Кейде табыс жалғаудағы сөздің шығыс септіктің орнына не керсінше айтылатыны да
бар:
Ол оттан аттап өтті - Ол отты аттап өтті. Олар оттан айналды- Олар
отты айналды. Олар таудан асып кетті- Олар тауды асып кетті, т.б.
Бұл тек қазақ тіліне ғана тəн өзгешелік емес, Н.К. Дмитриев «Гагаузские этюды»
деген еңбегінде гагауз тілінде барыс септіктің орнына табыс септіктің жиі
қолданылатынын көрсетеді.
Қазақ тілінде табыс жалғаулы сөздің салт етістікпен байланысты барыс септіктің
қызметінде жұмсалуы гагауз тіліндегідей етек алмаған.
Дегенмен ондай мысалдар
ауызекі тілде, кейде көркем əдебиетте кездесіп отырады: Атқа міне шапты. Атты міне
шапты. Атқа міндім. Атты міндім.
Тура толықтауыш өзі қатысты сөзден қашықтап тұрғанда, əр уақытта жалғаулы
болады, ал ол сөзбен қатар тұрғанда, кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: