Қаржылық есептілікті бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі Бақылау мәселелері



жүктеу 90.51 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі90.51 Kb.


Сыртқы мемлекеттік қаржылық

бақылау жүргізудің

бағдарламаларын әзірлеу

жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

№7 қосымша
Қаржылық есептілікті бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі
Бақылау мәселелері

1. Бұрынғы бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін бақылау объектісінің қабылдаған шаралары.

2. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның белгілеген тәртібімен қаржылық есептілікті жасауы.

3. Мемлекеттік мекеменің бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қаржылық есептілікті ұсынудың мерзімін сақтауы.

4. Бюджеттік есеп пен есептіліктің анықтығы, олардың деректері қаржылық еспптілікті, соның ішінде мыналарды:

1) мемлекеттік мекемелердің барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну кезінде қолданатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидаларды және практиканы қамтитын есеп саясатының бар-жоғы;


2) мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке және жиынтық жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекітудің дұрыстығын талдау;


3) мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мекеменің төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке жоспар) қалыптастырудың дұрыстығы;

4) мемлекеттік мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлудің сәйкестігі, міндеттемелер мен төлемдерді қабылдау мерзімінің әрбір бюджеттік бағдарлама мен кіші бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкестігі;

5) жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізудің негізділігі (енгізілген өзгерістердің саны және бұған негіздердің бар-жоғы, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеудің дұрыстығы және т.б.);

6) жылдық қаржыландыру жоспарын бекіту мерзімінің және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржыландыру жоспарларының жобаларын ұсыну мерзімінің сақталуы;

7) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тұтастай бюджеттік бағдарлама бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде де ұсынылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарын жасау дұрыстығы;

8) қаржыландыру жоспарларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынудың анықтығы, оларды ресімдеудің дұрыстығы, уақтылылығы;

9) республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың төлемдер мен міндеттемелер бойынша түсімдердің жиынтық жоспарын, қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау мен бекіту дұрыстығын талдау;

10) қаржыландырудың жиынтық жоспарларының бюджеттік бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының жылдық сомаларының Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған республикалық бюджетті іске асыру туралы заңды іске асыру туралы қаулысына, ал бастапқы бекіту кезінде шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша - қаржыландырудың жылдық жоспарына сәйкестігі;

11) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджетке түсетін түсімдердің жылдық және айлық жоспары және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспары;

12) қаржыландыруджың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізудің негізділігі (енгізілген өзгерістердің саны және бұған негіздердің бар-жоғы, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеудің дұрыстығы және т.б.);

13) мемлекеттік мекемелерде және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде бухгалтерлік есепті жүргізудің анықтығын, толықтығы мен сәйкестігін бақылау:

- есеп шоттар жоспарларына сәйкестігі, баланста көрсетудің анықтығы, уақтылылығы мен толықтығы, талдамалық есеп деректерінің синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарға, сондай-ақ есептер мен банас деректерінің синтетикалық және талдамалық есептің деректеріне теңгерімділігі;

- жасалған шығыстардың қаржыландыру жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларында көзделген бюджеттік сыныптаманың кодтарына (бағдарламаға, кіші бағдарламаға, өзіндік ерекшелікке) сәйкестігі;

- бастапқы құжаттарды ресімдеудің толықтығы мен анықтығы;

14) бюджеттік есепті жүргізудің анықтығы, толықтығы, сондай-ақ республикалық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті ұсыну уақтылылығы:

- бюджетті атқарудың бухгалтерлік есеп шоттар жоспарына сәйкес бюджетті атқару бойынша барлық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру тәртібінің сақталуы;

- «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №644 бұйрығына сәйкес, республикалық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін, жасалу мен беру тәртібін сақтауы;

- жоғары тұрған бюджеттен алынған және жоғары тұрған бюджетке берілген трансферттерді, бюджеттік кредиттерді республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерде көрсетудің дұрыстығы;

- облыстық бюджеттердің, Алматы және Астана қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің, бюджеттік кредиттердің пайдаланылмаған сомаларын қайтаруының уақтылылығы мен толықтығы;

- республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің деректері негізінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды көрсетудің дұрыстығы;

- республикалық бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау мен беру тәртібінің сақталуы;

- бюджеттік бағдарламалар әкімшілері баланстарының есептік баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық берешегінің жай-күйі туралы талдамалық деректер;

- республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуының уақтылылығы.

5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы қаржылық есептілікті бақылау:

1) төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері бойынша қаржылындарудың жиынтық жоспарының атқарылуы;

2) төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жеке жоспарының, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы;

3) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасаудың толықтығы, анықтығы мен сәйкестігі:

- қолма-қол ақшасының бақылау шоттарын және мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібінің сақталуы;


- бірыңғай қазынашылық шотқа түсімдерді есепке жатқызудың дұрыстығы;

- Бюджет кодексіне және тиісті мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес кірістерді бөлу нормативтері бойынша республикалық, жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қор арасында түсімдерді бөлуді жүзеге асырудың дұрыстығы және кейіннен оларды тиісті қолма-қол ақша шоттарына аудару;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша шотынан Қазақстан Республикасы Ұлттық банкідегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына түсімдер сомаларын аударуды жүзеге асырудың уақтылылығы;

- республикалық бюджеттің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілді трансфертке деген қажеттілігі көлеміне ай сайын болжам жасау;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке сомасын көрсете отырып кепілді трансферт аудару туралы өтінім жіберу;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті дайындау мен берудің уақтылылығы;

- республикалық бюджет бойынша төлемдер жөніндегі түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау мен бекітудің дұрыстығы;

- төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негізділігі;

- республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар берудің дұрыстығы;

- республикалық және жергілікті бюджеттердің уақтыша бос бюджеттік ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің депозиттеріне орналастырудың дұрыстығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық бюджетке түсетін сыйақылар (мүдде) көлеміне болжам жасау;

- мемлекеттік қарыздарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, қарыздарды хеджерлеу бойынша мәмілелерді, бюджеттік кредиттерді, мемлекеттің кепілгерліктерін және мемлекет кепілдігіне берілетін қарыздарды беру, тіркеу және есепке алу тәртібінің сақталуы;

- үкіметтік және үкімет кепілдік берген борыштық міндеттемелер бойынша төлемдердің және үкіметтік сыртқы қарыздардың шоттарынан қаражат алу бойынша опперациялардың есебін жүзеге асырудың дұрыстығы;

- мемлекетік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару және оларға қызмет көрсету тәртібінің сақталуы;

- республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражаты, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерді беру тәртібін сақтауы;

- аккредитивті ашу тәртібінің сақталуы, ол бойынша міндеттемелерді атқару және оны жабу;

- бюджет ақшасын басқару;

- инкассалық өкімдердің атқарылуына қызмет көрсету тәртібінің сақталуы;

- салық және уәкілетті органдардың түсімдер сомаларын бюджеттен қайтару не оларды салық берешегін жабу үшін есепке жатқызу бойынша төлем құжаттарын атқарудың негізділігі мен дұрыстығы;

- бюджеттік кредиттеу нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету;

- бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізудің анықтығы, толықтығы және дұрыстығы.

5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасаудың дұрыстығы, онда бюджет құрылымының, бюджет түсімдері сыныптамасы кодтарының, Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамасының сақталуына назар аудару қажет:

1) есепті қаржы жылына арналған бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджеттің сомаларын көрсетудің анықтығы;

2) есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің кассалық атқарылу сомаларын көрсетудің анықтығы;

3) салықтардың, алымдардың түсімдері және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы есептер деректерінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің деректерімен сәйкестігі;

4) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп деректерінің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері деректерімен сәйкестігі;

5) екінші деңгейдегі банктер арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға тартылатын сыртқы қарыздардың түсуі мен игерілуі туралы деректердің толықтығы;

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі деректерінің және бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын ішкі және сыртқы қарыздардың түсуі мен өтелуі туралы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп деректерінің сәйкестігі;

7) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің кассалық атқарылу сомаларының есепті қаржы жылында атқарылған (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) республикалық бюджет сомаларынан ауытқуының негізділігі және осы көрсеткіштердің пайыздық қатынасы;

8) барлық бюджеттік шоттар бойынша, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алу шоттары, депозиттік шоттар, шетел валютасындағы шоттар бойынша және қызмет көрсетілетін орнына және мақсатына қарамастан сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары бойынша операцияларды енгізудің толықтығы;

9) дебиторлық және кредиторлық берешекті есептілікте көрсетудің және олардың пайда болуының анықтығы;

10) республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде ашылған кореспонденттік шоттарында жатқан республикалық бюджет қаражатын тиісінше көрсету;



11) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті органдарға ұсынудың уақтылылығы.

_____________________________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет