Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнеткерлерге



жүктеу 15.23 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі15.23 Kb.
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 11 қазандағы ІІІ сессиясының №16 шешіміне сәйкес, 1,0 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (2013 жылы 1731 теңгені құрайды) арнайы қалалық жәрдемақы (халық аузында – «дорожные» деп аталып келген) Алматы қаласында тұрақты тұратын, келесідей санаттағы азаматтарға:

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнеткерлерге;

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

- бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі созылмалы ауруымен ауыратын, бірінші топ мүгедектеріне;

- Ұлы Отан Соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғаларға, сонымен қатар 1941 жыл 22 маусым - 1945 жыл 9 мамыр аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет жасаған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медаларымен марапатталмаған тұлғаларға тағайындалып, төленеді.

Жәрдемақы алуға алғаш рет өтініш берген азаматтарға тіркеуде тұрған тұрғылықты жері бойынша Басқарманың аудандық бөліміне келесі құжаттарды тапсырған күннен бастап тағайындалады:



1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжа;

3) жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткердің куәлігі немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының куәлігі);

4) салық төлеушінің тіркелген номері туралы анықтама (СТН);

5) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)жәрдемақы төлейтін уәкілетті органдағы шот нөмірі туралы мәлімет.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет