастап бүгінгі қалыптасқан әріп үлгісіне дейін жазу тарихы төрт түрлі (пиктографиялық, идеографиялық, буындық және әріптік-дыбыстық) даму дәуірінен өтті. Бұл – адамның ойлау мен сөйлеу қабілетін байланыстырды, сөздік қорын молайтып, тектік тіл жүйесін қалыптастырды.

Адамзаттың даму тарихындағы көшпелілер өркениетін қалыптастырып, «мәңгілік ел» идеясын ұсынған, қазір өзара тамырлас 33 тілде 30-дан астам диалектіде сөйлейтін түбі бір түркі жұрты да өзінің әлмисақтан бергі тарихында 16 жазу үлгісін қолоданды.



  1. Фразограммалық шолу.

Түркі этносының төл туындысы байырғы түрік бітігтің бастау қайнары б.з.б. 20-15 мың жыл бұрын тас бетіне жазылып бізге жеткен петроглифтен басталады. Пиктографиялық бұл идеограммалар Еуразия құрлығында мол сақталған. Соның бірі Солтүстік Алтай жотасының Хойт-Ценхер үңгірінен табылған суреттер. (А.П.Окладников. Цетнтральноазиатский очак бервобытного искусство.// ВАН. 1967, №1. – 108стр.) Бұл идеограммаларды жазу тарихында фразограммалық жазулар деп атайды.

Б.з.б. 14-10 мың жыл бұрын тасқа қашалып сақталған. Аршан-хад таңбалары (Э.А.Новоградова. Аршан-хад древнейший памятник изобразительного искусства Восточный монголий // История и культуры Центральной Азии. 1983 с., 306 – 310) болмақ.



  1. Логограммалық жазу.

Осы фразограммалық жазудан бас алған түркі халқының бітік (руника)жазуы өзінің даму тарихының келесі кезеңдерінде логограммалық, буындық (3. Буындық жазу) және фонограммалық жазу (4. Фонограммалық жазу (Түрік бітік)) кезеңдерін басып өтіп б.з. 552 -580 жылдар аралығында байырғы түрік бітігі (руника) жазуының грамматикалық ережесін жасап, ежелгі түрік бітігке реформа жасаған екен. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. Астана, 2007. – 93-153 беттер).

Байырғы түрік бітіг әлемдегі бүгінгі 250 -300 миллион түркілердің ата-бабасының өздері жасап шығарған бірден – бір төл жазуы – төл туындысы. Бұл жазуға жаттық пиғылы, ой-санасы (мышление) кіріспеген таза түркілік туынды. Байырғы түрік әліпбиі буындық кезеңнен кейінгі фонограммалық кезеңнен бастап нағыз әліпбилік жазуға ұласқан. Әліпбилік жазу үлгісіне ауысқан. Бұл б.з.б. ІV-ІІ ғ.ғ. аралығы. Осы кезеңнен алып қарасақ б.з. Х ғасырына дейін 1200 – 1400 жыл қолданыста болған. Б.з. ІХ – ғасырынан кейін соғды, соғдыдан бас алған ұйғыр жазуын Х ғасырдан бастап арап әліпбиіне көше бастады. Соғдыдан кейінгі бүгінге дейін пайдаланып келген жазуларымыз түркі емес, жаттық санасымен жасалған өгей әліпбилер.

Байырғы түрік бітігінің ғылыми жүйесін 1400 жылдан соң А.Байтұрсынов жаңғыртып арап графикалы қазақ (төте) әліпбиге еңгізді.

5. Қытай иероглифін дипломатиялық қатынаста б.з. VІІ – VІІІ ғғ. дәуірінде дипломатиялық тұрғыда қолданған. Оның тарихи дерегі Орда – балық қаласындағы үш тілді ұстындағы қытай мәтіні, Қара-ғол (Қара өзен) ұстыны т.т.с.с. тарихи мұраларды айтуға болады. 6. Брохим жазуын байырғы түріктер ІУ-УІ ғғ. Дәуірінде дипломатиялық тұрғыда қолданған.

6. Брохим жазуын байырғы түріктер ІV – VІ ғғ. дәуірнде дипломатиялық тұрғыда қолданған күйіс толғай (Кіндік төбе) ұстыны, Бұғыты, Орда-балық ұстынындағы мәтіндер соның бұлтартпас дәлелдері.

7. Соғды жазуын түркілер тағы да сол халықаралық деңгейде, дипломатиялық тұрғыда б.з. VІ- VІІІ ғ.ғ. қолданған. Соғды тілінің (парсы) көптеген діни уағыз кітаптарды аударған. Дерегі: Орда-балық ескерткіші және Бұғыты ұстыны.

8. Ұйғыр жазуы. Соғды жазуының бірнеше әріптерін, жазудың жазу бағыттарын өзгертіп, Тоғыз-оғыз (керей), Сегіз-оғыз (найман) тайпалары біріккен түрік қағанат дәуірінде (б.з. 789 жылдан) Ұйғыржын-соғды әліпбиін түркілер б.з. VІІІ-Х VІІ ғ.ғ. аралығын пайдаланған ұстын тастан бастап жүздеген кітаптарды өмірге әкелді. Атақты Құтадғу білік (Жүсіп Баласағұн) атты еңбектердің бір нұсқасы «Алтын жазық», «Бал ашу кітабы» сияқты еңбектер Ұйғыржын-соғды жазуымен сақталған.

9. Манихей жазуы. Бұл әліпбиді ту баста Қосөзендік Мани деген адам манихей дінін өмірге келтірген кезден бастап қолданысқа енгізген. Б.з. ІІІ ғасырынан Манихей әліпбиі пайда болды. Түркілер ............. б.з. 760-жылдардан бастап еніп б.з. 805-жылдарға дейін қолданыста болды.

10. Манихей әріпімен жазылған кітаптардан аудармалар жасалған.

Манихей әріпін, дінін жасауышылар парсыдан қуылғаннан кейін Египетте аз болып, негізі тұрағын Шығыс Түркістаннан тапқан. Сөйтіп өзінің манихей атты мәдениетін түркілердің ортасында дамытып, түркі әлемінің дүниетанымына айналдырған. Манихей әріпімен әлемге әйгілі «Хаустуанафт» (Покаяннная молитва манихейцев VІІ-VІІ в.в.), «Бөгү-қаған жазбасы» (VІІІ ғ.), байырғы түркі өлеңдер циклі (т.т. ІІІ), манихей дінінің трактаттары жазылған.

11. - Араб әліпбиі.

- Куфиліккітаби жазу үлгісі ІХғ.

- Қазіргі заманғы араб жазуы

(Құранның бірінші сүресі).

***

Араб әліпбиі ислам дініне дейін қалыптасып үлгерген. Араб жазуының бірнеше түрі болған. Оның бірі – геометриялық куфилік жазу (месоптоманың Куфа қаласының атымен аталған). Байырғы ескерткіштер мен ақшаларға ХІІ ғасырға дейін пайдаланған. Құранға осы куфи жазуын пайдаланған. Екінші түрін «насх» деп атаған. Бұл бүгінгі кітаби араб жазуының шрифтісі.



12. Сириялық әліпбиі. Б.з. V-ХV ғ.ғ.

Ең алғаш христиандық әдебиеттерге сирия жазуының «экстрангел» деп аталатын вариантын V ғасырдан пайдалана бастаған.

Фарс империясының несторияндық сектасын тұтынушы шығыс сириялықтар сирия жазуының несторион вариантын, батыс сириялықтар «серито

Деп аталатын және бір вариантын пайдаланды. Бұл жазулармен христиан дінінің уағыздарын, Талас бойындағы құлыптастардың эпитафиясын жазып қалдырған.

13. Қидан жазуы. Б.з. ІХ-Х ғ.ғ. байырғы түркі руникалық мәтіндерде «қытай» деген атпен ХІ-ХІІ ғасырда «Қара қытай» деген атпен белгілі болған қытй деректерінде «Лао» деп аталған маңғол тектес халық. Қидандарда «үлкен» немесе қытай иероглифі, «кіші» немесе қиданның ұлттық иероглифі болған. Осы кіші жазумен мыңдаған шежіре, кіаптар, деректер, ескерткіштер қалған. Өкініштісі, бұл жазудың бұл жазудың бүгінге дейін кілті табылған жоқ.

14. Моңғол жазуы (ХІІІ-ХХІ), жоғарыдан төмен қарай жазылады.

Шыңғыс ханның қолына тұтқынға түскен найман мемлекетінің Таян-ханының хатшысы Тататуңға қағанның бұйрығымен ұйғыр әріпінің негізінде моңғол жазуын жасап шығарған. Бұл жазумен «Құпия шежіре», «Алтын шежіре», «Қазыналар қоры», «Ганжурдың» 105 томы, «Данжурдың» 215 томы сияқты ғылыми еңбектер жазылған. Монғол жазуының негізінде ойраттар – «Тот» (анық), манжур ханы Нұрхаштың бұйрығымен Дахай деген оқымысты 1632 жылы «манжу» жазуын өмірге әкелген.

15. Армян жазуы (V ғ.). Солдан оңға қарай жазылатын аршакид (пехлеви) әріпінің негізінде жасалған. Оның жазбша және баспаша түрі бар. Түркі-қыпшықтар осы армян жазуын пайдалана отырып, түркі-қыпшақ сөздіктері мен уағыздық әдебиеттерді дүниеге әкелді. Бұл әліпби әлі күнге дейін пайдаланылады.

16. Қазақ әліпбиі. Қазақ жазуы немесе Ахмет Байтұрсынның әліпбиі (ХХ ғ.). қазақ елі ІХ ғасырдан бері қолданып келе жатқан әліпбиінің негізінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негіздеп, оған жаңа әріптік таңбалар қосып (ә, ң, ғ, з, қ, ө, ү, ұ) жасап шыққан. 1912 жылдан бастап қазіргі күнге дейін пайдаланып келеді. ҚХР дағы қазақ халқының рухани дүниесі, әдебиеті, өнері, тарихы, саяси-экономикалық барлық іс-шарада осы әліпбиді қолданады.

17. Латын әліпбиі (1928 - 1940). Қазақ ұлтының он жыл көлеміндегі рухани мұралары осы әріппен жазылады.

18. Криллица. 1990 жылдан бастап Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан қазақтары мәдени-рухани және саяси-әлеуметтік жұмысты осы әліпбимен жүргізеді.

Ескерту: Байырғы түрік бітіктен басқасы жатжұрттықтардың түркі халқына таңған әсері. Бұл жазуларда түріктік психология, түріктік ой-сана (мышление) жоқа тән.

Еңбектері.


«Ата домбыра» «Жалпы тіл білімі және түркі тілдерінің өзекті мәселелері» атты ғылыми жинақта жарық көрді. 2010 жылғы 22 желтоқсан
«Hun doneminden gunumuze ulasan 1500 yillik saz» «Turk dil, tarih, kultur birligi» журналының 2010 жылгы №12 санында.
«Saz Hun mu, Gokturk mu» «Haberiniz.com» басылымында жарияланды. 03.01.2011.
Орхон мәтіндеріндегі кейбір мәліметтерге жаңа түсініктеме // Ötükenden Istanbui`a Türkçenin 1290 yili (720-2010) Sempozyumu 02-05.XII.2010. Istanbul.

«Ақселеу» эссе «Жас Алаш» республикалық газетінде жарық көрді және http://kharjaubay.wordpress.com/ блогында жарияланды.


«Тюркские правители» Кореядағы Қазақстан жылына байланысты жарияланатын мақалалар жинағына prof.dr.Kim Phil-дің тікелей қалауымен берілді
«Байырғы түріктердің Оғыз, Иоллуғ атаулары қақында» «Түрк әлемі: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық симпозиум (28, 29-сәуір) жинағында жарияланады.

«Байырғы түріктердің Оғыз, Иоллуғ атаулары қақында» «Түрк әлемі: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық симпозиум (28, 29-сәуір) жинағында жарияланады.


«Арханан жазуы» Түрі акадкмиясының «Түркі өрукекниеті және тәуелсіз қазақстан» 19-21.05.2011


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет