2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Психиатрия және наркология негіздерінің жалпы зерттеу объектілеріне орталық және перифериялық нерв жүйесі, тұлғаның психикалық функциялары мен қалыптасу ерекшеліктері жатады.
Психиатрия медицинаның маңызды және өзекті пәндерінің бірі болып табылады. Қазіргі психиатрия әлеуметтік саясатпен, мәдениеттанумен, мінез-құлық туралы ғылымдармен, биологиялық ғылымдармен және жалпы медицинамен тығыз байланысты. Бұлардың ішінде қазіргі психиатрияның -психикалық денсаулықты қорғау, психиатриялық көмекті ұйымдастыру, әлеуметтік психиатрия, клиникалық психиатрия, оның ішінде геронтопсихиатрия, балалар және жасөспірімдер психиатриясы (микропсихиатрия) тараулары да бар.
Қазіргі кезеңдегі жалпы медицина дәрігері науқасты және оның туыстарын тексерудің клиникалық және қосымша әдістерінің негізінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде тиісті профилактикалық шаралардың объектісі болатын жоғары қауіп тобын анықтауы тиіс.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзыреттіліктердің дамуына бағытталған.
Рөлдермен берілген құзыреттіліктер
|
Оқытудың соңғы нәтижелері
|
Салыстырылмалы үлестірілімі
|
Б.1. ҒАЛЫМ-ЗЕРТТЕУШІ (1)
|
БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады. (ОН1)
|
0,4
|
Б.2.2 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)
|
НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастардың шағымын жинақтау, физикальды зерттеу жүргізу, анамнез жинақтау, зерттеу жоспарын тағайындау, зерттеу нәтижелерін оқу, дифференциальды диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әр түрлі жаңдайлардағы патологияларды ескере отырып оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі (ОН8)
|
0,3
|
Б2.3. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді. (ОН11)
|
0,2
|
Б.2.5. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)
|
ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ: аурудың алдын алу мен реабилитация қағидаларын түсінеді. (ОН13,ОН14)
|
0,1
|
Достарыңызбен бөлісу: |