Қаржылық бақылау: Облыстың жергілікті атқару органдарында



Дата24.02.2016
өлшемі47.63 Kb.
#15565




Қаржылық бақылау:

Облыстың жергілікті атқару органдарында

2014 жылы мемлекеттік сатып алу заңдылығының

сақталуына жүргізілген бақылаудың нәтижелері туралы

хабарлама
ШҚО бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаның Шығыс Қазақстан облысында 2013-2015 жылдары іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 20 тармағын орындауда, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша келесі ақпаратты хабарлайды.

2014 жылы 255 тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 20852,7 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылықтары (қорытындысына әсер еткен) анықталды, оның ішінде: жергілікті бюджеттің ұйымдары мен мекемелері бойынша жалпы сомасы 17281,2 млн. теңгеге (анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасының 82,9 пайызы) заңнама бұзушылықтары анықталды немесе 2013 жылмен салыстырғанда (9411,6 млн.теңге) 7869,6 млн. теңгеге көбейген.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында бұзушылықтардың ең көп сомасы төмендегі салалардың мекемелерінде анықталды:

- құрылыс, сәулет және қала құрылысы – 10006,0 млн. теңге, ол бұзушылықтардың анықталған жалпы сомасынан 57,9 пайызын құрайды;

-ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – 6559,5 млн.теңге (37,9%);

- білім беру – 294,4 млн.теңге;

-дене шынықтыру және спорт – 177,1 млн.теңге;

-денсаулық сақтау – 158,8 млн.теңге;

-қалған салаларда – 85,4 млн.теңге.

Сонымен, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нде 3 түрлі жұмыстар («2013 жылы Өскемен қаласында құбыр қондырғыларын жаңарту және жылумен жабдықтау жүйесін салу», «Жылумен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету және құбырлар жүйелерін салуға, жаңартуға ЖСҚ дайындау», «2014 жылы Өскемен қаласында көшелерді жарықтандыруға электр қуаты үшін төлеу, сыртқы жарық жүйелерін және әшекейленген гүл алқаларды ағымдағы жөндеу және ұстау») бойынша жеткізушілердің электрондық конкурсқа қатысу үшін берілген конкурстық өтінімдері біліктілік талаптарға сай болмаса да, бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, жалпы сомасы 5605,5 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдері бұзылған.

Бақылау материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін ШҚО Прокуратурасының қарауына беріліп, оның тарапынан бақылау объектісіне бұзылған заңдылықты жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту бойынша нұсқама жіберілді.
Осыған ұқсас мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұрмалаушылықтары денсаулық сақтау саласының 4 құрылыс нысандарында жалпы сомасы 1916,0 млн.теңгеге «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нде де анықталды. Бақылау материалдары ШҚО бойынша Қаржы полициясына жіберілді, қарау нәтижесінде қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.
«Глубокое ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нде «Глубокое ауданының Березовка ауылында және Белоусовка кентінде сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңарту» жұмыстары бойынша электрондық конкурсты ұйымдастыру және өткізу кезінде жалпы сомасы 1639,9 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдері бұзылған, оның ішінде:

-конкурсқа қатыстыру хаттамасында 7 мердігердің өтінімдерін кері қайтару үшін бірқатар негізсіз себептер көрсетілген;

-бір мердігердің конкурстық құжаттамасы 2 лот бойынша электрондық конкурсқа негізсіз қатысуға жіберілген;

-конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қарау нәтижесінде «жұмыс тәжірибесі», «жергілікті мазмұн» критерийлері бойынша салыстырмалы мәнді қолданбаған, және де отандық мердігерлерге 5 пайыз мөлшерінде шартты жеңілдікті бермеген.

Бақылау материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Глубокое ауданының Прокуратурасының қарауына беріліп, нәтижесінде оның тарапынан бақылау объектісіне бұзылған заңдылықты жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту бойынша нұсқама жіберілді.
«Тарбағатай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нде 3 құрылыс нысандары бойынша («Ақсуат, Ақжар және Қарасу ауылдарында су құбырлары жүйесін жаңарту») жалпы сомасы 1817,7 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдері бұзылған. Инспекция тарапынан жіберілген нұсқамаға сәйкес, аталған мекеменің бас маман-бухгалтері лауазымдық қызметінен босатылды.
Аталған бұрмалаушылықтар кейбір облыстық басқармаларда және жергілікті атқарушы органдардың бөлімдерінде аса ірі сомаларға жіберілгенін көрсетіп отыр.

Жалпы, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы талаптарының бұзылуына жол бергені үшін өткен жылы 116 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды; 36 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 4,1 млн.теңгенің айыппұлдары салынды; 4 бақылау материалдары процессуальды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды; Инспекцияның нұсқамаларына сәйкес 16 мемлекеттік сатып алу қорытындылары күшін жойды; мемлекеттік сатып алу қорытындыларының шешімдерін және жасалған келісім-шарттарды заңсыз деп тану үшін сотқа 13 талап арыз берілді.

Мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылыққа жол бермеу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында, Инспекция өз бастамасы бойынша 2014 жылы ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларын дұрыс қолдану және түсіндіру бойынша бақылау объектілері өкілдерінің қатысуымен 58 семинар-кеңес өткізді (Инспекция заң жүзінде тек қана бақылау функциясына ие болғанына қарамастан).

Жоғарыда аталған барлық бұзушылықтар көп жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жеткіліксіз зерделеу және сақтау; тапсырыс берушілердің «өз адамдарына» қарай ыңғай танытып, сатып алудың айқын жеңімпаздарымен шарт жасасуға ниет білдірмеуі салдарынан болып отыр.

Осыған орай, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ осы салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау бойынша алдын алу шаралары ретінде:

1. Барлық комиссия мүшелерінің қатысуымен, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды дер кезінде ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларына (тапсырыс берушілерге) мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы зерделеу бойынша жүйелі түрде техникалық оқыту жүргізуді;

2. Кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың басшыларына арнайы білімі (қаржыгер, экономист, бухгалтер) бар тұлғаларды таңдай отырып, мемлекеттік сатып алуды өткізумен айналысатын мамандардың сапалы құрамын жақсартуды;

3. Мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі комиссияның құрамына міндетті түрде заңгерлерді және мемлекеттік сатып алу мәселелерінде анағұрлым құзыретті тұлғаларды енгізуді;



4. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру жүргізу нәтижесінде анықталған, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы талаптарының бұзылуы бойынша әр тексерудің қорытындысын мекеменің бірінші басшысының қатысуымен өтетін өндірістік кеңесте қарауды және бақылау объектісінің кінәлі лауазымды тұлғаларын міндетті түрде тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынамыз.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Қаржылық бақылау Инспекциясының

баспасөз қызметі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет