Қадырғали Жалаири Кім білімді көп біліп, көңілді тұрса, оның дәулеті артады.
Қадырғали Жалаири Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу – ой мешеулігі.
Ғабиден Мұстафин Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ.
Жүсіп Баласағұн Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік.
Жүсіп Баласағұн Білікті – білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп өтер.
Ахмед Иүгінеки Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.
Ахмед Иүгінеки Білім өшпес жүрекке жанған шырақ,
Ол – көк сауыт, құрыштай қару-жарақ.
Рудаки ... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.
Қаныш Сәтбаев Білгенге: білім – байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасындай.
Омар Шораяқұлы Оқыса білім бұлағы,
Оқыса елдің ұланы, -
Тірілтіп, елге жан бітіп,
Елі үшін жұмақ қылады.
Бейімбет Майлин Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Ақансері Қорамсаұлы Білімнен қымбат нәрсе жоқ,
Көңілде жатса баспай тот...
Нұрпейіс Байғанин Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.
Әбдірахман Жәми Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.
Ахмет Байтұрсынов Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет.
Әл-Фараби 1.Сындарлы оқыту теориясы негізделген тұжырым
А) оқушылардың ойлауы мұғалімнен алған жаңа білім негізінде ғана жетіліп дамиды
В) оқушылардың ойлауы мен білім дағдылары олардың сыныпта алған білімінің негізінде дамиды
С) оқушылардың ойлауы алған біліміне байланысты емес, оның генетикалық-тектік негізіне сәйкес дамиды
Д) оқушылардың білімі сыныпта оқығанға қарағанда, өздік жұмыстар есебінен тиімді дамиды
Е) оқушылардың бұрынғы алған білімдері жаңа білімдерімен үйлескенде ойлауы дамиды
2. Оқу материалын ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы игеруге бағытталған оқытудың диалогтік әдісі
А) практикалық жұмыс
В) әңгіме, кеңес
С) дидактика
Д) талдау
Е) түсіндіру
3. Оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын негізгі фактордың бірі
А) оқушыны қалай бағындыру керегін мұғалімнің білуі
В) оқушыларға мұғалім қоятын талаптарды білуі
С) оқушының өз қалағанын айтатынын мұғалімнің білуі
Д) мұғалімнің сыныпта не болу керек екенін түсінуі
Е) мұғалімнің оқу нәтижелілігін бағалауды игеруі
4.Дискуссия әдісінің мақсаты
А) ақпаратты талдау
В) сапаны қалыптастыру
С) тәрбиені арттыру
Д) көзқарас пен сенімді қалыптастыру
Е) оқыту үдерісін қалыптастыру
5.Ғаламторды қолдануда мұғалімнің ең басты мақсаты оқушыларды
А) сайттарды құруға үйрету
В) подкастілерді қолдануға үйрету
С) сыныптастармен ақпараттарды бөлісуге үйрету
Д) wiki-беттерін редакциялауға үйрету
Е) жеке ақпаратты құпия сақтауға үйрету
6.Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдісі
А) зерттеу
В) танымдық ойындар
С) иллюстрация
Д) түсіндіру
Е) демонстрацияя
7.Топтық талқылауда кездесетін кумулятивтік әңгіменің сипаттамасы
А) топтағыы қатысушылар өзара келісімге қол жеткізуге тырысады
В) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады
С) пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады
Д) айтылған идеялар топта үнемі мұқият бағалана бермейді
Е) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады
8. Іс-әрекеттерді қалай іске асыру керектігі туралы білім терең сақталатын жады түрі
А) семантикалық жады
В) жедел жады
С) рәсімдік жады
Д) жұмыс жадысы
Е) эпизодтық жады
9.Басқаларды бақылай отырып, жаға мінез-құлық қалай қалыптасатынын білуге болады деген тұжырымға негізделген оқу тәсілі
А) гуманистік тәсіл
В) әлеуметтік -жағдаяттық тәсіл
С) танымдық тәсіл
Д) бихевиористикалық тәсіл
Е) психологиялық тәсіл
10.Ш.А.Аманашвили пікірі бойынша оқушы өміріндегі мұғалімнің рөлі
А) жұмысқа бар уақытын арнайды
В) ойды жақсы нәрсеге бағыттауды үйретеді
С) балаларға үлгі бола алады
Д) нағыз мұғалім сөз, ой, әрекет бірлігін сақтауды ұмытпайды
Е) сабақьа жаға технологияны қолданады
11. Оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабар беруді көздейтін бағалау мақсаты
А) кері байланыс ұсыну
В) қиындықтарды анықтау
С) стандарттарды бақылау
Д) болжау және сұрыптау
Е) оқыту стилін бақылау
12. Бағалау тиімділігі артады
А) мониторинг жасағанда
В) формативті бағалау барысында
С) жазба жұмысын жүргізуде
Д) жиынтық бағалау жасағанда
Е) нәтижелі кері байланыс жасағанда
13.Тапсырманы орындауға кеңес берілмегендіктен, оқушының қабілеті жетіп тұрса да, тапсырманы орындай алмауы (Дж.Флейвелл)
А) шектеулі уәжділік
В) өнімділік тапшылығында
С) өзіне сенімсіз болуы
Д) оқуға салғырттық
Е) зерігудің орын алуы
14.Бағалаудың негізгі мақсаттарының бірі оқушылар мен мұғалімдерге білім, түсіну және дағды туралы хабар беру
А) оқудағы қиындықтарды анықтау
В) кері байланыс ұсыну
С) стандарттарды бақылау және орындау
Д) оқыту стилін бақылау
Е) болжау және сұрыптау
15.Бағалаудағы қателіктер
А) ата анамен байланыс орнату
В) бұрынғы бағаларға жуықтап баға қою
С) сыныпты бөлу әдісі
Д) жауапкершілікті болу әдісі
Е) баланы мадақтау әдісі
16. Тиімді білім ортасын қалыптастырудың негізгі факторларының бірі
А) оқушының өзін өзі ынталандыра алатынын мұғалімнің білуі
В) оқушының өз бастамасымен оқитынын мұғалімнің түсінуі
С) оқу үдерісін қалай құрылымдауды мұғалімнің білуі
Д) сыныпта не болып жатқанын мұғалімнің түсінуі
Е) оқушыларға қойылатын талаптарды мұғалімнің білуі
17. Оқытудың зерттеу әдісі басты назар аударады
А) оқушының жинақтылығына
В) оқушының шығармашылдық ізденісіне
С) оқушының жасына
Д) оқушының талабына
Е) оқушының сыныппен жұмысына
18. Модульдік оқыту бөлімінің саны
А) 4
В) 6
С) 3
Д) 2
Е) 5
19. Велосипед жүргізу туралы білімімізді сақтауға жауап беретін жады түрі
А) рәсімдік
В) кездейсоқ
С) семантикалы
Д) ұзақ мерзімді
Е) жұмыс
20. Блум таксономиясына сәйкес жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу деігейі
А) бағалау
В) жинақтау
С) қолдану
Д) түсіну
Е) талдау
21. Педагогтың метатанымы:
А) педагогикалық қызығушылықпен байланысты
В) педагогтың басшылық ету стильмен байланысты
С) педагогикалық қызметтің жеке стильдерімен байланысы
Д) педагогикалық қызметтің жеке стильдерімен байланысты емес
Е) педагогтың талап етуімен байланысты
22. Білімді жаңа жағдайларға орайластыру және әртүрлі мән мәтінмен алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқу қабілеті
А) дәстүрлі моральдік пайымдау
В) нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
С) нормативтіктен кейінгі моральдік пайымдау
Д) ұқсастық бойынша пайымдау
Е) зерде теориясы
23. Топтық тәрбие формалары
А) сынып ұжымы
В) ұжым, шағын ұжым
С) мектеп ұжымы
Д) шығармашылық топтар,шағын үйірмелер
Е) ата- ана кеңесі
24. Оқушының ғылыми көзқарасының қалыптасуына әсер етеді
А) модульдік оқыту
В) догмалық
С) мониторинг
Д) бағдарламалық технология
Е) проблемалық оқыту
25. Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану Блум таксономиясының қай қадамына сәйкес
А) қолдану
В) жинақтау
С) талдау
Д) түсіну
Е) бағалау
26. Сыныпқа қатысты «Қара жәшік» метафорасы қолданылады. «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
А) оқушыларға стратегиялар ұсыну
В) мүмкіндіктердің барлығын қарастыру
С) жаңа жағдайларға тез бейімделу
Д) оқушымен бірге критерийлерді талдау
Е) нақты сандық ақпарттарды алу
27.Ғылыми педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдіс-түрлері
А) әңгімелесу, пікірлесу
В) талап қою, сұрақ қою
С) дамыту, ұйымдастыру
Д) ауызша оқыту, талдау
Е) бақылау, әңгіме, сауалнама
28. Ынталандыру әдістері
А) мадақтау
В) өзін өзі бақылау
С) жаттығу
Д) әңгіме
Е) жазалау
29.Сынып жетекшісінің оқушыларды зерттеу әдісіне жатады.
А) бақылау
В) байқау
С) жұптық ойын
Д) дедукция
Е) топтық әңгімелесу
30. Оқу үшін бағалау әдісінің бағыты
А) пәнді терең білу
В) оқушылардың оқуына ықпал ету
С) оқушыларды дамыту
Д) тәрбие беру
Е) оқытуды жақсарту мүмкіндіктерін анықтау
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Тест Орындаған:Нұрсұлтанова.Д.Н
Тобы: МИФ-401
Тексерген: Сабиров А.Р
Атырау 2022-2023 оқу жылы