Қаржы ұйымының атауы Есептік кезеңде



Дата24.02.2016
өлшемі57.76 Kb.
#12729
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жеке, заңды тұлғалардан, оның ішінде және екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметіне қатысты түрлі мәселелерге байланысты мемлекеттік органдардан 105 өтініш келіп түсті.

Төменде жинақтаушы зейнетақы қорлары бөлігінде және олардың өтініш берудегі жалпы көлемінің үлес салмағы бойынша мәліметтер келтірілді:





Қаржы ұйымының атауы

Есептік кезеңде




Өтініштер келіп түсті

Қаралуы аяқталды

Саны

Қаржы рыногының тиісті секторында келіп түскен өтініштердің салыстырма үлесі %

Саны




1

«Валют – Транзит Фонд» ЖЗҚ» АҚ

6

42,8

1

5

2

«МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ

2

14,2

0

2

3

«Қазақстан Ұлттық Банкі» ЖЗҚ» АҚ

2

14,2

1

1

4

Басқалар (2-ден кем)

4

28,5

1

3




ЖИЫНТЫҚ:

14

100

3

11

13,3*

* - қаржы рыногындағы сектордың үлес салмағы

** - барлық өтініштер негізді емес

Мамыр айында Агенттікке жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне қатысты 14 өтініш келіп түсті.

Төменде 01.05.07ж. дейін Агенттікке жинақтаушы зейнетақы қорлары бөлігінде қаралуға келіп түскен өтініштер туралы мәліметтер берілген:





Қаржы ұйымының атауы

Алдынғы есептік кезеңде




Өтініштер келіп түсті

31.05.07ж. жағдай бойынша қаралуы аяқталды

Саны

Қаржы рыногының тиісті секторында келіп түскен өтініштердің салыстырма үлесі %

Саны




1

«НефтеГазДем» ЖЗҚ» АҚ

25

40

1

24

2

«МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ

17

27

0

17

3

«Ұлар - Үміт» ЖЗҚ» АҚ

5

8

4

1

4

«БТА Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ

3

5

3

0

5

«Сенім» ЖЗҚ» АҚ

2

3

2

0

6

«Капитал» ЖЗҚ» АҚ

2

3

1

1

7

«Атамекен» ЖЗҚ» АҚ

2

3

2

0

8

Басқалар (2-ден кем)

7

11

3

4




ЖИЫНТЫҚ:

63

100

16

47

Бұл ретте шағымдар мен өтініштердің көпшілік бөлігі мынадай мәселелерге:

- салымшының жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасаудан ЖЗҚ тарапынан дәлелсіз бас тартуға;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - ЖЗҚ) салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттарын уақтылы емес аударым жасауларына;

- салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттарын төлеуге, қайтаруға және алуға;

- міндетті зейнетақы салымдарын салымшылар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған қорларға аударым жасаумен;

- ЖЗҚ-ның салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттарын мұрагерлікке алу тәртібін бұзумен;

- салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражаттарын алуға не басқа қорға аударым жасауға сенімхаттарын ресімдеуге ЖЗҚ-ның дәлелсіз шағымдарына қатысты болды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында өтініштерді қарау мен Агенттіктің араласуы қорытындысы бойынша 2 жағдайда міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жөніндегі талаптары қанағаттандырылды.

Мамыр айында 2 жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысты мынадай түрдегі ықпал ету шаралары қолданылды:



«Капитал» ЖЗҚ» АҚ-ға 2 әкімшілік айыппұл:

- салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражаттарын уақтылы емес аударым жасау бөлігінде «Капитал» ЖЗҚ» АҚ-ға 30 және 40 АЕК мөлшерінде 2 әкімшілік айыппұл түрінде ықпал ету шаралары қолданылды, ол өндірілген айыппұлдың жалпы сомасында 76440 теңгені құрады.

«Атамекен» ЖЗҚ» АҚ-ға 1 жазбаша ұйғарым:

- қор салымшы (алушының) жинақталған зейнетақы қаражаттарын уақтылы аударым жасау міндеттемесін орындамағаны үшін.



Агенттік барлық қаралған мүдделі мәселелер мен өтініштер бойынша респонденттерге сақтандыру, банктік және зейнеткерлік заңнаманың нормаларын қолдану бөлігі бойынша кеңес берушілік, түсіндіру сипатындағы тиісті ақпаратты бергенін атап өту қажет.

Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 12 мамырдағы № 139 қаулысымен «ЖЗ «Валют-Транзит Қоры» АҚ-ның консервациясын мерзімінен бұрын аяқтау және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясын қайтарып алу жөнінде шешім қабылдағанын қосымша хабарлаймыз. Осы қаулы 2007 жылғы 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет