Қаржылық есеп-1 ПӘнінен 050508 мамандығы бойынша


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУ



бет6/11
Дата19.11.2023
өлшемі307.5 Kb.
#483698
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Курсты жумыс арж.есеп-1.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУ


Жұмыстың материалы мынадай ретпен орналастырылады:


а) сыртқы бет ( 1 қосымшада көрсетілген);
ә) жоспар мазмұны;
б) курстық жұмыстың текстік баяндалуы (тараулар бойынша);
в) әдебиеттер тізімі;
г) жұмыста пайдаланылған нақты тәжірбиелік материал (егер ол баяндау барысында симай қалса, қосымша түрінде беріледі).
Жұмыс стандартты қағаздың бір жақ бетінде жазылады, немесе компьютерде теріледі. Беттің екі жағынан сол жағында 30,0 мм және оң жағында 10,0 мм, жоғарғы және төменгі жақтарынан 20,0 мм жер қалдырады. Курстық жұмыстың барлық беті нөмірленеді. Текстегі әрбір тарау жоспар мазмұнына сәйкесті тиісті тақырып қойылады.
Жаңа тарауды егер тақырыптан соң бірнеше жол сиятын болса, алғашқы тараудың соңы аяқталған беттен бастай беруге болады. Егер курстық жұмыс компьютерде терілетін болса текст арасындағы қашықтық 1,0 интервалға , ал шрифт 14-ке тең болу керек.
Топтарға бөлінген және бір жүйеге келтірілген сандық деректер кесте мен график түрінде беріледі. Соңғысының дайындалуының мәні зор. Кестелер оған сілтеме жасалған соң беріледі, бірақ оны бір беттен екінші бетке жалғастыру жөн болмайды, оған қоса кесте мен оның тақырыбы бөлек бетерде болып арасын үзу дұрыс емес. Кестенің рет нөмірі болуы керек, тақырыбы мазмұнын ашатын болсын, ескертуде алынған материалға сілтеме жасалсын.
Материалға тікелей қатысы жоқ деректерді келтірмеу керек.
Кесте мен тексте ұзақ сандарды толық келтіруден қашқан жөн. Ол үшін қажет дәлдікке байланысты өлшем бірлігін ірілендіріп алған дұрыс.
Жұмыста тек жалпыға бірдей қабылданған қысқарған сөздермен шартты белгілерді ғана қолдану керек.
Жұмыста пайдаланылған сандық деректер, тұжырымдар, басқа авторлардың ойлары және дәйексөздер міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемемен көрсетілуі қажет. Бұл сілтемелер сөйлемнің соңында көрсетіледі.
Басқа автордың ойы мен тұжырымын қолданғанда бұл ойларды өзгертусіз пайдалану керек. Дәйексөз мұқият көшіріліп, тырнақшаға алынып жазылады. Басқа авторлардың келтірілген деректерінің дәлдігі мен ойларының анықтығы үшін студент жауап береді.
Әдебиеттерге жасалған сілтемелер олардың әдебиеттер тізіміндегі рет нөмірімен цитаталар алынған беттің нөмірін көрсету арқылы орындалады. Олар жазылу барысында төрт бұрышты тырнақшаға алынуы керек, мысалы [3., 91б].
Курстық жұмыстың соңғы сатысы оның сыртын безендіру болып табылады. Курстық жұмысқа студент қол қоюы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет