Қаржылық құрал беруге өтініш (кредит желісі, кредит, кепілдік, аккредитив және басқа да банктік қызметтерді)



жүктеу 138.6 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі138.6 Kb.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

корпоративтік клиенттеріне кредит беру ережелеріне

3-Қосымша

Қаржылық құрал беруге өтініш

(кредит желісі, кредит, кепілдік, аккредитив және басқа да банктік қызметтерді)


  1. Өтініш беруші



(Компанияның, ұйымның атауы)

СТН:            

  1. Кредит сомасы:

валютaсы:



  1. Мақсатына қарай пайдаланылуы


  1. Сұратылған мерзім



  1. Ұсынылатын қамтамасыз ету (кепіл)


  1. Бірінші басшы



қызметі, Т.А.Ә.

  1. Орташа тізімдік құрамы



  1. Заңды мекен-жайы, ұйымның іс жүзіндегі орналасуы



(индекс, қала, көше, кеңсе нөмірі )


(телефон) (факс)

  1. Тіркелген күні (қайта тіркелген күні)




Тіркеу туралы куәлік №__________________________, берілді _________________________________________________

қайта тіркелген күні ________________________________________________________

бастапқы тіркелген күні

  1. Меншік түрі



  1. Филиалдар және аффилиирлік компаниялар




  1. Жарғылық капитал:

жарияланған (Жарғы бойынша):

іс жүзінде төленген:







  1. Құрылтайшылар және меншіктенушілер
    (қатысу үлесін көрсете отырып)

Тізбесі:








Жарна (үлес):

  1. Негізгі қызмет түрлері




  1. Осы тектес жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі




  1. Қызмет көрсететін банктер. Барлық шоттарыңызды, басқа да банктік деректемелеріңізді көрсетіңіз



Кредит беру (кредит желісін, банктік кепілдікті және т.б.) мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Біздің өтінімді қарастыру үшін Банкке қажетті құжаттарды дер кезінде беруге және өтінімді қарастыруға

және алуға (кредитті, кредит желісін, банктік кепілдікті және т.б.) байланысты барлық комиссиялық, сақтандыру және басқа да төлемдерді дер кезінде төлеуге кепілдік береміз.1
Мен, __________________________, Өтініш берушінің атынан оның мүддесі үшін

(бірінші басшы)

әрекет етуші ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Өтініште келтірілген мәліметтердің ақиқаттығы мен толықтығы үшін жауапкершілік арқалаймын _____________________________

(қолы)

Бірінші басшы қолы М. О.
Күні

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

корпоративтік клиенттеріне кредит беру ережелеріне

4-Қосымша


Заемшының/Қосарлы заемшының анкетасы
Заемшы/Қосарлы заемшы осы анкетаны толтырған және ақпарат берген кезде оның дәлдігі мен ақиқаттығына кепілдік береді. Заемшы/Қосарлы заемшы осы анкетаны дайындауға жәрдемдескен қандайбір тұлғаға немесе ұйымға ақы төлеуге міндетті емес.


1. Заемшы/Қосарлы заемшы туралы мәліметтер


1. Жалпы мәліметтер

“Банктік деректемелер” жолында өз ұйымыңызға қызмет көрсететін дәлме-дәл банктік мәліметтерді көрсетіңіз.



Ұйымның толық атауы




Заңды мекен-жайы




Телефон, факс




Банктік деректемелер, ағымдағы шоттар (теңгемен, валютамен)





2. Лауазымды тұлғалардың мекен-жайлары

Кестеде үйдің мекен-жайын (тіркелген жерін), телефонды, төлқұжаттық мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсету керек



Басшы (Т.А.Ә.)




Бас бухгалтер (Т.А.Ә.)





3. Ұйымның сипаттамасы

3.1. «Қызмет түрлері» жолында ұйымның қандай қызмет түрлерімен айналысуға құқығы барлығын, қазіргі сәтте ұйым олардың қайсысымен шұғылданатынын атап көрсетіңіз



Қызмет түрлері

1.

2.

3.2. Ұйымды меншіктенушілер (пайызын көрсетіңіз)



Иеленуші

%

1.




2.



3.3. Компания туралы мынадай ақпаратты көрсетіңіз



Ұйымның жұмысы басталған күн




Бүгінгі күнгі қызметкерлер саны







2. Жобаны қаржыландыру құрылымы

4.1.Жобаны қаржыландырудың барлық көздерін көрсетіңіз. «Өз қаражаты» жолында жобаға салынған немесе салынуы мүмкін қаржы көлемін және оның пайда болу көзін көрсетіңіз



Қаржыландыру көздері

Сомасы

1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кредиттері




2. Басқа банктердің кредиттері




4. Өз қаражаты




Жалпы қаржыландыру сомасы



Жобаны қаржыландыру көздеріне басқа банктердің кредиттері және/немесе басқа да тартылған қаражат қамтылған жағдайда өз Кредиторларыңызды, мақсатына қарай пайдаланылуын, оларды өтеу талаптары мен кепілдіктерін көрсетіңіз.





3. Кредиттің қамтамасыз етілуі

Кестеде ұсынылып отырған қамтамасыз етуді және оның сомасын көрсетіңіз. Қамтамасыз ету ретінде тауарлар кепілі берілген жағдайда бірлік тауардың түрін, сұрпын, санын және сомасын көрсетіңіз.



Қамтамасыз ету (кепіл) түрі

Саны

Сомасы

1.







2.







Барлығы:







Қамтамасыз етуді (кепілді) және оның құнын бағалауды Банк маманы жүзеге асырады. Кепілдің бағалау құнынан 60% құрайтын сома мыналардан тұрады: кредит сомасынан және есептелген пайыздардың сомасынан.




4. Кредиттік тарих

Кестеде компанияның жұмыс істеуі барысында пайдаланылған барлық банктік несиелерді және қазіргі сәтте пайдаланылып отырған және өтелмеген несиелерді көрсетіңіз.



Кредитор

Сома

Кредиттік шарт бойынша өтеу мерзімі

Пролонгация- лар

Іс жүзінде өтелген күн

1.













2.














Өз қолыңызды қою арқылы сіз өтінімнің мазмұнымен танысқаныңызды және берілген ақпараттың дәлдігіне кепілдік беретініңізді растайсыз.

Басшы: _____________________
Бас бухгалтер: _____________________
М.О.

Күні


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

корпоративтік клиенттеріне кредит беру ережелеріне

5-Қосымша
Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі қызметтің қызметкерлері клиенттерден сұрайтын құжаттардың стандартты топтамасы

1. Қаржылық құралды беруге өтініш.

2. Заемшының/Қосарлы заемшының анкетасы.

3. Жобаға қатысушылар туралы мәліметтер. Жылдық есеп, серіктестің жарнамалық материалдары, анкета, ұсыныстар.

4. Ұйым құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері:


  • жарғы;

  • құрылтайшылық шарты (Заң қызметінің немесе Қауіпсіздік қызметінің сұратуы бойынша);

  • әділет органдарында тіркелу (қайта тіркелу) куәлігі;

  • салық төлеуші куәлігі;

  • қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар құжат;

  • жарғылық капиталдың төленгенін (жарна) дәлелдейтін құжаттар (Заң қызметі сұратқан жағдайда);

  • Заемшының/Қосарлы заемшының қарапайым акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан артық пайызын иеленушілерден бастап Заемшының/Қосарлы заемшының жарғылық капиталындағы қарапайым акцияларының (қатысу үлесінің) түпкілікті иеленушілеріне дейінгі Заемшының/Қосарлы заемшының жарғылық капиталындағы барлық үлестерді меншіктенушілер туралы ақпаратты ашатын Заемшының/Қосарлы заемшының қарапайым акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан артық пайызын иеленушілердің реесті немесе құрылтайшылық құжаттары;

- Заемшының/Қосарлы заемшының/үшінші тұлғаның қатысушысы өкілінің сенімхаты (Банкке берілетін құжаттарға ұйымның сенімхат бойынша әрекет етуші өкілі қол қоятын жағдайда). Сенімхат Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде берілген жағдайда Банкке Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес рәсімделген, Қазақстан Республикасының резиденті еместің уәкілетті тұлғаға заңды тұлғаны (Заемшыны/Қосарлы заемшыны) басқару құқығына сенімхаты беріледі;

- Заемшының/Қосарлы заемшының қатысушысының (акционерінің) жеке басын куәландыратын құжат (Заемшының/Қосарлы заемшының қатысушысы (акционері) жеке тұлға болған жағдайда).

Өтінім қайта қаралған жағдайда Клиент құрылтайшылық құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда ғана нотариалдық куәландырылған көшірмелерін береді.

5. Заемшының/Қосарлы заемшының/үшінші тұлғаның қатысушысы өкілінің сенімхатының түпнұсқасы
(
Банкке берілетін құжаттарға ұйымның сенімхат бойынша әрекет етуші өкілі қол қоятын жағдайда).

6. Заемшының/Қосарлы заемшының қатысушысы (акционері) жеке тұлға болған жағдайда Заемшының/Қосарлы заемшының құрылтайшысының/акционерінің жеке басын куәландыратын құжат.

7. Салық бойынша берешегі, міндетті зейнетақылық жарналары бойынша және әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама және (немесе) салық қызметі органдары берген, кредиттік өтінім берілген күннен бұрын, ағымдағы күнгі жағдаймен салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегі бар немесе жоқтығын дәлелдейтін салыстыру актісі.

8. Қызмет көрсетуші банктердің анықтамалары:


  • несиелік берешектің барлығы/жоқтығы туралы (Банктің фирмалық бланкінде);

  • банктік шоттары бойынша соңғы жылғы айларға бөлінген айлық орташа айналымдары туралы.

9. Кепіл мәндеріне құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары (Банктің кепіл мәндерімен жұмыс ережелеріне сәйкес) және кепілдік құжаттары. Кепілдік немесе кепіл болушылық берілген жағдайда қосымша осы қосымшаның 4–6, 9, 10 және 15 –тармақтарына сәйкес кепілгер немесе кепіл болушы бойынша құжаттар беру қажет.

10. Жоба бойынша бизнес-жоспар (ақшалай қаражат ағындарының болжамы, жаңа өндіріс болған жағдайда сұратылған мерзімге арналған кірістер мен шығыстар болжамы және осы тектес өндіріс/қызмет көрсету түрі болған жағдайда – өткен екі жылға арналған кірістер мен шығыстар болжамы, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы, сұратылған қаржыландыру құрылымы, компания (компаниялар тобы) құрылымы, басқарушы қызметкерлердің міндездемесі, осы тектес мәмілелерді жүзеге асыру тәжірибесі, тұтынушылар және бәсекелестер, жеткізушілер, баға саясаты мен өнімді өткізу стратегиясы, өндіріс үдерісі мен технологиясы, компанияның бизнесі туралы ақпарат қоса беріледі.

11. Ұйымның (компаниялар тобының) есептемесі:


  • компанияның (компаниялар тобының) соңғы 3 жылдағы және есептік жылдың соңғы тоқсанындағы бухгалтерлік және қаржылық есептемесі, оның ішінде жиынтық негіздегі есептеме (компаниялар тобы бірнеше компаниядан тұрған жағдайда);

  • әрбір есептік күнге арналған дебиторлық және кредиторлық берешек расшифровкасы;

  • баланстың ірі баптарының, баланс бойынша елеулі өзгерістердің, кірістер мен шығыстар туралы есептің расшифровкасы.

12. Спецификация, техникалық құжаттаманы, кедендік декларацияларды, сәйкестік сертификаттарын, төлем құжаттарын қоса отырып жеткізушілермен және сатып алушылармен келісім-шарттары.

13. Қазақстан азаматтары үшін:



  • бірінші басшының және бас бухгалтердің жеке куәліктерінің көшірмелері және жеке СТН;

Шетел азаматтары үшін:

  • Қазақстан Республикасында еңбек етуге берілген рұқсаттың көшірмесі;

  • Тіркелу туралы белгісі бар көші-қон карточкасының көшірмесі.

14. ҚР резидент еместері үшін:

  • жеке тұлға-резидент емес үшін – тұрғылықты тұруға ықтиярхат;

  • ҚР-да тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға – резидент емес үшін – заңды тұлғаның ҚР әділет органдарында есепке тұрып тіркелгенін дәлелдейтін құжат.

15. Мәміленің мақұлдануына байланысты ұйым құжаттары:

  • уәкілетті органның бірінші басшыны сайлау (тағайындау) туралы шешімі/ Заемшының/Қосарлы заемшының/кепіл берушінің/кепілгердің/кепіл болушының атынан барлық құжаттарға қол қою құқығымен бірінші басшыны ауыстыратын басқа тұлғаға берілген сенімхат;

  • уәкілетті органның қаржылық құрал тарту және нақты мүлікті кепілге беру/кепілдік/кепіл болушылық беру туралы шешімі;

  • уәкілетті органның нақты мүлікті кепілге беру/кепілдік/кепіл болушылық беру туралы үшінші тұлғалардың алдындағы өтініші бар шешімі (қажет болған жағдайда);

  • уәкілетті органның кепіл мүлікті соттан тыс тәртіппен сату туралы шешімі;

  • уәкілетті органның бірінші басшыға Банкпен тиісті шарттарды бекіту өкілеттігін беру туралы шешімі;

  • Заемшымен арада бекітілген Кредит желісін ашу туралы келісімнің шеңберінде бірнеше заңды тұлға қаржыландырылған жағдайда – Заемшының жоғарғы басқарушы органының келісім бойынша қаржыландыру алатын барлық үшінші тұлғалар үшін жауапкершілікті теңдей толығымен қабылдау туралы шешімі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тиісті шешімдері

16. Заемшы/Қосарлы заемшы/кепіл беруші болатын заңды тұлға акционерлік қоғам ретінде құрылып жұмыс істеген жағдайда мынадай құжаттарды беру қажет:

  • Заемшы/Қосарлы заемшы/кепіл беруші болатын заңды тұлғаның кредиторларына баспасөз бетінде («Казахстанская правда» газеті) ірі мәміле/мәмілелер жасалғаны туралы хабарландыру, егер мәміле сомасы заңнамамен белгіленген мәміле сомасының акционерлік қоғам активтерінің баланстық құнына шаққандағы арақатынасынан артық болған жағдайда;

  • бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есепті бекіту туралы хабарландыру;

  • уәкілетті тұлғаның қолымен тиісті түрде куәландырылған акционерлердің реестрі немесе реестрден үзінді;

  • бағалы қағаздар эмиссиясы туралы тіркеу куәлігі (қажет болған жағдайда);

  • дауыс беру бюллетені;

  • директорлар кеңесін сайлау туралы жоғарғы органның шешімі.

17. Заемшы/Қосарлы заемшы, кепіл беруші, кепілгер/кепіл болушы рөлін жеке тұлға атқарған жағдайда мынадай құжаттарды беру қажет:

  • Заемшы/Қосарлы заемшы, Кепіл беруші, Кепілгер/Кепіл болушының жеке басын куәландыратын құжат;

  • Заемшы/Қосарлы заемшы, Кепіл беруші, Кепілгер/Кепіл болушының салық есебіне тұру дерегін дәлелдейтін, тіркеуші орган берген, белгіленген үлгідегі құжат;

  • Жеке тұлға - Заемшы/Қосарлы заемшы, Кепілгер/Кепіл болушының жалақысын және/немесе басқа да кірістерін көрсететін және дәлелдейтін құжат;

  • Заемшы/Қосарлы заемшы, Кепілгер/Кепіл болушының тұрғылықты жерін дәлелдейтін құжат (азаматтарды есепке алу кітабы, тұғындарды есепке алу кітабы және т.б.);

  • Заемшы/Қосарлы заемшының, Кепіл берушінің, заттай кепіл болушының мүлік Банкке кепілге берілген жағдайдағы мүлікке билік жүргізуге ерік білдіруін дәлелдейтін құжаттар (оның ішінде мүліктің барлық кәмелетке толған меншіктенушілерінің (отбасы мүшелерінің, басқа да тұлғалардың) егер кепілге ұсынылып отырған мүлік ортақ бірлескен меншікте болған жағдайда кепіл мүлікті соттан тыс сатуға және кепілге беруге берген нотариалдық куәландырылған келісімі), сондай-ақ кепіл берушінің Банкке кепілге ұсынылып отырған мүлікті меншіктену құқығын дәлелдейтін құжаттар (құжаттар Банктің кепіл мәндерімен жұмыс ережелеріне сәйкес айқындалады).

18. Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісімі – қаржылық құрал беру туралы өтінішпен Банкке алғаш рет жүгінген жағдайда Заемшының/Қосарлы заемшының (оның ішінде ол кепіл беруші болған жағдайда), Кепіл берушінің - заттай кепіл болушының, кепілгердің, кепіл болушының.

19. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті кредиттік есепті алушыға беруге келісімі – қаржылық құрал беру туралы өтінішпен Банкке алғаш рет жүгінген жағдайда Заемшының/Қосарлы заемшының (оның ішінде ол кепіл беруші болған жағдайда), Кепіл берушінің - заттай кепіл болушының, кепілгердің, кепіл болушының.


Мәлімет үшін: жоғарыда аталған құжаттарды қарастыру барысында қосымша сұрақтар туындауы мүмкін және Банк толық талдау жасау үшін қосымша қажетті құжаттар мен анықтамаларды сұрап алуға құқылы.


1«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Өтініш берушіге кредит беру мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдауға септігін тигізе алады деп Банк тарапынан жорамалданатын, Өтініш иесіне белгілі немесе белгісіз кез-келген тұлғаға жүгіну құқығын сақтап қалады. Өз қолыңызды қою арқылы Сіз өтінімді қарастыру талаптарымен танысқаныңызды және оған келісіміңізді беретініңізді, берілген ақпараттың дәлдігіне кепілдік беретініңізді растайсыз.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет