Қаржы басқармасының 2011 жылғы жұмыс қорытындысы



Дата22.02.2016
өлшемі171.26 Kb.





Қаржы басқармасының 2011 жылғы жұмыс

қорытындысы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаржы органдарына бюджеттердің атқарылуын үйлестіру, бюджеттік есепке алуды, ақшалай қаражат қоғалысының мониторингін жүргізу, толық мемлекеттік есептілікті ұсыну, сондай-ақ, мемлекеттік активтерді басқару бойынша қызметтер бекітілген.

Жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін 10 бөлімнен тұратын қаржы басқармасының құрылымы бекітілді, мемлекеттік қызметшілердің штат саны 42 бірлікті құрайды, олардың орташа жасы 41 жас, мемлекеттік қызметтің орташа өтілі 15,4 жылды құрайды.

Есепті беру кезеңінде 3622 кіріс хат-хабар келіп түсті, оның ішінде: 1063-і заңды және жеке тұлғалардың өтініші, 1029-ы облыс әкімі аппаратының бақылау құжаты. 4992 шығыс құжаты жолданды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары әзірленіп, бекітілді.

2011 жылы бірінші жарты жылдағы қорытынды бойынша облыстың қалалары мен аудандарының стратегиялық жоспарлары көрсеткіштерінің орындалу қортындысы қарастырылды, олар облыс бюджетінің атқарылу қорытындысы жөніндегі ақпаратқа енгізілді.

Желтоқсан айында қалалар мен аудандар қаржы бөлімдерінің стратегиялық жоспарлары қарастырылып, тәртіпке келтірілді.

Қаржы басқармасының өзгерістер енгізілген стратегиялық жоспары ҚР Қаржы министрлігімен келісілді.

2012 жылдан бастап Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер негізінде қалалар мен аудандардың стратегиялық жоспары болмайды, бірақ қаржы басқармасының стратегиялық жоспарында бекітілген көрсеткіштерді қалалар мен аудандардың орындауы одан әрі де бақылауда болады.

Жүктелген қызметтерге сай Қаржы басқармасы өткен жылы орталық және тиісті уәкілеттік органдарға мемлекеттік есептілікті қалыптастыру және уақтылы ұсыну бойынша іс-шараларды іске асырды.

9 бюджеттік бағыт бойынша бекітілген кезеңде мыңнан астам есептер ұсынылды, қазынашылық органдарымен салыстырулар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша басқарма атына ескертулер мен сәйкессіздіктер болған жоқ.

Облыстың бюджеттерін әрбір бекітуден (нақтылаудан) кейін белгіленген мерзімде қаржыландырудың жиынтық жоспарлары әзірленіп, бектілді.

Бюджетті атқару үрдісінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына 1400 өзгерту енгізілді, олар бюджет қаражатын дер кезінде игеруге әсер ететін ұйымдастыру іс-шараларына кіреді.

2011 жылы 10 облыстық әкімші (ауыл шаруашылығы, ішкі саясат, денсаулық сақтау, құырылыс, дене шынықтыру және спорт, энергетика, мәдениет, кәсіпкерлік және өнекәсіп, жолаушы көлігі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары бойынша) меншік кірістер бойынша жоспарды қозғай отырып, ағымдағы айлардағы қаражаттарды кейінгі айларға ауыстыруды жүргізген, осындай жылжыту қаржыландырудың жылдық жоспарын жоспарлаудағы кемшіліктер екенін атап көрсету керек, онда шығыстар төлемдерді, мемлекеттік сатып алуды өткізуді мерзімділіксіз өткізуді жоспарлайды.

Қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тікелей қызметі болып табылады және де қаржы органдарының тарапынан шығыстар ерекшеліктерін қолданған кезде жіберілетін қателердің алдын алу бойынша есепті қалыптастыру сәтіне дейін бақылауды қарастырылмайды. Осы факт қалалар мен аудандарға, бағдарламалар әкімшілеріне жазылған түсіндірмелі хаттарда бірнеше рет көрсетілген болатын.

Қаржы басқармасы жүктелген қызметтерден тыс облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік мекемелер бөлінісінде кассалық шығыстар мен қалдықтар бойынша әзірленген нысанды ұсынады. Бюджетті атқару ережесіне сәйкес осы нысанды қазынашылық орган әкімшілерге айына 1-2 рет ұсынады. Мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар жөніндегі ақпарат әкімшілерді жағдайға әрекет етуді міндеттейді және игерілмеген қаражаттарға жол бермеуде уақтылы шаралар қабылдау мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, жыл бойында бюджетті атқару үрдісінде қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары бюджет заңнамасын бұзуға жол бергенін атап өткен жөн.

Мысалы, бюджет заңнамасын бұзу кірістер бойынша Шемонаиха, Тарбағатай, Үржар аудандарының бюджеттерін нақтылаусыз жылдық жоспарларына өзгерту енгізген, ол жыл соңында нақтыланған және түзетілген бюджеттер арасында ауытқушылыққа әкеп соқты.

Сонымен қатар, Үржар ауданының экономика бөлімінің кінәсінен облыс бюджетінің теңгерімі 0,2 мың теңгеге бұзылды, бюджетті нақтылау кезінде кредиттер бойынша сыйақылар сомасы облыстық әкімшімен келісілмеген және желтоқсан айында аталған соманы басқа бағдарламалар есебінен аурдауға тура келді.

Бюджеттік сыныптаманының кодттарын дұрыс қолданбау мәселесі бар, ол қаражаттарды уақтылы және нысаналы шығыстауға әсер етеді, осындай сәйкессіздіктер:

- Семей, Зырян, Аягөз қалаларында, Жарма, Глубокое, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха аудандарында, онда қызметтерді төлеудің орнына субсидия түрінде шығыстар жүргізілген;

- Көкпекті ауданында республикалық бюджет трансферттері есебінен әлеуметтік көмек бойынша шығыстар жергілікті бюджет коды бойынша көрсетілген;

- Катонқарағай ауданы бойынша ТЭН (техникалық экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша шығыстар бекітілген, сол кезде осы бағдарлама нақтылауға жатпайтын;

- Өскемен қаласының бюджеті бойынша шұғыл шығындарға арналған резерв бағдарламасы бойынша жедел отрядты таратуға шығыстар жүргізілген.

Бір қарағанда бұзушылықтар маңызды болып көрінбейді, алайда сәйкессіздік нөл бүтін оннан бір үлесі болған жағдайда да есеп дұрыс емес болып табылып, ҚР Қаржы министрлігінің жүйесі қабылдамайды және соңында облыс бағасына әсер етеді.

Қаржы басқармасы жыл бойы қаржы органдарының мекенжайына бюджеттік сыныптаманы бұзбау туралы ескертулермен, одан әрі кемшіліктерді болдырмау жөнінде хат жолдаған болатын.

Бюджеттік рәсімдер бойынша барлық нормативтік актілер қаржы бөлімдеріне және бағдарламалар әкімшілеріне дер кезінде жеткізіледі. Сонымен қатар, алдын алу әркеттерін жүргізу мақсатында басқарма мамандары барлық есептілік түрлерін әзірлеу жөніндегі нормативтік актілерді қолдану бойынша ескерту-түсіндірме электронды хаттарын жолдап отырады.

Облыс бюджетінің атқарылуы қаржы басқармасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, оны 2011 жылы іске асыру мақсатында басқарма тұрақты негізде апта сайын, ай сайын жергілікті бюджеттер түсімдерінің, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерін пайдаланылуының мониторингін жүргізді, олардың нәтижелері бойынша облыс басшылығына тиісті ақпарат жолданып отырды.

2011 жыл ішінде облыс әкімі әрбір аппарат мәжілісінде, әкімдік кеңестерде және селекторлық мәжілістерде қалалар мен аудандар әкімдеріне және облыстық басқармаларға бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы тапсырма берді.

Облыс әкімінің атына қаражаттардың игерілмеу фактілері бойынша 6 қызметтік жазбахат жолданған болатын, әрбір сессияда игерілмей қалу тәуекелі бар бюджет қаражатын қайта бөлу жөнінде, сондай-ақ, лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы ұсыныстар жасалды.

Сонымен қатар, 2011 жылы қаржы басқармасы бюджетті атқару мәселелері бойынша 15 мәжіліс өткізді, оның ішінде 5-уі қалалар мен аудандардың әкімдері, әкімдер орынбасарларының, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының қатысуымен селекторлық мәжілістер, Бородулиха, Зырян, Аягөз, Зайсан аудандарында және Семей, Өскемен қалаларында 6 көшпелі семинар, облыстық әкімшілерді, қалалар мен аудандардың қаржы бөлімдерін шақыра отырып, қаржы басқармасында 4 мәжіліс өткізілді, олардың нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде тиімді іске асырудың нақты іс-шаралары әзірленген болатын.

Жыл көлемінде меншік кірістердің түсіміне, жалпы облыс бойынша, сондай-ақ, кіріс көздері және өңірлер бойынша үнемі мониторинг жүргізілді, соның нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша кірістер бойынша жоспар асыра орындалды, облыс қазынасына қосымша 2,8 млрд.теңге түсті. Жоспарды облыстың барлық деңгейлерінің бюджеттері қамтамасыз етті. Өткен жылға қарағанда ол 7,5 млрд.теңгеге ұлғайды.

Жыл қорытындысы бойынша жер телімдерін сатудан түскен түсімдер бойынша қалыс қалуға Семей қаласы (-96,8 млн.теңге), Бесқарағай (-623 мың теңге), Глубокое (-8,9 млн.теңге), Жарма (-11,1 млн.теңге), Зайсан (-5,8 млн.теңге), Катонқарағай (2,0 млн.теңге), Ұлан (-10,2 млн.теңге) аудандары, азаматтарға пәтерлер сату бойынша Өскемен (-272,0 млн.теңге) және Семей (-2,3 млн.теңге) қалалары міндеттелердің орындалмауы жол берген.

Барлық аталған өңірлерде өзге кірістер көздері бойынша біршама асыра орындаушылық байқалады. Облыс әкімдігінің мәжілісінде жер телімдерін сату бойынша жоспарды орындауға ерекше назар аудара отырып, салықтар бөлінісінде жергілікті бюджеттерді сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілген болатын. Мұнда қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары тарапынан жылдық сомаға дер кезінде түзету енгізу үшін әрбір кіріс көздері бөлінісінде бюджеттердің атқарылуына талдау жасамағандығын жоқтығын көрсетті.

2011 жылы қаржы басқармасы тұрақты негізде бекітілген 6 өңір бойынша экономиканың нақты секторындағы жалақы қорын, мүлік салығын, жер салығын, базарлардан алымдарды арттыру бойынша бекітілген Алгоритмдердің іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізді: Абай, Көкпекті, Зайсан, Шемонаиха аудандары, сондай-ақ, Риддер және Семей қалаларында.

Жыл бойындағы жұмыс нәтижелерін қарастыру үшін қаржы басқармасының қызметкерлері Абай, Көкпекті, Шемонаиха аудандары, Семей қаласына орынға шығулар ұйымдастырған болатын, осы мәселе Бородулиха, Зырян, Аягөз, Зайсан аудандарында, Семей, Өскемен қалаларында өткен көшпелі мәжілістерде қарастырылды.

Алгоритмдерді әзірлеу бойынша іс-шараларды өткізуден 6 өңірге бекітілген жергілікті бюджетке түскен қосымша салық сомасы 160,2 млн.теңгені құрады.

2011 жылдың қорытындысы бойынша Курчатов қаласы бюджетінің меншік кірістерінің болжамын орындау мәселелі болғанын атап өткен жөн. 2012 жылға кірістер бойынша қала бюджеті 2011 жылдағы деңгейге қарағанда төмен 30,8 млн.теңгеге (94,7%) бекітілді, осыған байланысты ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Курчатов қаласы қаржы бөлімінің ақпараты бойынша еңбекақы бойынша кредиторлық берешек пайда болу тәуекелі бар.

Курчатов қаласы әкімдігінің өтініші бойынша қаржы басқармасы қазіргі уақытта ҚР Қаржы министрлігімен субвенцияның айлар бойынша бөлінуіне өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бірақ, айларға бөлінген соманы қайта бөлу бойынша өткізілетін рәсім жыл көлеміндегі қаржылық қаражаттың жетіспеушілік проблемасын шешпейді. Осыған байланысты Курчатов қаласының әкімдігіне салық төлеушілер бөлінісінде түсімдердің төмендеу себептеріне толық талдау жасау, мүмкін резервтер іздестіру және бекітілген басым бағдарламаларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша дер кезінде шаралар қабылдау қажет.

Қаржы органдарының алдында тұрған ең маңызды міндет жергілікті, сондай-ақ, республикалық бюджеттерден шығыстардың игерілуі мониторингі және талдау болып табылады.

Барлық деңгейлердің көлемі жыл сайын өсіп келеді, қаражаттарды жұмсаудың жаңа бағыттары, жаңа әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобалар пайда болады. 2010 жылға қарағанда 2011 жылғы облыс бюджеті 29,6 млрд.теңгеге ұлғайды. 2011 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер көлемі 50,8 млрд.теңгені құрады, ол 2010 жылмен салыстырғанда 11,7 млрд.теңгеге артық.

Облыс бюджетінде әлеуметтік бағыт бар: өткен жылы бюджеттік сала шығыстары 112,4 млрд.теңгені құрады немесе облыс бюджетінің жалпы көлемінің 61%-ын құрайды. Негізгі үлес:

- білім беру – 33,2% немесе 61,8 млрд.теңге;

- денсаулық сақтау – 16,7% немесе 31,0 млрд.теңге;

- әлеуметтік қорғау – 5,6% немесе 22,3 млрд.теңге;

- мәдениет, ақпараттық кеңістік – 4,9% немесе 9,1 млрд.теңге.

Дегенмен де, өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған 188,1 млрд.теңге қаражат көлемінің 2,9 млрд.теңгесі игерілмей қалды немесе орындалмау жоспардың 98,5%-ын құрады. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген 2,1 млрд.теңге нысаналы трансферттер игерілген жоқ.

Жыл бойы қаражаттар әркелі шығындалды, өңірлер бойынша игеру қарқынынан шыға келе, 70%-дан 99%-ға дейін құбылып отырды, шоттардағы қалдықтар жыл басында 1 млрд.теңгеден 1 желтоқсанда 11,9 млрд.теңгеге дейін.

Жыл қорытындысы бойынша өңірлер арасында қалдықтардың біршама үлесі Өскемен және Семей қалаларында, онда игеру сәйкесінше 97,6% және 98,5%.

Аталған қалалар бойынша қаражаттардың төмен игерілуіне тұрғын үй құрылысы, сумен жабдықтау жүйесін дамыту, инженерлік коммуникацияны дамыту, коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша жол берілген, бұл 2011 жылдың барлық кезеңдерінде байқалып отырды. Жергілікті органдар тарапынан бақылаудың нашар болуы, мердігерлердің жұмыс кестесін орындауы, желілер салуға алаңдардың дайын еместігі, жобалық-сметалық құжаттардағы кешіліктердің болуы, оның ішінде құрылыс және ТКШ (трғын үй коммуналдық шаруашылығы) бөлімдерінің нашар жұмысы негізгі себептер болып табылады.

Өткен жыл бойында аталған қалалар бойынша қаражаттардың игерілмеу тәуекелі байқалды. Бұл ретте, игерілмеген қаражаттардың жылдық сомасына жасалған талдау - пайда болған үнем сомаларын уақтылы қайта бөлу, жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама алу және конкурстық рәсімдерді өткізу жыл бойындағы қалыптасқан қалдықты қысқартуға айтарлықтай мүмкіндік беретіндігін көрсетті.

Облыстық әкімшілер 1,844 млрд. теңгені игермеген, оның ішінде 1,489 млрд. теңгесі – республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер.

Сонымен қатар, жоспарланған қаражат қажетті жобалық құжаттамамен қамтамасыз етілген жоқ, осыған байланысты Есеп комитетінің қаулысымен республикалық бюджетке қайтаруға жатады.

2011 жылы аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде Көкпекті ауданындағы «Елім-ай Көкпекті» ЖШС агроөнеркәсіп кешенін құру», «Өскемен құс фабрикасын қайта құру», «Семей қаласындағы «Ромат» ЖШС медициналық дәрі-дәрмек зауытын қайта жөндеу» жобаларына құжаттамалар әзірлеу аяқталмаған.

2012 жылы Жол картасы – 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 933,1 млн. теңге қарастырылған, бұл өз кезегінде уақытылы алдын ала жобалық және жобалық құжаттамаларды дайындауды Өңірлік Үйлестіру кеңесімен және ҚР Эконономикалық даму және сауда министрлігімен келісу және бекітуді қамтамасыз етуді қажет етеді. Өткен жылдағы бөлінген қаражаттардың игерілмеу жағдайын болдырмау мақсатында қалалар мен аудандар әкімдері уәкілетті органдармен бірлесіп, Жол картасы 2020 бағдарламасын іске асыру үшін қолданыстағы жобаларын қарастыру қажет.

Кредит беру, бюджеттік кредиттерді тіркеу және есепке алу мониторингі, пайыздық ставкаларды қайта есептеу және жоғары тұрған бюджетке уақтылы қайтару бойынша жүктелген қызметтер шеңберінде қаржы басқармасы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2009 жылы алынған 1123,0 млн. теңге сомасындағы республикалық кредит 2011 жылы толық көлемде қайтарылды. «Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы» бойынша Өскемен, Семей қалаларына және Зырян ауданына республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына бөлінген 868,8 млн. теңге сомасындағы кредит өтелді. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген 8,1 млн. теңге сомасындағы кредиттер қайтарылды. «Ирригациялық және дренажды жүйелерді жетілдіру» жобасы бойынша Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарыз мерзімі бойынша 7,5 млн. теңге берешек өтелді.

2009 жылғы Өскемен және Семей қалаларындағы ипотекалық тұрғын үй құрылысына бөлінген 2012 жылы республикалық бюджет алдында кредиттерді уақтылы өтеу бойынша міндеттемелер мерзімі аяқталатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар жоғары тұрған бюджетке қайтару үшін шоттардағы қаражаттардың жиналуын қамтамасыз етуі қажет, сонымен қатар ешқандай кедергілердә және тиісті бюджеттердің теңгерімінің бұзылуын болдырмау қажет.

Жаңашылдық енгізу жоспарында 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау енгізілді, оны іске асыру шеңберінде облыстың қаржылық органдарына бюджет қаражатын басқару бойынша бағалау жүргізу жүктелген.

Бұл әдістеме – бекітілген немесе нақтыланған бюджеттік қаражаттардың көлемін пайдалану арқылы тікелей нәтижеге қол жеткізу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын пайдалану нәтижелілігі мен тиімділігі жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтау үшін арналған.

Әрбір өңір және облыстық бағдарламалар әкімшілері бойынша барлық жоғарыда аталған кемшіліктер, ағымдағы қаржы жылында бюджеттерді атқару барысында анықталған бұзушылықтар аталған Әдістеменің нәтижелерінде мынадай өлшемдер бойынша көрініс тапты:



  • бөлінген қаражаттарды игеру;

  • мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалық бұзушылықтарды болдырмау;

  • қайта бөлінген қаражаттар көлемі;

  • бюджеттің атқарылуы жөніндегі ұйымдастыру шаралары (уақытылы қаржыландыру жоспарын бекіту (нақтылау), мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын орындау және орналастыру, жобалық сметалыщ құжаттаманың қымбаттау фактілерінің болмауы, өткізілген мемлекеттік сатып алу пайызы, белгіленген мерзімде объектілерді тапсыру) ;

  • тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу;

  • дебиторлық, кредиторлық берешектерді болдырмау;

2011 жылы аталған өлшемдер бойынша қаржы басқармасымен және мемлекеттік органдармен пилоттық тәртіпте ішкі саясат, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына және Семей қаласының бюджеттік даму бағдарламаларына баға берілген.

Сондай-ақ, қаржы басқармасы 2011 жылдың ақпан айында 19 жергілікті атқарушы органдардың және 6 облыстық бағдарламаларының әкімшілерінің 55 даму бюджеттік бағдарламасы бойынша 2010 жылғы бюджет қаражатын басқару бойынша қызметтің тиімділігін бағалауды жүргізді.

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қорытындысы бойынша бюджет қаражатын басқару бағыты бойынша облысты бағалаудың жалпы балы 58,6-ды құрайды.

Жоғарыда аталған әдістеме бойынша 2011 жылдың қорытындысы 2012 жылғы 15 ақпанына дейін сәйкес болуы керектігін ескерткім келеді. Ағымдағы жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 9 бұйрығымен Әдістемеге өзгертулер енгізілді, бұл ақпарат барлық қалар мен аудандар әкімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізілді. Бюджет қаражатын басқару қызметінің тиімділігін бағалауға енгізілген өзгерістерді және мерзімнің қысқа болуына байланысты барлық мүделлі жергілікті уәкілетті органдардың жұмысын барынша үйлестіру қажет, мемлекеттік органдардың ішкі бұйрығымен жауапты орындаушыларды бекіту қажет. Бүгінгі семинарда қаржы басқармасының қызметкерлері осы әселе бойынша хабардар етеді.

2011 жылы электрондық мемлекеттік сатып алуға көшуге дайындық жүргізілді. Осыған байланысты барлық жергілікті органдар және бағдарламалар әкімшілеріне электронды мемлекеттік сатып алуға бекітілген Алгоритм жеткізілді. Барлық мемлекеттік органдардың аталған Алгоритмге сәйкес облыс бойынша дайындық пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңын енгізуге байланысты ағымдағы жылдың 1 ақпанға дейін Курчатов, Катонқарағай және Күршім аудандары мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды қайта тіркеу, сондай-ақ, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу, денсаулық сақтау, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары бойынша жұмысты аяқтау қажет.

2011 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесі 75,1% (тауарлар - 49,67%, жұмыстар- 87,83%, қызметтер- 96,91% ) құрады, ораша республикалық көрсеткішінен жоғары 4,02%, сондай-ақ, ол өткен жылдың көрсеткішінен 4,9% (80%) төмен.

2011 жылдың мамыр айынан бастап веб-порталға қазақстандық қамту бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің веб-порталында әзірленетінін, яғни мемлекеттік мекеме, КМҚК тұлғасында әрбір тапсырыс беруші автоматты режімде қазақстандық қамту бойынша шартты әзірлеп, тікелей ҚР ҚМ порталына жолдайтынын бірнеше рет мәжілістерде және көшпелі семинарларда айтылған болатын. Аталған факт мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесінің төмендеуінің себебі болып табылады, өйткені көбінесе тапсырыс берушілермен қазақстандық қамту толығымен дұрыс толтырылмайды. Қаржы басқарманың бұл жағдайға әсер етуге техникалық мүмкіндігі жоқ, осыған байланысты әрбір мемлекеттік мекеме, КМҚК-ның қазақстандық қамту жөніндегі есептерді толық және сапалы веб-порталға ұсынуда жауапкершілігі артады.

Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алуда өзгерістер енгізілуіне байланысты 2011 жылы қаржы басқармасы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, отандық тауар өндірушілер, шағын және орта кәсіпорын субъектілері, қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен 11 оқыту семинарлары өткізілді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алудың рәсімдерін жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2012 жылы 22,9 млрд. теңге сомасында 351 мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу жоспарланды, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жариялау қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуларды өткізу мерзімі айлар бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес болуы қажет.

2011 жылдың қараша айында 2012 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарларын әзірлеу және бекіту жөніндегі жоспар әзірленген болатын, жобалық –сметалық құжаттамаларды және мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерін ескере отырып, инвестициялық жобалар бөлісінде 2012 жылға шығыстарды бөлуге сәйкес талдау жасалды.

2012 жылға жобалық –сметалық құжаттамаларсыз инвестициялық жобаларды іске асыруға қаражат жоспарланған: жолаушы көлігі басқармасы бойынша 2 объект, құрылыс басқармасы – 4 объект, энергетика және ТКШ басқармасы бойынша, РБ қарастырылған қаражат Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша бекітілген жобалармен қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты, бюджет қаражатының игерілмеуіне жол бермеу мақсатында аталған әкімшілерге ЖСҚ дайындығын және қаржыландыру жоспарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу жоспарын сәйкестендіру қажет.


Коммуналдық мүлікті басқару

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын қабылдауға байланысты қаржы басқармасы облыс әкімінің қаулысымен бекітілген «Жоғарыда аталған Заңды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» әзірледі.

Бекітілген жоспарды орындау үшін мынадай іс-шаралар өткізілді:


  • облыстық басқармалар ережеге, сондай-ақ ведомствоға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмысты аяқтады;

  • облыстық коммуналдық меншіктен аудандық коммуналдық меншікке беруге жататын мүлікті беру бойынша жұмыс аяқталды;

  • «Облыстық коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бөлігін аудару нормативі туралы» облыс әкімдігінің қаулысы әзірленді, осыған сәйкес облыс бюджетіне салалар бойынша таза табыс бөлігінің 5-50% аудару нормативі анықталды ( бұрын бәріне норма 30% болған);

  • қаржы басқармасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнің өңіраралық инспекциясымен бірлесіп, 2011 жылғы қыркүйек айында «Бәсекелестік туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді;

  • «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының шығуына байланысты 2011 жылғы қазан айында коммуналдық меншік мәселелері бойынша қаржы бөлімдерінің бастықтарымен семинар-кеңес өткізілді, алдын ала Заңды түсіндіру бойынша 5 кеңес өткізілді;

  • 2011 жылғы қараша айында коммуналдық меншік субъектілерінің теңгеріміндегі жекешелендіру, жалдау, негізгі құралдарды еспке алу бөлімдері бойынша мемлекеттік мүлік «Тізілім» бағдарламасын облыстағы қаржы бөлімдерінің қызметкерлерінің меңгерулері бойынша оқыту семинары өткізілді.

  • «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 219-бабының 4-тармағына және «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР бәсекелестікті қорғау Агенттігі өңіраралық инспекциясымен бірлесе отырып, жұмыс жүргізілді, нәтижесінде 2011 жылы одан әрі қызметін жүргізуге монополияға қарсы органның оң келісімін алмаған кәсіпорындардың жалпы санының 3 %-ы (15 кәсіпорын) таратылды.

  • «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес жалдық қатынастар сәйкестендірілді. Мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалар жалдау құқығымен орналастырылды. Барлық түрдегі және меншік деңгейіндегі мемлекеттік заңды тұлғалар (республикалық және коммуналдық мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар) коммуналдық меншік алаңдарында өтеусіз пайдалану құқығымен орналастырылды.

2011 жыл қорытындысы бойынша облыс бюджетіне жалдаудан түскен түсім 210,778 млн. теңгені құрады, 2010 жылға 103%-ды құрайды.

Облыс аумағында орналасқан барлық мемлекеттік меншікті бекіту, табу, есепке алу бойынша қаржы органдарымен жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы қосымша жүргізілген түгендеу мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы 1050 объект анықталды.

Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған объектілерді анықтау бойынша жұмыстың Зырян (439 объект) және Катонқарағай (202 объект) аудандарында оң нәтиже бергенін атап айтқан жөн.

Қалған өңірлерде жұмыстың нашар жүргені байқалады, Зайсан және Тарбағатай аудандарында 1 объект, Өскемен қаласында, Бородулиха, Жарма аудандарында 10 объект, Абай, Куршім, Үржар аудандарында, Риддер және Курчатов қалаларында 20 объектіге дейін.

Анықталған фактілер одан әрі жұмысты қажет етеді, атап айтқанда әділет органдарында есепке алу, теңгерімге бекіту, есептен шығару, сату, қайта жаңарту, қалпына келтіру, жалға беру. біршама нәтижерлер Катонқарағай ауданында, осы өңірдің оң тәжірбиесі бүгінгі алқада аудан әкімінің орынбасары хабардар етеді.

Қазіргі уақытта жалпы облыс бойынша 625 объект қарастырылды, оның ішінде:



  • 50 объект консервіленген;

  • 10 объект есептен шығарылды;

  • 124 объектіні жеке тұлғалар сатуға қойды;

  • 23 объект қайта жаңартылуда;

  • 52 объект қалпына келтірілді және мақсаты бойынша пайдаланылуда;

  • қазіргі уақытта 91 объект бұзуға жатады;

  • 256 объект бойынша әділет органына меншік иесін анықтау үшін сұраныс жолданды;

  • 2 сенімгерлік басқаруға берілді,

  • 9 жалға берілді;

  • 3 объект бойынша оларды иесіз деп тану үшін сотқа талап арыз берілді;

  • 5 объект өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша енгізілді.

2011 жыл бойы облыста гидротехникалық құрылыстарды, жасанды су қоймаларын, магистральдық, су шаруашылығы каналдарын кейіннен мониторинг жасай отырып, түгендеу жүргізілді, 198 объектіден тұратын тізбе әзірленді. Анықталған 14 иесіз объект есепке алу үшін әділет органдарына берілді, 102 объект коммуналдық меншікке, 19-ы жеке меншікке берілді, 14-і облыстық коммуналдық меншікке қабылданды және «Шығыс-су қоймалары» КМК теңгеріміне бекітілді.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет