Тифлопедагогика - грек сөзінен «Ііріоз» - соқыр деген атау алып, бастапқыда тек соқырлардың педагогикасымен ғана айналысты. Қазіргі уақытта тифлопедагогиканың объектісі тек соқырлар ғана емес, сондай-ақ көздері нашар көретіндер жэне де амбиопиясы немесе ақилығы бар балаларда оның объектісі болып табылады.
Тифлопедагогика - көруінде әртүрлі бүзылыстары бар адамдарды оқыту мен тэрбиелеу эдістерін қарастыратын дефектология саласы.
Көзі көрмейтіндерге арналған ең алғашқы оқу-орнын тифлопедагогикалық негізін қалаушы Француз педагогы Гаюи Парижде ашты. Шетелдерде XVIII - ХІХғғ Көзі көрмейтіндерге арналған мектептер Үлыбританияда, Австрияда, Германияда, АҚШ-та қүрылды. Бүл оқу орындарында көзі көрмейтіндер жазуға, оқуға, есептеуге жэне музыкаға оқытылды.
XIX ғасырдың ортасынан бастап көзі көрмейтіндерді жазуға, оқытуға үйретуде, Луи Брайльдің (1829ж) жасаған рельфті шрифті кең қолданыла бастады. Көзі көрмейтіндерге арналған көптеген рельфті алфавиттердің ішінде (Галь, Лукас,Барбе) және т.б Брайль шрифті жазуға оқытуға үйретуде тиімдірек болды.
Көзі көрмейтіндер компьтерді және калькуляторды жедел пайдалануына арналған эртүрлі еңбектер жасалынды.
Ресейде көзі көрмейтіндерге арналған алғашқы мектеп 1807ж ашылды. Ресейде тифлопедагогиканың дамуы Грот, Скребиский тығыз байланысты, Көзі көрмейтіндерге арналған мектеп тэрбиеленушілері жалпы білім беретін мектептердің 3,4 сынып көлеміндегі білімін жэне кэсіби даярлықта меңгереді. Бірақ бүл оқыту көзі көрмейтін балалардың 4-5 процентін ғана қамтыды.
Қазіргі таңда Ресейде көзі көрмейтіндер 70 түрлі кэсіп меңгеріп шыға алады.
Луи Брайль 1809 жылы 4 қаңтарда Францияның кішкентай бір қалашығында дүниеге келген Ол 3 жасқа толған кезінде көзін пышақпен зақымдап , көзі қабынып көрмей қалды.Бірақ Брайльдің ата-аналары оны эртүрлі еңбек дағдыларына үйретті. Музыка мүғалімдерін үйіне шақырып оны скрипкада ойнауға да үйретті. Брайль жергілікті мектепте кэдімгі саусақ көмегімен алфавитті де үйренді 1819 ол Париждегі көзі көрмейтіндерге арналған институтқа түседі. Бүл институт тэрбиелеушілері, сауаттылыққа, музыкаға тоқымаға үйретілетін. Ал сабақ та рельфті шрифпен шығарылатын кітаптар пайдаланылды. Көрсеткен пэндер бойынша оқулықтар жеткіліксіз болғандықтан оқыту эдістемесі көбінесе ақпаратты есту арқылы қабылдауға негізделеді. Луи Брайль институтта қабілетті тәрбиеленуші болғандықтан, оған 1828ж оқуды бітіргеннен соң оқытушы бір жүмыс істеуге үсыныс жасалынады.. Париж институтында оқып жүргізгенде ол Галон әдісімен жэне де оқуға арналып жасалып эріптермен танысады. Барін эріптері картонға тесіліп жазылатын жэне оны сипау арқылы оқитын, бірақ оның жаңалығы қолдануға тиімсіздеу болды. Әріп таңбалары өте үлкен болатын , бірақ, бүл жүйе Брайльге шығармашылық күш берді ол эр эріптерді, сандарды химиялық жэне физикалық белгілерді ноталарды дэл көрсетіп шерльфті шрифт жасауды ойлады. Ол бүл жүйесін жасаумен 1824 ж 15 жастан бастап айналысты жэне жүйедегі алғашқы нүсқасын 1828ж институт кеңесіне қарауға үсынды , бірақ ол қолдау таппады. Олар балалардың жасаған шрифтерін көзі көретін оқытушыларға ыңғайлы емес деп тапты. 1837 ж көзі көрмейтіндердің табанды түрде үсынумен институт кеңесі бүл мэселені қайта қарады. Бүдан соң, Брайльдің рельфті шрифтерін Францияның қысқаша тарихы басылып шықты ең соңында Брайльдің жасаған жүйесі көзі көрмейтіндерге арналған ең жақсы жүйе ретінде танылды.
Қазіргі таңда Брайль алфавитімен кітап шығаратын ең ірі орталық Лондондағы көзі көрмейтіндерге арналған Коралевский национальный институт. Ол үздіксіз кітаптар, газеттер, музыкалық жүмыстарды, емтихан қүжаттарын т.б кітаптарды көптеп шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |