Арнайы карталар



бет2/2
Дата24.12.2023
өлшемі27.24 Kb.
#487804
1   2
Дәріс 12

Арнайы карталарды құрастыру

Карта белгілі жүйелікте құрастырылады, нақты айтсақ:
а) картографиялық торды және ишкі рамканы құру;
б) негізді құрастыру;
в) арнайы жүктеуді құрастыру;
г) сыртқы рамканы құру және рамка сыртын дайындау.
Картографиялық торды құрып болған соң ішкі рамканы құрастырып және ойып орнатылатын карталардың қабырғаларын салу қажет.
Ойып орнатылатын карталардың көлемін шамамен аздау алу керек, дәлірек шартты белгілермен толтырғаннан кейін істеуге болады.
Картаның негізін және арнайы жүктеуін құрастыру тәсілдері біреу – географиялық координаталар мен нүктелерді орналастыру және сол нүктелер арасында сызықтарды жүргізу.
Карта құрастырған кезде акпарат- картасы мен құрастыратын картаның торлар тығыздылығы әр түрлі болу мүмкіндігі сирек емес. Сол кезде керек жерлерде координаталық торларды тығыздату керек, айқындырақ айтқанда басқа картада бар меридиан мен параллелдерді жүргізу қажет.
Негізді құрастыру кезінде белгілі тізбекті сақтау керек. Картаға ең басты мұхит пен теңіздердің жағалау сызықтары түсіріледі, содан соң ірі озендер мен екінші дәрежелі құйылулар. Одан кейін жолдар мен шекараларды орнатуға болады, ең соңында елді мекендер.
Картаның арнайы жүктемесін тек негізін бітірген соң құрастыруға болады. Мазмұннын көп болғандығынан аранайы жүктемені құрастырудың белгілі бір тізбекі жоқ. Бірақ бір жалпы ереже бар соған сәйкес алдымен нүктелерді (белгілердің ортасы), сосын сызықтарды (изосызықтар, сапалық фонның шекаралары) түсіреді [1, 2].
Физика-географиялық және экономика-географиялық карталарды құрастыруында өзгешілік бар. Физика-географиялық карталарда арнайы жүктемесі мен негізі картаның барлық ауданына салынады. Ал экономика-географиялық карталарда арнайы жүктемесі картаның тақырыбы болып саналатын ауданға ғана құрастырылады.
Негізді және арнайы жүктемені құрастырып болған соң картаның аңызын құру керек. Аңызда ең басты арнайы жүктеменің сосын негіздін шартты белгілерін жазады. Сол кезде қажет болған жағдайда ойып салынатын бөліктің көлемін өзгертуге болады.



      1. Арнайы карталарды безендіру

Түсті бояу үшін қолданатын тәсілге байланысты безендіру реті екі жақты болу мүмкін. Егер аудандарды бояуда болса (мысалы, картаграмма немесе сапалық фон) ең басты тушпен сызбас бұрын картаны бояп алу керек.
Аңыздағы шартты белгілерді безендіруді картаны безендірумен қатар жүргізу керек әйтпесе сол көлемдер мен түстерді сақтау қиынға түседі.
Аңыздан басқа, сыртқы рамка мен рамка сыртының безендіруін еретерек бітіруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет