«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша негізгі дәріс материалдары Астана 2008



бет6/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#125190
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары


1. Қаржы нарығындағы делдалдардың қызметі қандай?

2. Делдалдар қанша түрге бөлінеді?

3. Делдал – дистербьюторлардың қажетілігіне не туады?

4. Өнеркәсіп жағдайларда делдалдар қандай пробемелерына кезігіп отыр?

5. Делдалдарды қалай басқару болады?

6. Делдалдардың ниеттестік сезімін тәрбиелеу қалай жүреді?

7. Делдалдарға сыйақы не үшін және қандай мөлшерде беріледі?

Қолданылған әдебиеттер


  1. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.

  2. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.

  3. Ілиасов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Оқулық – Алматы, 2003 ж.

  4. Қабдиев Д.К. “Экономикалық саясат”, экономика, Алматы, 2002 ж.

5. Куликов Л.М. “Основа экономических знаний” М 1998 г.

Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар
1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу

2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі

3 Коммерциялық банктердің, қорлардың брокер-дилердің, ассоциациялары
Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасы, биржадан тыс рыноктің баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уәкілетті орган лицензиялауға тиіс.

Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.

Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.

Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногіндегі қызметінде мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуі айырықша болып келеді және кез келген қызмет түрлерін жүзеге асырумен сыйыспайды, оның тауар биржаларының функцияларын орындауға құқығы жоқ. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензияны уәкілетті орган береді.

Қор биржасысының кірістері негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымдардан, биржаның акцияларын сатудан түскен қаражаттан, оның ақпараттық, консультациялық және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асыруымен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығыстарын жабуға бағытталады.

Бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс рынокте бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құрылтайшысы өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіби қатысушыларының қауымдастығы емес ұйым жүзеге асырады.

Бағалы қағаздар рыногінің инфрақұрылымы” ұғымы қолданылады, ол осы рынокті құқықтық қамтамасыз етеді (заңнама, мемлекеттік органдардың нормативтік актілері және т.т.), ақпаратты, депозитарлық және есептік-крилингтік желіні, тіркеуші органдарды қамтиды.

Жоғары ұйымдастырылғанқаржы рыногінің дамыуына бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылырының-ассоциациялар мен бірлестіктердің ұйымдары мүмкіндік туғызады. Қаржы рыногінің жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногінің субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылар және олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы орган Ұлттық банктің құрамындағы бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады. Ол элименттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктегі әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістік құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногіне тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногінде жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру және жаңаларын құру үшін қажетті алғышарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногінің өтімділігінің төмендегі проблемасын толық шешуіне мүмкіндік береді.

Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар бағалы рыногінің өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногінің субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.



Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы


  1. Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары

  2. Инвестициялық салымдарды ынталандыру

  3. Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы


Қаржы нарығы қалай қалыптасты?

ХХ ғасырдың 90-жылдарында қаржы нарығының әрбір сегментінің дамуы басқаларынан бөлек жүрді және өзіндік бағдарламалық құжаттармен реттелді. Құнды қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және банктік сектордың дамуының жекелеген бағдарламалары болды. Экономиканың қалыптасу кезеңінде мұндай әрекет тиімді және сенімді болды, өйткені қаржы нарығы сегменттерінің даму деңгейі едәуір ерекшелендіжәне олардың әртүрлі реттеу органдары болды.

1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының егемендігін жариялаған күніне құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының басқа да секторларына қарағанда мүлде болмады. Басқаша болу мүмкін де емес еді, өйткені берілген нарықтың объектілерінің өздері - құнды қағаздар – басымды құқықтарды растайды, өз иелерінің жеке меншік құқығы социалистік шаруашылық кезеңінде жүзеге аса алмады. Сондықтан, сол кезде заңнамалық база, жаңадан құрылған акционерлік қоғамдар және нарықтың қатысушылары мүлде стандартқа сай болмады, соңғыларының шегі заңнамаға сәйкес брокерлер және қор биржасымен ғана шектелді.

Қысқа мерзімде мемлекетпен құнды қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы үшін өзінің мәні және сапасы жағынан үлкен жұмыс жүргізілген болатын. 1991-1994 жылдары мемлекеттік кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру және акционерлеу кезеңі тәуелсіз регистрлардың дамуы мен көптеген акционерлік қоғамдардың құрылуына алғышарт болды.

Осымен қатар, нарықты мемлекет тарапынан реттеу де жетілдірілді – құнды қағаздар нарығын реттеу бойынша өздігінен қызмет ететін өкілетті орган ретінде құнды қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының 1994 жылы құрылуымен оның дамуы бойынша барлық стратегиялық міндеттер кешенді түрде шешіле бастады.

Нәтижесінде 1997 жылдың аяғына қазақстандық құнды қағаздар нарығында инвесторлардың қызығушылықтарын қорғау бойынша шаралардың кешенін қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелеріне негізделген кеңейтілген заңнамалық база әрекет еткен. Сол кезде өкілетті органның тиянақты жұмысының арқасында құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен орталық депозитарий құрылған болатын, оның құрылуымен базалық институционалдық және техникалық инфрақұрылымның құрылуы аяқталды. Оның негізгі әлемдік талаптарға сай болғандығын ерекше атап өту керек.

2001 жылдың сәуірінің аяғында Құнды қағаздардың ұлттық комиссиясы “Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы инфрақұрылымының қызмет ету тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар туралы” Үкім дайындады. Бұл Үкім мемлекеттік құнды қағаздар нарығында андеррайтер ретінде қызметті банктермен жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік емес құнды қағаздарды шығаруын және орналастырылуын дайындау бойынша эмитенттерге кеңестік және басқа да қызметтерді көрсетуге шек қоюды қарастырды.

Қаржы нарығының негізгі бағыттары қандай?

Қор нарығының негізгі даму бағыттары болып табылатындар:



    • инвестициялық және пайлық қорлардың пайда болуы мен қалыптасуына жағдай жасау;

    • жинақтаушы зейнетақы қорларының, КУПА, кастодиан-банктердің және сақтандыру компанияларының қызметін мемлекет тарапынан реттеу жүйесін жетілдіру;

    • сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінің мемлекет тарапынан реттелуін жетілдіру, соның ішінде сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін инвестициялаудың ережелері;

    • акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу бойынша нормативтік базаны жетілдіру;

    • салық заңнамасын жетілдіру;

    • құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, құнды қағаздармен жасалатын саудаларды ұйымдастырушылардың және лицензиялар мен рұқсат қағазадары негізінде құнды қағаздар нарығында қызмет атқаратын басқа да ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру.

Халықаралық қаржы-валюталық және несиелік қатынастар аясындағы стратегиялық міндет – теңгенің ішкі және сыртқы айналымдылығына қол жеткізу болып табылады.

1995 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасында Алматыда ашылған “Teletrade P.J. Int'l Ltd” компаниясының дилинг-орталығы арқылы халықаралық валюта нарығына (FOREX) шығу мүмкіндігі пайда болды.

Компания клиенттері ретінде АҚШ долларына (әлемдік резервтік валюта ретінде USD), ағылшын фунт-стерлингіне (STG), жапон иенасына (JPY), швейцариялық франкке (SFR) және евроға (EUR) салыстырмалы түрде айналатын төрт валюта бойынша “нақты уақыт” режимінде келісімдерді (“спот” операциясы) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бола алады.
Қаржы нарығының келесі дамуының негізгі бағыттары болып табылатындар:


    • нарыққа жаңа қаржы құралдарын енгізу, бұл қаржы нарығының қатысушыларының қаражаттарын тиімді тартуға мүмкіндік береді және ең алдымен елдің индустриалдық саясаты шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін шығарылатын құнды қағаздарды, сондай-ақ тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржылық құралдарды қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;

    • сәйкесінше қабылданған заңдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау бойынша шаралардың жүзеге асырылуын жеделдету;

    • елдің индустриалдық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз етудің және аймақтық даму есебімен Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму концепцияларының қабылдануын жеделдету;

    • қаржы нарығында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және оған клиенттердің түрлі категориялары мен тұрғындардың барлық қатарларын тарту, соның ішінде банктік емес қаржылық институттардың , пошта-жинақтаушы жүйенің және қағаздар нарығындағы трансфер-агенттердің желілерінің дамуы арқылы қамтамасыз ету.

Экономиканың нақты секторын дамыту және бекітуде банктердің рөлін жоғарылату және олардың қызметінің интенсификациясының негізгі көрсеткіштері болып шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыруда Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің белсенді қатысуы табылады.

Инвестициялық салымдарды ынталандырудың жолдары қандай?

Банктік сектордың жағдайы банктік қызметтер нарығының кеңеюімен сипатталады. Банктік қызметтер нарығының дамуы қор нарығының дамуымен тығыз байланысты. Ұлттық банк ҚР құнды қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясымен (ҚҚ ҰК) бірлесе отырып, ұйымдастырылған қор нарығында банктірдің акциялары және басқа да құнды қағаздардың айналымын активизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. ҚҚ ҰК бірлесе отырып банк активтерінің секъюритизациялау механизмі дайындалған. Қор нарығының дамуына қарай Ұлттық банкпен корпоративті құнды қағаздармен банктердің қызметі кеңейтілген болатын. ҚҚ ҰК және Қазақстанның қаржыгерлері бірлестігімен бірлесе отырып, Ұлттық банк қаржы құралдарының жаңа типтерінің пайда болуына жағдай жасаған және жағдай жасайды, мұндай қаржы құралдарына өзара қорлар, хеджирлеу қорлары, ипотекалық қорлар, корпораттивті вексельдермен операцияларды жүргізуге өкілденген ұйымдар жатады.

Банктер инвестицияларды тарту үшін жаңа қаржы құралдарын қолдана отырып қор нарығында өзінің қызметін активизациялайды. Мұндай құралдардың бірі болып капиталдың халықаралық нарығына еурооблигациялардың эмиссиясы табылады. Берілген қаржылық операция бірнеше мақсаттарға қол жеткізуге жағдай жасайды: біріншіден, шетел валютасындағы заемдар теңгедегі заемдерға тән қарызға қызмет көрсету құны мен жоғарғы пайыздық мөлшерлемелерді болдырмауға мүмкіндік береді; екіншіден, банк өз қызметінің аясын кеңейтуге қызығушылық білдіруі керек, халықаралық қаржы институттарымен тікелей өзара қатынасты жүзеге асыруы қажет. Банктің стратегиялық мақсаты – капиталдың халықаралық нарықтарына кез келген кақытта еркін шығуы болып табылады.

Қазіргі уақытта қазақстандық банктер қаржы нарығының аса дамыған секторы ретінде өзіндік табыстылығын белсенді түрде диверсификациялайды, соның ішінде құнды қағаздар, сақтандыру және зейнетақы нарықтарындағы қызметтерді, сондай-ақ лизингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдары кіретін қаржы тобының құрылуы жолымен жүргізіледі.

Банктік қызметті реттейтін заң актілерімен консолидацияланған қадағалау режимі анықталған болатын. Осындай қадағалаудың тәжірибелері мен үрдістерін жетілдіру шеңберінде Қазақстанның Ұлттық банкінде қаржылық қызметтерді жабдықтаушылар болып табылатын қаржы нарығының барлық субъектілерін қадағалау мен реттеу, лицензиялау қызметтерін жүзеге асыратын бөлімдер құрылды.

ҰБ қызметі қаржы нарығының барлық сегменттерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған, экономиканың нақты секторының қаржылық мекемелерін несиелеу механизмдері мен жаңа институттарының дамуына бағытталған. Мүлік кепілімен тұрғындарды несиелеудебанктердің қатысуының белсендеуінің есебінен ипотекалық несиелендіру белсенді түрде дамуда.



Қаржы нарығы қалай реттелінеді?

Мемлекеттік реттеу үрдісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың қызмет етуінің шарттарының көп түрлілігімен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеуді; типтерге, түрлерге, нысандар мен әдістерге жіктеуді шектемеу өте маңызды.

Типтері мыналарды қарастырады: экономикалық (олардың қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, еңбекақы бөліктерімен) және әкімшілік.

Қаржылық реттеу түрлері мыналарды қамтиды: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несиелік, кедендік-тарифтік, валюта-қаржылық, ішкі шаруашылық (ішкі фирмалық, корпорация, ұйым, кәсіпорын шегінде) ретеу.

Реттеу нысандары қаржылық субкатегориясының сәйкес түрі үшін тән, сондай-ақ барлығына жалпылама аталған түрлерде өтетін үрдістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрдегі нысандар болып табылатындар қаржыландыру (субвенция, субсидия, трансферттер), сыртқы инвестициялау, сыртқы заемдер, сыртқы борыш. Жіктеудің аса көптеген элементтері болып реттеу әдістері табылады.

Валюта-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер:



    • валюталық бағам;

    • ақша капиталына пайыздық мөлшерлеме;

    • құнды қағаздар мен халықаралық төлем құжаттарының бағамдары;

    • валюталық тәуекелдерден сақтандырудың түрлі әдістері.

Нарық жағдайында аса үлкен назар реттеудің жанама әдістеріне бөлінеді. Мемлекет шаруашылық процесінің барлық қатысушылары үшін жалпы шарттар мен ережелерді бекітеді.

Макроэкономикалық тепе-теңдік мынадай маңызды экономикалық параметрлерді қарастырады:



  • сұраныс және ұсыныс;

  • тауарлы және ақша массасын;

  • жинақтар мен инвестицияларды;

  • инфляция мен жұмыссыздықты;

  • еңбек өнімділігі мен оның төлемін;

  • қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін және қаржылық ресурстарын;

  • мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарын;

  • бюджеттік тапшылық көлемін, оны өтеу көздерін;

  • төлем балансының активтері мен пассивтерін.

Кейнстік модельдерде жалпы шығындарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі мен өнімнің берілген көлемін сатып алу үшін жететін шығындар арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі.

Мультипликатор құбылысы дискрециялық, фискалды саясатты жүргізу кезінде қолданылады. Салықтар табыстардың қысқаруын туындатады, бұл жинақтау мен тұтынудың көлемін төмендетуге әкеледі. Өндіріс көлеміне мұндай әсерді (салықтармен қатар) жинақтар мен импорт тигізеді. Олардың барлығы табыстар-шығындар жүйесінен ағымды ұсынады. Тұтыну шығындарындағы айырмашылықтарды құра отырып азаяды, бұл инвестициямен, экспортпен және мемлекеттік сатып алулармен толтырылуы мүмкін.

Осылай, кейнстік модель экономиканы реттеудің негізгі факторлары ретінде тауарлар мен қызметтерге сұранысты айқындайды: мемлекет жиынтық сұранысқа жағдай жасауға әрекет етеді, ресурстардың қамтылу деңгейінің жоғарылауына әсер етеді, мемлекеттік сатып алулардың көлемін кеңейтеді, несие құнын ретейді. Кейнстік шаралар салықтардың төмендеуін, шығындардың жоғарылауын, инвестицияларға жағдай жасауды қарастырады.

Кейнстік теорияға қарағанда монетаризм экономиканы реттеудің негізгі құралы ретінде ақша айналымы процессі танылады. Бұл кезде нарықтық макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететіндігі қарастырылған. Экономиканың қызмет етуіне мемлекеттік араласуды азайту бойынша курс жүргізіледі. Ақшалар экономикалық процестердің жанама реттелуінің шешуші факторы ретінде қарастырылады.

Монетаристердің тұрақтаушы бағдарламалары мынларды қамтиды:


    • бюджеттік тапшылықтың қысқаруы (салықтарды көбейту, мемлекеттік сектордың қызметтеріне бағалардың жоғарылауы);

    • тұтыну сұранысын қысқартуға бағытталған еңбекақының өсімін шектеу;

    • банктік пайыз мөлшерлемелерінің көбеюі, Орталық банкте мемлекеттік заемдерға және ақша эмиссиясына шектеулерді енгізу;

    • экспортты-импортты операцияларға және бағаларға бақылаудың әлсіздеуі.

ХХ ғасырдың аяғында тұрақты даму - жаңа теориясы қалыптасқан, бұған жаһанды экономикалық және қаржылық процестер жұмылдырылған.

Тұрақты даму теориясында төменгі шаруашылық субъектісінен ұлттық экономикаға дейінгі – тұрақты әрекет ететін себептер анықталған.

Берілген теория келесі қағидаларға негізделеді:


  1. эволюциялық қағида, кез келген масштабтағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін сипаттайды;

  2. экономикалық қызығушылықтарды үйлестіру қағидасы өзара әрекет ететін тараптардың қызығушылықтарының балансынсақтауды қарастырады;

  3. диверсификация қағидасы, бұл эволюция қағидасының логикалық дамуы мен нақтылануы ретінде болады;

  4. өзінің дамуы бойынша экономикалық жүйедегі иерархиялық диференциация қағидасы.

Қолданылған әдебиеттер


  1. Банки Казахстана №7-8 – 2000 г.

  2. Рынок ценных бумаг Казахстана №4 апрель/2003г.

  3. Финансы Казахстана 9-10/2000г.

  4. Финансы Казахстана 5/2003г

  5. "Финансы" Мельников В.Д., Ильясов К.К. Алматы-2001г.


Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Қоғамдық өнімді бастапқы бөлу және қайта бөлу процесі қалай байқалады?

Қаржының өзгеше белгілерін жазып көрсетіңіз

2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз


  1. Төменде көрсетілген функциялардың қайсысы қаржы мағынасын анықтайды:

А) реттеуші;

В) қайта өндіру;

С) ақшалай табыстарды және қорларды пайдалану;

Д) А және В пункттері;

Е) бөлу.


  1. Төмендегі анықтамалардан «қаржы» анықтамасын анықтаңыз:

А) мемлекеттен, шаруашылық субъектілерінен және халықтан жиналған ақша ресурстары;

В) мемлекеттің ақша қаражаттарының мақсатты қоры;

С) мемлекет және шаруашылық субъектілері арасында пайда болатын ақшалай қатынастар;

Д) құнды бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ерекше экономикалық қатынастар жиынтығы, ақшалай қатынастар;

Е) қаржы министрі және оның қаржы ресурстарын жеделдететіп басқару.


  1. Қаржы ресурстарының көзі:

А) пайда;

В) өзіндік құн;

С) резервтік капитал;

Д) жарғылық капитал;

Е) дебиторлық қарыз.


  1. Материалдық өндіріс ауқымы қаржысына жататындары:

А) білімге жұмсалатын қаржы;

В) ғылымға жұмсалатын қаржы;

С) ауыл щаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржысы;

Д) қорғаныс қаржысы;

Е) дұрыс жауабы жоқ.


  1. Өндірістік емес сфераның қаржысына жататындары:

А) тұтыну кооперациясының қаржысы

В) байланыс қаржысы;

С) мәдениет және өнер қаржысы;

Д) А және С;

Е) В және С.


  1. Қаржы жүйесі дегеніміз:

А) Қаржы қатынастарының жиынтығы;

В) ақша қаражаттары қорының жиынтығы;

С) қаржылық басқару аппараты;

Д) жоғарыда аталғандардың барлығы;

Е) В және С.


  1. Қаржы саясаты көмегімен шешілетін міндетті анықтау:

А) Қаржы қатынастарына қатысушылардың барлық қаржы ресурстарына қажеттілігін қанағаттандыру;

В) халық шаруашылығында қаржы ресурстарының мүмкіндігінше мол көлемін құру үшін жағдай туғызу;

С) экономиканы дамыту бағытын орындау үшін қаржы механизмдерін жасау;

Д) В және С;

Е) барлық деңгейдегі бюджет қаражаттарын пайдалануды бақылау.


  1. Төмендегі анықтамалардың қайсысы «қаржы саясаты» түсінігінің мағынасын ашады:

А) қаржы қатынасына көзқарастар жүйесі

В) мемлекеттік органдардың ықпалымен қаржы жүйесінде болып жатқан процесстердің жиынтығы;

С) өздерінің қызметтерін және міндеттерін іске асыру үшін қаржы төңірегінде мемлекет өткізіп жатқан мақсаты бағыттағы шаралар жиынтығы;

Д) қаржы қызметін ұйымдастыру және жоспарлау процесінде экономикалық және бақылау жұмысымен айналысушы қаржылық аппарат;

Е) мемлекеттік экономикалық жағдайлардың өзгеруі кезінде қаржыға қатысты саясаткерлардін көзқарастарының өзгеруі.

3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз

1.Қаржының ақшадан айырмашылығы бар

2.Қаржы- ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі

3.Ақша-бұл жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің құралы

4.Ақша болмаған жерде қаржы да болмайды

5.Кезгелегн ақша қатынасы қаржы қатынысы емес

6.Кезгелген қаржы қатынасы ақша қатынасы

7.Қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болада ма ?

8.Қаржыға тепетендік тән

9.Қаржы-қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын

10.Қаржы мен қаржы ресурстары – бара-бар үғымдар емес

4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар

1

2.

3


4
5
6
7
8

9
10




Авальшы

Қор арбитражы

Қор биржасы
Солло вексель
Реципиент
Роялти
Бұқалар нарығы
Аюлар нарығы

Бесса
Аллонаж




а) Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары курстың жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзінөзі реттейтін бейкоммерциялық ұйым.

б) Жай вексель, төлем төлеуге бір ғана адамның қолы қойылған вексель(әдетте вексельге екі және одан да көп адамның қолы қойылады)

в) Бағалы қағаздардың бағамын немесе тауарлар бағасының төмендетуді мақсат етіп қойған биржалық алып сатарлар.

г) Жер қойнауларын пайдалану құқығы . Патенттерді , сызбаларды, үлгілерді тауар белгілерін пайдалану құқығы

д) Бағаны өсу тенденциясы әрекет ететін рынок

е) Бағаны төмендеуі тенденциясы әрекет ететін рынок

ж) Вексельге тіркелетін қосымша парақ: оған кепіргерлік кепілдеме жазба аваль жазылады.

З) Биржадағы алып сатарлық операция; оның мәнісі бағаны айырма түрінде сатып алып, бір мезгілден кейін басқа рынокта сатуда

И) Әлдебір төлем немесе табыс алатын жеке адам заңи ұйым немесе мемлекет.

К) Вексель бойынша міндетті қайсы біреулердің міндеттемелерін орындау үшін өзіне жауапкершілік алған адам




5.Қаржы жұйесінің қүрылымдық сызбасын көрсетіңіз

Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Қаржы нарығының анықтамасын, оның мамұныңың ашып көрсетіңіз



2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз

  1. Қаржы нарығы:

А) Сауда- саттық жұмысымен халықаралық деңгейдегі түрліше қызмет көрсетуге байланысты істермен айналысатын өзіндік жүйе;

В) елдер арасында капитал алмасумен айналысатын өзіндк жүйе;

С) шет елдік валюталарды, құнды қағаздарды сатып алумен тығыз байланысты атқаратын өзіндік жүйе;

Д) барлық жауабы дұрыс;

Е) барлық жауабы дұрыс емес.


  1. Қаржымен басқару әдістеріне қатысты нақты факторларды атаңыз:

А) есеп айырысу жүйесі мен оның нысандары;

В) несие беру және оның түрлері;

С) депозиттер мен салымдар;

Д) валюталық қызметтер;

Е) барлыө\қ жауабы дұрыс.


  1. Депозит дегеніміз не?

А) ақша қаражатын банкте сақтауға беру шарасы;

В) құнды қағаздарды банкте сақтауға беру шарасы;

С) А және В;

Д) құнды қағаздарды сату;

Е) барлық жауабы дұрыс емес.


  1. Хеджирлеу дегеніміз не?

А) Валюталық тәуекелді сақтандыру әдісі;

В) жылжымайтын мүлікті сақтандыру;

С) мүлікті сақтандыру әдісі;

Д) В және С;

Е) А және В


  1. Лизингтік операциялардың трлері:

А) жедел;

В) қаржылық

С) мерзімдік;

Д) А және В;

Е) барлық жауабы дұрыс емес.


  1. Трастинг дегеніміз:

А) құнды қағаздарды сатып алу

В) азаматтардан ақша жинау, сол арқылы серіктестік құру;

С) құнды қағаздарды сату арқылы кіріс;

Д) А және С;

Е) Барлық жауабы дұрыс емес.


  1. Фрэнчайзинг атқаратын қызметті түріне қарай;

А) іскерлік жүйе болып келеді;

В) тауарлық жүйе болып келеді;

С) іскерлік жіне тауарлық жүйе болып келеді;

Д) төлемдік жүйе болып келеді;

Е) барлық жауабы дұрыс емес.

8.Фрэнчайзинг атқаратын қызметі түріне қарай:

А) іскерлік жүйе болып келеді;

В) тауарлық жүйе болып келеді;

С) іскерлік және тауарлық жүйе болып келеді;

Д) төлемдік жүйе болып келеді;

Е) барлық жауабы дұрыс емес



3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз

1.Қаржы нарығының объектісі ақшалай қорлар

2.Қаржы нарығының объектісі ақша және бағалы қағаздар

3.Ақша нарығында тек ғана қолма-қол ақшалар қозғалыста болады

4.Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді

5. Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал ету

6. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығымен туынды бағалы қағаздар нарығын қамтиді

7.Бағалы қағаздар мұліктік құқықты немесе қарыздарды, міндеттемелерді растайтын ақшалай құжаттар

8.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1991ж. бастап қалыптаса бастады

9.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1990ж. бастап қалыптаса бастады

10.Ақша нарығы мен капитал нарығы бара-бар түсініктер

4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар

1

2

3



4

5
6


7

8

9



10

Қаржы лизингі

Факторинг

Форвардтық мәміле

Свитч


Ақ піл
Рестрикция,

шектелім


Репорт

Рефинанстау

(қайта қаржыландыру)

Қаржы Спрэд

Фиксинг


а)Нақты тауарды келешекте белгіленген мерзімді жеткізуді көздейтін мәміле. Белгілі мерзімнен кейін мәміле жасасылған сәтте тіркелген бағам бойынша (форворд бағамы төленеді)

б)Мерзімдік мәміленің бір түрі оның мәні бағалы қағаздардың немесе шетел валюталарының иесі оларды кейін мерзім өткен соң жоғарғы бағамен сатып алуға міндеттеніп банкке салады.

В) Қолдағы міндеттемелерді өтеу үшін жаңа көзден алынған қаражатты пайдалану. Экономикалық әдебиеттен бұл термин мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру мәнінде де қолданылады.

Г) Сауда комиссиялық операцияның бір түрі; аларманның дебиторлық берешегін инкассалауды , несиелендіруді және кредит пен валютаға төнген қауіп қатерден сақтау кепілдеме беруді қамтиды.

Д) Жеткізу мерзімі бір айдан екінші айға ауыстыру келісімшартты жою.

Е) Бағаны өсіру үшін өндірушінің өндірісті сатудан және экспортты шектеу.Орталық банк тарапынан коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру көлемін шектеу.

Ж) Түрлі мерзімде жеткізілетін фьючерсті келісім шарттарды бір мезгілде сатып алу және сату.

З) Биржа жаргонын : шығыны пайдадан басым болатын мәміле тауарды( бағалы қағазды) жедел өткізу қажет болғанда қолданылады.

И) Жабдық амортизациясының толық құнын немесе оның үлкен бөлігін , сондай ақ жалға берушінің пайдасын өтейтін соманы өзінің жұмыс істеу кезеңі бойынша төлеуді көздейтін келісім.

К) Баға белгілеу тәртібі , ол әрбір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды дәйектілікпен салыстыру арқылы валюталардың банкаралық бағамын анықтап , тіркеуден тұрады.




5.Қаржы нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз

Тақырып 3 . Капитал нарығы

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Капитал нарығының қажеттілігі неде?

Капитал нарығының ақша нарығынан айырмашылығы қандай?

2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз

1.Акция келесі түрлерге бөлінеді:

А) проценттік

В) артықшылығы бар

С) ұтысты

Д) купонды

Е) дұрыс жауабы жоқ



  1. Облигация түрлерін көрсет:

А) қысқа мерзімді

В) регрестік

С) проценттік ұтыс

Д) А және В

Е) В және С


  1. Листинг қандай мағынада білдіріледі:

А) құнды қағаздарды сатудан босату

В) құнды қағаздардың саудаға жіберілуі

С) сауда агенттігінің арасында құнды қағазды тарату

Д) жаңа құнды қағаздардың шығарылуы

Е) нарықты коньюктураны қалыптастыру.


  1. Портфельді инвестиция дегеніміз:

А) басқа елдің экономикасына салынған қор

В) құнды қағаздар салу

С) қаражаттарды жылжымайтын мүлікке салу

Д) капиталды құрылысқа ақша қаражатын салу

Е) алтын нарығындағы операциялар


  1. Банк сертификаттарын кім шығарды:

А) акционерлік қоғам

В) кәсіпорын

С) қаржы министрі

Д) банкттер

Е) бар жауабы дұрыс


  1. Құнды қағаз эмиссиясының іске асуы:

А) акционерлік қоғамдарды жекешелендіру және оның қатысушыларының арасында акцияларды тарату

В) бастапқы жарғылық капиталдық көлемі ұлғайғанда

С) заңды тұлғалар мен жергілікті басқару ұйымына мемлекеттік қарыздың өсуі

Д) барлық жауабы дұрыс

Е) А және С.


  1. Құнды қағаздар топтары қалай аталады:

А) негізгі және туынды;

В) негізгі;

С) туынды;

Д) жалпы


Е) А, Д.

  1. Туынды топқа жататын құнды қағаздар:

А) опцион, фьючерс

В) акия, опцион;

С) опцион , весель

Д) фьючерс, весель

Е) фьючерс, акция

3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз

1.Қазынашылық вексель капитал нарығының қаржы құралы

2. Банктік депозиттік сертификат капитал нарығының қаржы құралы

3. Банктік акцептер капитал нарығының қаржы құралы

4. Ұұзақ мерзімді құнды қағаздары капитал нарығының қаржы құралы

5. Мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;

6. Банктердің коммерциялық несиелері;

7.Ұзақ мерзімдік тұрғын үй несиелері;

8. Тұтынушылық займдар;

9.Ұзақ мерзімдік несиелер және тұтыну несиелері.1

10 Вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы ол-аваль

4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар

1
2
3
4

5

6



7
8

9
10



Эмбарго
Цедент
Хедж
Франшиза

Франчайзинг

Секвестр

Валюта бағамы


Аннуитет

Рентинг
Экспансия




А) Бағалық ықтимал құлдырауынан сақтандыру үшін жасалған мерзімдік мәміле.

Б) Басқа елдермен фирмаларды ығыстыру, рыноктарды басып алу.

В) Технологияны , лицензияны, ноу хауды иемденетін ірі фирманың өзінің серіктесіне көмек көрсету және ақыл кеңес беру жөніндегі қызметі.

Г) Даулы мүлікті дау шешілгенше үшінші тарапқа уақытша табыстау. Жекелеген баптардың немесе бүкіл бюджеттің атқарылуын шектеу.

Д) Дүркін дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента, немесе табыс). Сақтандыру ісінде рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдерді шамасын көрсетеді.

Е) Мемлекеттік биліктің валютаны, алтынды, тауарларды, бағалы қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге тыйым салуы.

Ж) Машиналар мен жабдықтарды қысқа мерзімге жалға алуы.

З) Бір елдің ақша өлшемінің екінші бір елдің ақша өлшеміне сәйкестірген жағдай.

И) Өзінің талап ету құқығын басқа адамға беруші несиегер.

К) Сақтандыру шартының сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалдарды төлеуге босатуды көздейтін талабы.




5. Капитал нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз
Тақырып 4. Ақша нарығы нарығы

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Ақша нарығының қажеттілігі неде?

Ақша нарығының қаржылық құралдары қандай?

2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз


  1. Банк қозғалмайтын мүлікті кепілдікке алып, несиеге берілетін ақшалы қаражат:

А) тұтыну несиесі

Ә) ипотекалық несие

Б) банктік несие

В) коммерциялық несие




  1. Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың қанша түрі бар?

А) 3

Ә) 1


Б) 4

В) 2



  1. Ақша нарығы – бұл:

А) ұлттық несие және депозит нарығының жиынтығы, мұнда орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды.

Ә) қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді.

Б) қаржылық мекемелер мен әртүрлі субьектілерге берілетін ақшалай түрдегі несие болып табылады.

В) шетел валюталары, бұл валюталармен коммерциялық банк осы валюталарды шығарған елдерден тыс жерлерге қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады.




  1. 12 айға дейінгі мерзімге берілетін несие түрі:

А) ұзақ мерзімді несие

Ә) орта мерзімді несие

Б) қысқа мерзімді несие

В) дұрыс жауабы жоқ




  1. Ақша нарығының инструментіне жатпайтынын көрсетіңіз.

А) мемлекеттік облигация

Ә) ұлттық валюта

Б) коммерциялық қағаздар

В) вексель



3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз

1. Ақша нарығының басты экономикалық функциясы – ақшаны эмиссиялау ма?

2. Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады ма?

3Несие өтеу қабілеті – кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есепке алу қабілеті.

4Капитал нарығын қаржы нарығына жатқыза аламыз ба?
5Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дайінгі мерзім аралығын құрайды.

4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар

1


2

3


4

5

6



7

8

9


10

Форфетирлеу

Тантьема


Сконто шегерімі

Спот

Фьючерстік

келісім шарт


Форвард


Қаржы Фьючерсі

Своп


Трейдер

Опцион


А) Ақысы дереу төленетін нақты тауар (валюта , бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле.


Б) Келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім, мұнда тауардың сапасы, талаптары, төлем талаптары, жағдайлары қарастырылады. Келісім шарт сауда тақырыбы болып табылады.
В) Шұғыл (жылдам) жеткізілім шартымен( спот мәмілесі) қайсы бір активті сатып алу( сату) жөніндегі мәміле , бұл орайда сонымен бірге белгілі бір мерзімге кері мәміле жасалады.
Г) Акционерлік қоғамдардың , банктердің сақтандыру компанияларының басшылары үшін пайдадан төленетін пайыз түрінде белгілейтін қосымша сыйақы.
Д) Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілелері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сату үшін айналымсыз сату арқылы экспотты несиелендіру.
Е) Келешекте қайсы бір активтерді тіркелген бағасы бойынша сатып алуға немесе сатуға таңдау құқығы. Сатушы немесе сатып алушы өз құқығын актив құнының өзгеруіне байланысты шешеді.
Ж) Нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді. Осы уақыт ішінде тауардың бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форвард мәмілесінің бағасы спот мәмілесі бағасының серпініне қарай белгіленеді.
З) Қолма-қол ақшалай төлегені үшін немесе төлемдерді мерзімінен бұрын төлегені үшін берілетін баға шегерімі. Құнның 3-5 пайызын құрайды.
И) Делдалдық фирманың бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі тапсырыстарды тікелей орындайтын қызметкері.
К) Шын мәнінде кредитті сату болып табылатын биржалық келісімдері. Келісім шартта алу-сату сипаттамасы қатаң тірелген. Сатып алушы фьючерсті кейіннен қайта сату құқын алады.

Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар


Терминдер

Анықтамалар

  1. Ақша нарығы



  1. Тұтыну несиесі


  1. Бағалы қағазды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы)

4.Депозиттік сертификат



  1. Банктік несие

6. Коммерциялық несие

7. Евровалюта



А) Қаржылық мекемелер мен әртүрлі субьектілерге берілетін ақшалай түрдегі несие болып табылады.
Ә) Сатушылардың сатылған тауарларға төлемді кейінге қалдыру түрінде сатып алушыға тауар формасында беретін несие.
Б) Ақшалай қаражат салымы туралы эмитент-банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез-келген мекемесінен алу құқысын куәландырады.
В) ұлттық несие және депозит нарығының жиынтығы, мұнда орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды.
Г) шетел валюталары, бұл валюталармен коммерциялық банк осы валюталарды шығарған елдерден тыс жерлерге қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады.
Д) халықтың тұтыну мұқтаждықтарын куәландыру құралы ретінде пайдаланылады. Бұл несиеде жеке адамдар қарыз алушылар болып табылады, ал несие мекемелері, кәсіпорындар мен ұйымдар несие беруші болып табылады. Халықтың төлем қабілеті бар сұранымын ынталандыру.
Е) қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді.

. 5. Ақша нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз



Тақырып 5. Алтын нарығы

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Алтын нарығының қажеттілігі неде?



Тест сұрақтарына жауап беріңіз

  1. Алтынның маңызы:

А) алтын қымбат бағалы металл

В) ұзақ кезең бойы пайдаланылады

С) ақша тауар ретінде қолданылады

Д) барлық жауабы дұрыс емес

Е) барлығы дұрыс


  1. Алтын стандарты тұңғыш рет ақша жүйесі тұрғысында қай жылы қалыптасты:

А) 1816 ж.

В) 1815 ж.

С) 1817 ж.

Д) 1820 ж.

Е) 1819 ж.


  1. Алтын стандарты тұңғыш рет ақша жүйесі тұрғысында қандай елде қалыптасты:

А) Америкада

В) Ұлыбританияда

С) Қытайда

Д) Грецияда

Е) Египетте


  1. Қазақстандағы алтын кеніштері орналасқан аумақтарды атаңыз:

А) Ақбақай, Бестөбе

В) Жолымбет, Большевик

С) Бақыршық

Д) Васильковское, Суздальское

Е) барлығы дұрыс


  1. Алтын аса көп мөлшерде қандай жерлерде өндіріледі:

А) Калифорнияда

В) Аляскада

С) Қытайда

Д) А және В

Е) А және С


  1. Алтын нарқының түрлері

А) дүние- жүзілік

В) елдің өз ішінде еркін түрде жүргізілетін алтын нарқы

С) жергілілікті жерде бақылауға алынған нарық

Д) қара нарық

Е) барлығы дұрыс


  1. Нарықтық қатынастарда алтынға байланысты форвардттық жұмыстардың түрлері

А) Хеджирование әдісі

В) алып- сатарлық мақсаттағы жедел келісім жасау әдісі

С) арбитраждық

Д) барлық жауабы дұрыс емес

Е) барлығы дұрыс


  1. Своп операциясы

А) алтын сатуды көздейді

В) алтынды сатып алуды көздейді

С) А және В

Д) қолдағы алтынды сату мен келісім- шартқа байланысты алтын сату шаралары өзара ұштастыруды көздейді

Е) барлығы дұрыс

3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз

Алтын стандарты тұңғыш peт Ұлыбританияда қолданылды

Алтын ақшаға әр уақыттаа емін-еркін айырбасталатынды

4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар

1

2


3

4


5


6

7

8



9

10

Авизо

Несие



Трансферттер

Тезаврация


Стагфляция


Бонус

Несие капиталы

Хайринг


Стагнация

Боналар

а) Пайыз түрінде ақы төлем қайтару шартымен берілетін ақша капиталы .
б) Жеке адамдардың алтынды құймалар, теңгелер нысанында, сондай-ақ зергерлік бұйымдар түрінде жинауы.
В) Өндірістегі, саудадағы және басқа нышандарындағы тоқырау
Г) Өзара есеп айырысудың жай күніндегі өзгерістер туралы немесе ақша аудару , тауар жіберу туралы бір контрагенттің басқа контрагентке жолдайтын хабарламасы.
Д) Қарыз шартына қатысушы біреулердің басқа бір қатысушыларға қайтару және әдеттегідей , көрсетілген мезгілде пайыз төлеу шартымен материалдық құндылықтар немесе ақша беру.
Е) Шетел валютасын бір елден екінші елге аудару, екі немесе бірнеше елдің валюталарын аудару жөніндегі операциялар.
Ж) Ұсақ құнды , майда ақша ретінде айналысқа уақытша жіберілетін қағаз ақша белгілері . Қолданыстан шығып қалған , коллекцияға айналған ақша.
З) Машиналар мен жабдықты орташа мерзімдік жалға алу.
И) Қосымша сыйақы, жекелеген келісім шарттарына сәйкес сатушы беретін қосымша шегерім.
К) Өндірістің құлдырауының инфляциямен ұштасуы жағдайындағы тоқыраумен сипатталатын ел экономикасының жай-күйі.


. 5. Алтын нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз




Тақырып 5. Валюталық нарықтар

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Валюталық нарықтың қажеттілігі неде?

Валюталық қатынастарды реттеу неге қажет?

2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз


  1. Валюталық нарық дегеніміз не?

А) валютаға деген сұраныс

В) валютаны сату жөніндегі ресми орталық

С) валютаны сатып- алу жөніндегі ресми орталық

Д) В және С

Е) барлық жауабы дұрыс.


  1. Валюталық нарық түрлерін атаңыз

А) дүниежүзілік, аймақтық

В) аймақтық, ұлттық

С) дүниежүзілік, ұлттық

Д) аймақтық

Е) С және Д.


  1. Шетелдік валютаны ұлттық валютаға қатысты бағалаудың қандай әдісі бар?

А) тікелей, жанама

В) тура жанама

С) жанама

Д) тура


Е) барлық жауабы дұрыс емес.

4. Тікелей бағалау әдісі бойынша

А) шетелдік валюта ұлттық валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады

В) валюталар түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады

С) ұлттық валюта шетелдік валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады

Д) А және В

Е) В және С



  1. Жанама бағалау әдісі бойынша

А) шетелдік валюта ұлттық валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады

В) валюталар түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады

С) ұлттық валюта шетелд3к валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады

Д) А және В

Е) В және С


  1. Валюталық нарыққа байланысты қызмет түрлерінде үлкен роль атқаратын

А) дилерлер

В) брокерлер

С) менеджерлер

Д) А және С

Е) В және С


  1. Банкаралық нарық түрлері

А) тікелей банкаралық нарық

В) жанама банкаралық нарық

С) тура банкаралық нарық

Д) брокерлік банкаралық нарық

Е) А және Д


  1. Валюталық нарықта банктің позициясының түрлері:

А) ашық позиция;

В) жабық позиция;

С) қысқа мерзімді

Д) ұзақ мерзімді

Е) барлық жауабы дұрыс.

3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз


Тақырып 4 1 Валюталық нарықтың дамуы

2 Валюталарды айырбастау

3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары

Валюта қашан пайда болды?

“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”, “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге, евро, доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде, кейінрек метал түрінде, соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған. ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.

Қағаз ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.

Әр ел өз ақшасын металл немесе қағаз түрінде шығарса да оған өздерінің елтаңбасын, король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы, яғни валютасы екендігін айыруға болады.



Валюталық жүйенің типтері қандай?

Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйелер.



Ұлттық валюталық жүйе – елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Дүниежүзілік валюталық жүйе – дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес, себебі олардың міндеттері, қызмет етулері және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.



Аймақтық валютадық жүйе – валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардағы қолданып жүрген негізгі түсініктемелер.

Валюталық реттеу – заңмен қарастырылған, валюта заңдылығының сақталуын бақылау мен санкция қолдану, ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Валюта – мемлекеттің заңды құралы ретінде пайдаланатын ақша бірлігі.

Ұлттық валюта – ҚР валютасы

Шетел валютасы – шет мемлекеттердің валютасы

Резиденттер – ҚР азаматы

Бейрезиденттер – шетел азаматтары

Ваюталық құндылықтар – шетел валютасы;

  • құймадағы аффинирленген алтын;

  • бағалы қағаздар, төлем құралдары /номиналы мен құны шетел валютасында көрсетілген /

валютлық операциялар – меншік құқының валюта құндылықтарына көшу операциялары және төлем құралы ретіндегі шетел валютасының қолдану операциялары;

  • меншік құқының және басқа да құқықтардың валюта бағамына көшуіне байланысты келісім – шарт;

  • меншік құқығы мен басқа құқықтардың ұлттық валютаға ауысуымен байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің келісім шарты. Сонымен қатар бағалы қағаздар мен төлем құралдардың ұлттық валютада номиналымен құны көрсетіледі.

Валюталық оперциялар – ағымды операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар болып бөлінеді.

Ағымды операциялар – экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен аспайтын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;

  • 180 күннен аспайтын несиені алу мен жеткізу;

  • дивидендті алу мен аудару, депозиттерден, инвестициядан, ссудалық және басқа да операциядан түсетін кірістер мен сыйақылар;

  • сауда – саттыққа арналмаған гранттар аударылуы,мұрагерлік сомасының аударылуы, еңбек ақы, зейнетақы, алимент т.с.с.

  • капитал қозғалысымн байланысты, қазіргі заңға қатысы жоқ операциялардың барлық түрі;

  • капитал қозғалысымен байланысты операциялар;

  • инвестициялар;

  • мүліктік құқық пен төлем ақыны қозғалмайтын мүлікке аудару;

  • 180 күннен асатын несиені алу мен жеткізу;

  • экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен асатын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;

Уәкілетті банктер – валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар банк. Валюталық операцияларды жүргізу үшін – ҚР Ұб /нен лицензия алып, талаптарын орындау керек.

Уәкілтті мекемелер – валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар, ҚР Ұб талаптарына сай келетін банктік операциялардың ерекше түрін іске асыратын – заңды тұлға.

Айырбас пункттері – ҚР Ұб лицензиясы бар, қолма – қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізетін арнайы жабдықталған орын.

Ашық ваюталық позиция – шетел валютасындағы банктердің міндеттемелері мен сұраныстары арасындағы айырмашылық

Валюталық реттеу органдары:



  1. ҚР-дағы валюталық реттеудің негізгі органы – ҚР Ұб болып табылады, яғни ол ҚР талаптарына сәйкес ваюталық қызметін атқарады.

  2. ҚР Үкіметі мен басқа да мемлекеттік органдар ҚР талабына сай валюталық реттеуді өзінің жасырындылығымен шектеу түрінде заңға лайықты етіп іске асырады.

Валюталық операциялрды жүргізуді шектеу / шек қою /

  1. Халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және кездейсоқ жағдайлар туындағанда ҚР Президенті кез – келген валюталық операцияларды тоқтатуға және шектеуге шешім шығаруға толық құқылы.

  2. ҚР Ұб экспортты валюта пайдасының міндетті сатылу тәртібі және резиденттердің валюталық төлем экспортты операциясын тоқтатуға құқылы.

Есептер жинағы.

Білімгерлерге қаржы нарығы туралы тапсырмалары.

1-тапсырма.

Берілгені:

Банк қаржылық көмек көрсету мақсатымен еншілес кәсіпорынға 3 жыл мерзімімен жылдық 20%-ға 10 млн теңге сомасында ссуда берді.



Шарты: Несие мерзімі – 3жыл.

Несие пайызы – 20%.

Ссуда сомасы – 10 млн тг

Пайыздары жай..



Есептеу керек: 3 жылдан кейін несиені қайтару сомасын және банк табысын анықтаңдар.
2-тапсырма.

Берілгені:

10 млн теңге мөлшеріндегі несие наурыздың 2-нен желтоқсанның 11-не дейін жылдық 85%-бен несие берілді.



Шарты: Несие сомасы – 10млн тг.

Жылдық пайызы – 85%.



Есептеу керек:Түрлі нұсқалар үшін өскен сома мөлшерін анықтаңдар:

а) ссуданың нақты күнімен нақты пайыздар жағдайында;

ә) ссуданың нақты күндерімен қарапайым пайыздар жағдайында;

б) ссуданың жақындаған күндер сомасымен қарапайым пайыздар жағдайында.


3-тапсырма.

Берілгені:

20 млн теңге мөлшеріндегі несие 3,5 жылға беріліп отыр. 1 жылға жай пайыз мөлшерлемесі 90%, ал әрбір жарты жылдықта ол 5%-ға азаяды.



Есептеу керек: Көбейген соманы анықтаңдар.
4-тапсырма.

Берілгені:

Фирмаға жылдық 120% пайыз мөлшерлемесімен жай пайыздарға қаңтардың 3-нен наурыздың 12-не дейінгі мерзіммен банктік несие берілді. Несие сомасы- 80 млн теңге.



Шарты: Пайызы – 120%.

Несие сомасы – 80млн тг.



Есептеу керек: Үш тәсіл бойынша көбейту коэффицентін және көбейген соманы анықтаңдар:

а) ссуданың нақты күндер санымен нақты пайыздар;

ә) ссуданың нақты күндерімен қарапайым пайыздар;

б) ссуданың жақындатылған күндер санымен қарапайым пайыздар.


5-тапсырма.

Берілгені:

Жинақ банкі 48 пайыз мөлшерлемесімен ²талап еткенге дейін² салымдар қабылдайды. Пайыздары жай. Бір жылда- 365 күн.



Шарты: Салым пайызы – 48%.

Салым сомасы – 4,5 млн тг.



Есептеу керек: Қанша күннен кейін 4,5 млн теңгелік салым 5 млн теңгеге дейін жетеді.
6-тапсырма.

Берілгені:

Егер жылдық 80% жай пайыз мөлшерлемесі қолданылған жағдайда 25 млн теңге мөлшеріндегі алғашқы капитал 40 млн теңгеге дейін өсетін есептеу кезеңін анықтаңдар.


7-тапсырма.

Берілгені:

Клиент көбейген сома 10 млн теңгеден кем болмау мақсатымен 3 айға 8 млн теңге сомасында банкке ақша салуды қалайды.



Есептеу керек: Жылдық пайыздық мөлшерлеме қандай болуы керек!
8-тапсырма.

Берілгені:

24 млн теңге мөлшеріндегі алғашқы капитал жарты жылдан кейін 30 млн теңгеге жететін жай пайыздық мөлшерлемені анықта.


9-тапсырма.

Берілгені:

Кәсіпорынның банкпен келісіміалғашқы жылы кәсіпорынның жылдық 20%-ның төленуін қарастырады. Әрбір жарты жыл сайын 1 пайыздық пункте , яғни 1%-ға жоғарылайды. Келісім мерзімі 2,5 жыл. Несин сомасы 5 млн теңге.



Есептеу керек: Пайыздары ссуданың жақындатылған мерзімімен қарапайым. 2,5 жылдан кейін қарызды қайтару сомасын анықтаңдар.

10-тапсырма. Кәсіпкер 55 күн мерзімімен 200 мың теңге көлеміндегі ссуда алу үшін банкпен хабарласты. Банк 80%-ға тең жай есептік мөлшерлеме бойынша пайыздарды көбейту шартымен көрсетілген соманы беруге келісті. Бұл жағдайда қарыздың қандай сомасы вексельде көрсетілген болады.
11-тапсырма.

Берілгені:

Егер 10 млн теңгедегі сома жарты жылға ссудаға берілсе.



Есептеу керек: 8 млн теңгенің алынуын қамтамасыз ететін жай есептік мөлшерлемені есептеңдер.
12- тапсырма.

Берілгені:

40 млн теңге көлеміндегі несие жылдық 35% есептік мөлшерлеме бойынша беріледі. Егер заемшы 35 млн теңгені алуды қаласа.



Есептеу керек: несие ұсынылатын мерзімді анықтаңдар.
13-тапсырма.

Берілгені:

Несие 250 күнге жылдық 80% жай мөлшерлемесіне беріледі. Егер 40 млн теңге қайтару талап етілсе, онда заемшымен алынатын соманы есептеңдер.



Шарты: Пайызы – 80%.

Несие сомасы – 40 млн тг.


14-тапсырма.

Берілгені:

Айналу кезеңі 105 күн және номиналы 100 мың теңге болатын вексель иесі төлем мерзімімен 15 күн бұрын оны 20% жай есептік мөлшкрлемемен есептейді. Векселі иесімен алынған сома құрайды.



Шарты: Вексель номиналы – 100000 тг.

Айналу күні - 105 күн



Есептеу керек: вексель иесімен алынған соманы.
15-тапсырма.

Берілгені:

Салымшы 5 жылға жылдық 50%- бен банкке 2 мың теңге салды. Пайыздары күрделі.



Шарты: Салым мерзімі – 5 жыл.

Пайызы – 50%.

Салым көлемі – 2 мың тг.

Есептеу керек:

Мерзім өткеннен кейін салымшы қаражатының сомасы қанша!


16-тапсырма.

Берілгені:

Банк 30% номиналдық мөлшерлеме бойынша ²талап еткенге дейін² жеке тұлғалардың валюталық салымдарын қабылдайды. Клиент 2000$ салды. Есептеу керек:Салым мерзімі 12 ай кезінде көбейту коэффиценті мен көбейтілген соманы анықтаңдар. Пайыздары және есептеледі: а) жылына 1 рет; ә) жарты жыл бойынша; б) тоқсан сайын; в) ай сайын.


17-тапсырма.

Берілгені:

Клиент банкке 10 млн теңгеде депозит салды. Банк тоқсан сайынғы есептеулерді жүргізеді. Депозит мерзімі 3 жыл. 60% жылдық мөлшерлеме кезіндегі тоқсандық мөлшерлеме 15%.



Шарты: Салым сомасы – 10млн тг.

Депозит мерзімі – 3 жыл.



Есептеу керек: Күрделі пайыздар кезіндегі көбейтілген құнды анықтаңдар.
18-тапсырма.

Берілгені:

Депозиттің алғашқы сомасы 100 мың тенге. Мөлшерлемесі жылдық 30%. Бірқатар кезеңдерге қарапайым және күрделі пайыздар бойынша көбейген құнды анықтаңдар. Нәтижесін кестеде келтіру.



Пайыздар

180 күн

1 жыл

2 жыл

5 жыл

10 жыл

Қарапайым

Күрделі
















Есептерді жинақтап қортынды жасаңдар.

Шарты: Салым сомасы – 100мың тг.

Пайызы – 30%.


19- тапсырма.

Берілгені:

Егер заемдағы 1,5 жыл өтеу мерзімімен 500 мың тенге несие берілсе , ал пайыздық көбеюі 20%күрделі жылдық есептік мөлшерлемемен жүргізілсе , онда вексельге қандай соманы белгілеу керек?



Шарты: Несие сомасы – 500 мың тг.

Пайызы – 20%.


20- тапсырма.

Берілгені:

Егер заемшыға 1,5 жыл өтеу мерзімінен 500 мың теңге несие берілсе, онда вексельге қандай соманы белгілеу керек? Базалық есептік мөлшерлеме бойынша салынған сомаға есептеулер жүргізіледі .



Шарты: Мерзімі – 1,5жыл.

Несие көлемі – 500 мың тг.



21- тапсырма.

Берілгені:

Егер салымшы 10 жылдан кейін 2 млн теңге алуы керек болса, банктік депозиттің көлемін анықтаңдар. Банк жылдық 20% күрделі мөлшерлеме бойынша салынғкн сомаға есептеулер жүргізіледі

.

22- тапсырма.

Берілгені:

Егер салымшы 10 жылдан кейін 2 млн теңге алу керек болса, онда банктік депозит көлемін анықтаңдар. Банк жылдық20% күрделі мөлшерлеме бойынша есептеулер жүргізеді, пайыздық есептелуі тоқсан сайын жүргізіледі.


23- тапсырма.

Берілгені:

Айналу кезеңі 105 жыл номиналы 200 мың теңге болатын вексель иесі оны есеп үшін ұсынады. Банк жылдық 12% тең күрделі есептік мөлшерлеме боынша вексель есебін жүргізеді.



Шарты: Вексель номиналы – 200мың тг

Пайызы – 12%.



Есептеу керек: Вексель иесімен алынған соманы анықтаңдар .
24- тапсырма.

Берілгені:

Айналу кезеңі 1,5 жыл номиналы 200мың теңге болатын вексель иесі оны банкке есеп үшін ұсынады. Банк жылдық 12% тең күрделі есептік мөлшерлемені қолдана отырып, есепке келісті. Оны мөлшерлеме бқйынша дисконттау тоқсан сайын жүргізеді.



Есептеу керек: Банк табысын және вексель иесімен алынған соманы анықтаңдар?
25- тапсырма.

Берілгені:

Фирма банкпен инфляция есебінсіз жай пайыздардың 40% мөлшерлемесіне 1 жылға 60 мың теңгедегі несие туралы келісті. Инфляцияның күтіліп отырған жылдық деңгейі 36%.



Есептеу керек: Инфляция есебімен көбейген соманы анықтаңдар?
26- тапсырма.

Берілгені:

Коммерциялық банк жылдық24% табысты уәде ете отырып, 90 күн мерзімімен депозитке тұрғындардың салымдарын қабылдайды. Инфляцияның жылдық деңгейі 48% ,К= 365 күн .



Есептеу керек: Көбею коэфиценттік инфляция есебімен банктік пайыздық мөлшерлемесін анықтаңдар ?
27- тапсырма.

Берілгені:

Кәсіпорын жылдық 20% мөлшерлемемен 2 айға 30 млн теңгедегі несие алуды көздеп отыр . Инфляцияның жылдық деңгейі - 36%.. Жылдық күндер саны 360 деп қабылдаңдар.



Есептеу керек: Несие құнын инфляция есебінен жылдық есептік мөлшерлемесі н анықтаңдар.
28- тапсырма.

Берілгені:

50 млн теңгедегі несие 2 жылға беріледі Операцияның нақты табыстылығы ссудалық пайыздық күрделі мөлшерлемесі бойынша жылдық 10% құрауы керек.



Шарты: Несие сомасы – 50млн тг.

Несие мерзімі – 2 жыл.



Есептеу керек: Көбейген сома мен инфляцияны ескеретін пайыздық күрделі мөлшерлемесін және көбеюдің көбейткішін анықтаңдар?

Есептердің жауаптары

1-тапсырма. 16 млн, 6 млн

2- тапсырма. а›16595628,4 б›16705555,6 в›16611111

3- тапсырма. 75 млн тенге

4- тапсырма. а›- Кn=1,223562 б) Кn =1,226665 в) Кn=1,23

а) Sı= 97,885 б)S2= 98,133 в)S3 =98,400

5- тапсырма. 85 күн

6- тапсырма. 0,75 жыл немесе 270 күн

7- тапсырма. 100% төмен емес

8- тапсырма. 50%

9- тапсырма. 7,65 млн тенге

10- тапсырма. 227,79 мың тенге

11- тапсырма. 40%

12- тапсырма. 0,36 жыл немесе 130 күн

13- тапсырма. 25840708 тенге

14- тапсырма. 99,17 мың тенге

15- тапсырма. 15,1875мың тенге

16- тапсырма. а) Кн = 1,3 Sı= 2600, б) Кн = 1,3225 S2= 2645,

в) Кн= 1,3355 S3 = 2671, г) Кн = 1,3449 S4 = 2690

17- тапсырма. 53,502 млн тенге

18- тапсырма.

проценттер

180 күн

1 жыл

2 жыл

5 жыл

10 жыл

Жәй

Күрделі


115

114,02


130

130


160

169


250

285,6


400

482,7


Қорытындылай келе:

  1. Бір жылға дейінгі кезеңдегі жай пайыздар несие алушыға тиімді болады.

  2. Бір жыл кезеңінде қолданылған жай және күрделі пайыздар тең нәтижеге әкеледі.

  3. бір жылдан асқан кезеңдегі күрделі пайыздар сома өсімінің интенсивтілігіне әкеледі және банкке де, несие алушыға да тиімді болады.

19- тапсырма . 698,8 мың тенге

20- тапсырма. 680, 19 мың тенге

21- тапсырма. 323011 тенге

22- тапсырма. 284091 тенге

23- тапсырма. 165 мың тенге

24- тапсырма. 166 мың тенге

25- тапсырма. 114,24 млн тенге

26- тапсырма. 0,7484 Кн = 1,18458

27- тапсырма. 0, 5283; 32, 897 млн тенге

28- тапсырма. Ιн = (1+0,6)² = 2,56

Кн.е =(1+0,1)²· 2,56 = 3,1

Ιr = (1+0,1)²√2,56 – 1 =0,75=76%

S = 50 (1+0,76)² = 154,88 млн тенге



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет