Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту



бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі263.5 Kb.
#177978
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту
үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және
арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттiк қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) ұйымдастырушылық-құқықтық, меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан арнайы бiлiм беру ұйымдары көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 16-бабымен реттеледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарының ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz. Сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң аяқталу нысаны бiлiм беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабы болып табылады.
      6. Аталған қызмет жеке тұлғаларға – 7-18 жас аралығындағы мүмкiндiгi шектеулi балаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      құжаттарды қарау өтiнiш түскен сәттен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      8. Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күнделiктi сағат 08.00-ден бастап 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет бiлiм беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетiлетiн бөлме көлемi, орналасуы және сырт пiшiнi жағынан сапалы қызметтердi ұсыну талаптарына сай келедi. Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшiн бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:


      1) психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) жолдамасы;
      2) қабылдау туралы өтiнiш (еркiн үлгiде);
      3) туу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      4) бiлiм алушының қорытынды аттестаттаудан өткенiн куәләндыратын және тиiстi бiлiм беру деңгейi бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартты меңгергенiн растайтын бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжат (куәлiк, аттестат).
      5) 3x4 көлемiндегi 2 фотосурет;
      6) медициналық анықтама;
      7) екпе паспорты
      8) жылдың ортасында бiр мектептен басқа мектепке ауысқан жағдайда мектептiң мөрiмен расталған және қол қойылған бағалар ведомосы мен мектептiң психологиялық - медициналық - педагогикалық консилиумының шешiмi (мамандардың жалпы пiкiрi).
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу туралы ақпаратты бiлiм беру ұйымдарының стендтерiне орналастыру қажет.
      13. Толтырылған өтiнiштер, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасына (директор, мектеп директорының орынбасары) тапсырылады.
      14. Өтiнiштiң қабылдау нөмiрi мен күнi, құжатты қабылдап алған комиссия мүшесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген қолхат мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат болып табылады.
      15. Мемлекеттiң қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәсiлi – мемлекеттiк қызметтi алушының жеке қатысуы болып табылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Бiлiм беру ұйымының қызметi мына қағидаттарға негiзделедi:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығының сақталуы;
      2) қызметтiк мiндеттi орындау барысындағы заңдылық
      3) әдептiлiк;
      4) жан-жақты және толық ақпарат беру;
      5) қорғау және құпиялықты сақтау;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы дер кезiнде ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi алушының заңды өкiлi осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайы көрсетiлген тиiстi жергiлiктi атқарушы органның бiлiм бөлiмiне хабарласуына болады.


      21. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      22. Егер заңды өкiл қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғарғы инстанцияның қарауын қажет етсе, заңды өкiл шағымын жазбаша түрде Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 11-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жiберуiне болады.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағымдану кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушының арызы қажет.
      25. Қабылданған шағымдар уәкiлеттi органның кiрiс хат-хабарлар журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
      Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу    


бағдарламалары бойынша оқыту үшiн  
мүмкiндiктерi шектеулi балалардың   
құжаттарын қабылдау және      
арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1-қосымша                 

Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң кейiнгi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есеп беру жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Дер кездiлiк

1.1. Құжат тапсыру кезiнен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесi)










2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Құжаттардың дұрыс рәсiмделу жағдайларының % (үлесi) (есептелген сомалар, есептер ж.б.)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен қызмет көрсетудiң реттiлiгi жөнiнде ақпарат жайлы қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2. Тұтынушы толтырған құжаттардың дұрыстығы және бiрiншi кезден ақ өткiзiлген жағдайларының % (үлесi)










3.3 Ғаламтор арқылы қолжетiмдi болған қызметтер, ақпараттар % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы саны бойынша қызмет түрi жайлы дәлелдi шағымдар % (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған дәлелдi шағымдар % (үлесi)










4.3. Қазiргi бар шағымдану тәртiбiмен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмдерiмен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)










5. Әдептiлiк

5.1. Қызметшi персоналдың әдептiлiгiне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет