3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Пәннің мақсаты:
Студенттерге қазіргі кездегі практикалық психологияның өзекті мәселелері, әдістері және тәсілдерімен таныстыру, сондай–ақ, практикалық психологтардың іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін психологиялық құбылыстардың ғылыми практикалық талдауын жасауға білімдері мен іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру және кәсіби-практик психологтарды даярлау.
Пәннің міндеттері :
- студенттерге түзету психологиясының негізгі теоретикалық білімдерін қалыптастыру.
- практикалық психология негіздері бойынша психологиялық білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды жүйелеу және бағытталған психологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
- кәсіби-психологиялық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- практикалық психодиагностика және психологиялық коррекция (түзету) ептілігін қалыптастыру және дағдысын дамыту;
- практикалық- психологиялық технология туралы жүйелі түсініктерді дамыту;
4. ГЛОССАРИЙ
Альтернативтік гипотеза – нәтижесінің мазмұны басқа гипотезадан өзгеше түсіндірілетін экспериментальды зерттеудің гипотезасы
Альтернативтік шешімдер – басқа шешімдер сияқты неғұрлым шындыққа жанасатын кейбір проблемалардың мүмкін болатын шешімдерінің бірі
Психодиагностикалық әдістемелердің құндылығы (валидность психодиагностической методики)– берілген әдістеме бойынша алынған нәтижелердің бастапқы ойға сәйкестілігі.
Іріктеу – зерттеу жүргізуге болатын адамдар тобы
Іріктеу дисперсиясы – эксперименталды және психодиагностикалық мәліметтерді таратудың математикалық-статистикалық көрсеткіші
Гипотеза – арнаулы дәлелдеулерді талап ететін, ғылыми негізделген қойылған проблеманың мүмкін болатын жауабы.
Потенциалды даму зонасы – Адамның психологиялық өзін дамытуындағы жасырын мүмкіндіктері
Бөлу заңы – варианталар мәні мен оларға сәйкес ықтималдықтар арасында байланыс орнататын математикалық ара қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |