«арман» санаторийінің жаңа келбеті ертай Айсұлу



жүктеу 64.19 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі64.19 Kb.
«АРМАН» САНАТОРИЙІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ
Ертай Айсұлу

yertay_aisulu@mail.ru

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі-А.Г.Гиззатжанова
Санаторлы – курорттық емдеу – арнайы орындар мен минералды су, емдік балшықтар, жылы қайнар бұлақтар және т.б. сияқты табиғи факторларға негізделген санаторлы – курорттық зоналарда кешенді емдік – профилактикалық көмек деген түсінік береді. Санаторлы – курорттық емдеуді көбіне ең табиғи, физиологиялық деп санауға болады. Көптеген ауруларда, әсіресе ремиссия кезінде, яғни, өткір ауру беті қайтқаннан кейін ең тиімді юолып табылады. Табиғи емдеу факторларымен қатар санаторлы – курорттық орталықтарда өзіне сай техникаларымен физиотерапия, диетотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, иглорефлексотерапия кеңінен қолданылады. Осының бәрі дәрілік препараттарды ең аз мөлшерде қолдануға, көптеген жағдайда олардан мүлдем бас тартуға мүмкіндік жасайды [1].

Қазақстан сияқты ешбір ел өзінің бай курорттық ерекшеліктерімен мақтана алмайтын шығар себебі, біздегі курорттық зоналардың ерекшелігі мен түрлілігі сан алуан. Бірақ, еліміздегі пост кеңестік кезеңдегі курорттар заманауи халықаралық стандарттар талабына сай келмейді. Сондықтан, Қазақстанда керемет дамыды, мына курорт халықаралық стандартқа сай дейтіндей курорттарымыз жоқтың қасы. Бірақта, қазіргі инновациялық дәуірдің дамуында санаторлық-курорттарды жаңа серпінмен дамыту талабы өткір мәселе болып тұр.

Қазақстандағы санаторлы – курорттық емделудің тарихы жиырма үш жылдық тәуелсіздік тарихының шегіне кетеді. Қазіргі таңда еліміздің территориясында белгіленген санда санаторлы – курорттық орындар жұмыс жасайды. Еліміздің әрбір аймағында аурудың түрлерін барынша табиғи жолмен емдейтін санаторлы – курорттық орталықтар ашылған. Бұл орталықтардың Қазақстанда тұратын халық үшін маңызы өте зор [2].

Мысалы, Юрмаладағы «Белоруссия» санаторийі 2013 жылы дамудың жаңа идеясын ұсынып отыр, олар өз санаторийлерінде емдеу үрдісіне иттерді пайдаланып, туристерді қызықтыруда. Мамандардың айтуы бойынша иттердің емдеуге пайдалану анималотерапияның (емдеу үрдісіне жануарларды пайдалану) бір түрі деп еептейді. Итпен емдеу арнаулы жаттығулар арқылы, писхолог немесе реабилиотолог арқылы іске асады. Сабақтар арнаулы киногпен кіші бес адамдық топпен жүргізіледі. Адамдар: күйзеліс, жүйке аурулары, дене бітімі аурулары, балалар аутизмі, балалар аутизмі, паралич ауруларын, ойлау т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Осындай ерекше санаторийлерге көптеген туристер барып, осы санаторийдің атақтығы күннен күнге артуда.

«Арман» санаторийі Оңтүстік Қазақстан облысынан 130 шақырым км, Сарыағаш ауданының Көктерек елді мекенінде орналасқан. Көктерек елді мекенінің климаты құрғақ әрі континентальды болып саналады. Жазы қапырықты, қысы жұмсақ әрі қысқа, емделуге қолайлы жер. Өзінің алғашқы емделушілерін 1982 жылы 12 тамызда қабылдаған. 1992 жылдан бастап барлық союз елдернің Ішкі Істер Министрлігінің емделушілерін қабылдаған, ал 1993 жылдан бастап Қазақстанның Ішкі Істер Министрлігінің барлық жұмысшыларын қабылдай бастады. [3].

«Арман» санаторийінің қазіргі бәсекелестігін арттыру үшін оған, келесідей ноу-хау керек сияқты. Оны балаларға арналған емдік шипажай ретінде құруды ұсынуға болады.

Шипажайдың бұлай ерекшеленуіне бірнеше факторлар әсер етеді:


  • қазіргі жастардың спортқа көптеп қызығуы;

  • мемлекет тарапынан спортты қолдау;

  • халықты спортқа баулу;

  • ерекше ноу-хау енгізу;

  • ғарышкерлердің демалыс, сауықтыру орталығына айналу;

  • туристерді тарту.

Осы «Арман» шипажайын дамытудың негізгі мақсаттары: «Арман» шипажайының имиджін арттыру, келушілер ағынын арттыру, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы шипажайға айналдыру.

Шипажайды дамыту үшін бірнеше келелі істер атқару керек:



  1. Ғимарат түрін жаңа заман талаптарына сай қайта қалпына келтіру керек. Ғимарат түрі балалар символдарды бейнелейтін «Бөбек» типінде қайта қалпына келтіру ұсынылады.

  2. Мемлекет тарапынан ұйымдастырылған дұрыс саясат, яғни барлық кезде осы шипажайға балалардың қайта қалпына келу жағдайларын ұйымдастыру және білікті мамандармен кеңесе отырып, өздерінің физикалық жаттығуларын табиғат аясында өткізу. Себебі, климаттық жағдайы өте ыңғайлы болып табылады, маусымның көп бөлігі жылы, ыстық болып табылады.

  3. Шипажайдың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторын анықтау. Оны анықтау бірнеше келелі блоктарға бөліп қарастыруға болады, индикаторлар тұрғын халықтың жағдайына лайықталып алынады (кесте 1)

Кесте 1 - «Арман» шипажайының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторлары [3]



Блоктар

Блоктар іші

Блок 1. Өмір сүру деңгейі

1.1 Демографиялық көрсеткіштер

1.2 Ата-аналардың табысы



Блок 2. Білім беру мен қаржының экономикалық базасы

2.1Өндірістік сектор

2.2 Еңбекпен қамту

2.3 Инвестициялық қызмет

2.4Бюджет



Блок 3.

3.1 Демалушылардың саны

3.2 Ұсынылған жатын -күндер

3.3Ұсынылған жатын-күндердің өсімі

3.4 Санаторийде демалушылардың өсімі

3.5 Жолдама сатудан кіріс

3.6 Санаторийдің салық үлесі

3.7 Жалпы ақылы қызмет көлеміндегі санаторлық-емдік қызметінің үлесі


Блок 4. Қызметтер саласы мен шаруашылығы

4.1Ақпараттық қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану

4.2 Білім беру

4.3 Тәртіп сақтау


Блок 5. Экология

5.1 Рекреациялық, емдік, тарихи-мәдени бағыттағы жерлер

5.2 Бақтық – парктік аумақтар

5.3 Табиғи жағдайдағы физикалық жаттығулар

«Арман» шипажайының географиялық орналасуы өте ыңғайлы, оның айналасында кіші елді мекен орналасқан, екі-үш ірі қалалар орналасқан, яғни демографиялық көрсеткіштер қолайлы болып табылады.

2. Шипажай білім беру мен қаржының экономикалық базасы блогында негізгі өндіріс көзі балшықпен емдеу болып табылады, сондай –ақ, осы өңірдегі халықтарды жұмыспен қамту стратегиясын қолданады және негізгі инвестициялық қорды жеке инвестициялық қолдаудан, яғни осы ел азаматтарынан іздейді. Және бюджет үнемі шипажайды қалыпты ұстауға бағытталады, ондағы негізгі қаражат келесі 1 суретте көрсетіледі:

Сурет 1 - «Арман» шипажайының бюджеті [3]

Ескерту: Автормен құрастырылған
Сондай-ақ, шипажайдағы бюджет көлемі үнемі шипажайды қалыпты жағдайда ұстауға және күнделікті қажетті өнімдерді әкелуге бөлінеді. Оның мөлшерлі жағдайы келесі 2 суретте көрсетілген:

Сурет 2 - Шипажайдың бюджет бөлінісінің көрінісі.

Ескерту: Автормен құрастырылған
Суреттегі барлық көрсеткіштер, осы жердің, елдің өз өнімдері болғандығы қадағаланады, бірақта, бізде, әсіресе, денсаулығы шектеулі адамдарға арналған арнайы құралдардың болмауына байланысты, оларды шетеледерден арнайы тапсырыспен алдырылады, ол әсіресе, Германия мен Израиль мемлекеттері.

Келесі келелі блок демалушылардың бірнеше сегментін қабылдайды, олар әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалар мен спорт мектептерінде оқитын оқушыларды қабылдайды. Мысалы, Қазақстанның бірнеше қалаларында спорт мектептері бар: Алматы қаласында Бекзат Саттарханов, Балуан Шолақ атындағы және Астана қаласындағы мектептер. Сондай-ақ, бізде көптеген балалар, түрлі жарыстарға қатысады, түрлі жүлделерге ие болады, осындай балалар мен жасөспірімдерді де осы шипажайда қабылдау орынды болар еді.

Келем деушілерге шипажай өз қызметін ұсынады, олардың бір ерекшелігі, қабылдаушыларды жас шамасына қарай бөліп, өз бағдарламаларын ұсынады. Шипағайға келушілердің күндері шектелмеген және шипажай арнаулы күнделікті келіп-кетушілер өз қызметін ұсынады.

Шипажай өз қызметтерін жарнамалау барысында, жергілікті және облыстық, республикалық ақпарат көздерін пайдаланады. Шипажайда білім беру ісі үнемі іске асырылады, әсіресе, онда мүмкіндігі шектеулі балаларды өмір сүруге үйрету сабақтары көптеп жүргізіледі, сабақтарды арнаулы дайындалған білікті мамандар іске асырады, мысалы, сөйлеу мәнері бұзылған балалар мен физикалық жүктемеден кейін оңалу үрдістерін үйрету, массажды дұрыс жасау сабақтары, ойлау қабілетін арттыру сабақтары (әсіресе, шахмат, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, асық ату) ұйымдастырылады.

Емделушілердің өзіндік бағдарламаларына сай түрлі емдік, тарихи, мәдени жерлерге маршруттар ұйымдастырылады (мысалы, Түркістан қаласы, Ташкент қаласы, т.б.). Маршрут жетекшілері ретінде «Туризм» мамандығының менеджерлері алынады, ол оы аумақтағы туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Шипажай маңайында «Балғын балалық шақ» атындағы бақтық-парктік алаң ұйымдастыру керек, онда келген туристердің түрлі бағдарламалық жаттығулары орындау, рекреациялық күшін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.



Емделушілердің емдік бағдарламалары жеке бекітілген емдеу процедурасына байланысты емдеуші дәрігердің бекітуімен іске асырылып, немесе кішігірім топтармен ұйымдастырылады. Шипажайдың емдеуші дәрігерлері арнаулы дайындықтан өтіп, олар балалардың физикалық ерекшеліктерін білетін мамандар ретінде қабылданады.
Қолданылған әдебиет

  1. http://www.bibliotekar.ru/420/77.htm Домашний Доктор. Справочник. Глава XXIII. Санаторно курортное лечение

  2. http://articlekz.com/article/8208 Санаторно-курортный комплекс Казахстана: особенности и перспективы развития.

  3. http://eltour.kz/arman_saryagash. Арман Сарыагаш


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет