Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет39/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88
синтаксис кітап

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Анықтауыш дегеніміз не? 
2. Анықтауыштың жасалу жолдары қандай? 
3. Анықтауыштың түрлері 
4. Айқындауыш дегеніміз? 
5. Анықтауыш пен айқындауыштың айырмашылығы. 
Пайдаланатын əдебиеттер 
1.Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алм.1992. 
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
5. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006 
ПЫСЫҚТАУЫШ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
ЖОСПАРЫ: 
1. Пысықтауыш туралы түсінік 
2. Пысықтауыштың жасалу жолдары 
3. Пысықтауыштың түрлері 
4. Қорытынды 
Тірек сөздер; Пысықтауыш туралы түсінік, мезгіл, мекен, себеп-салдар, амал, 
қимыл-сын пысықтауыштар т.б.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі- пысықтауыш. Ол да анықтауыш сияқты, 
басқа сөздің, əйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын 
бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан, пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Дегенмен ол 
екеуінің елеулі айырмашылығы бар: анықтауыш заттық ұғымы бар сөздердің – зат 
есімдердің, субстантивтенген басқа есімдердің - əр алуан сапасын, меншіктілік - тəндік 
қатнасын білдіру үшін жұмсала, пысықтауыш, негізінде, заттың қимылдық сапасының 
сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, анықтауыш зат есімнен болған мүшені, 
пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтайды. Сондықтан көбінесе анықтауыш 
қызметінде жұмсалатын сөздер етістікке қатысты болып етістіктен болған мүшені 
«анықтаса», оларды пысықтауыш деп атаймыз. Мысалы, Үйге үш кісі кірді- дегенде, үш 
- пысықтауыш.
Бұл сөйлемдерде найзадай, жақсы, үш анықтауыш қызметінде де, пысықтауыш 
қызметінде де өздері қатысты сөздермен қабыса байланысқан, екеуінде де лексикалық 
материалы мен тұлғалары бірдей. Дегенмен олардың айырмашылығы бірде зат 
есімдерге, бірде етістіктерге қатысты болуында ғана емес, сол арқылы грамматкалық 
мағыналардың да өзгеше болуында. Бұл өзгешелікті оларға қойылатын сұрақтарға 


қарап та байқауға болады; найзадай (қандай шоқы?), найзадай қадалды (қалай 
қадалды?), жақсы бала (қандай бала?), жақсы сөйледі (қалай сөйледі?). Сөйтіп 
пысықтауыштар көбінесе етістік баяндауыштарға қатысты болып, мезгілді, мекендік, 
себеп-салдарлық т.б. мағынаны білдіреді. 
Бір қатар авторлар пысықтауыштардың жанама толықтауыштармен шендес елетін 
кейбір қасиеттеріне қарап,оларды сөйлемнің бес мүшесінің бірі деп есептелмей, 
толықтауыш қатарына қосып қарайды. Кейде жанама толықтауыштардан 
пысықтауыштардың жігін айыру өте қиын екені рас, бірақ солай екен деп 
«пысықтауыш» деген сөйлем мүшесін жоққа шығару дұрыс болмайды.
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер- үстеу мəндес есімдер, сапалық 
есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын 
септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер.
Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай былай бөлінеді: мезгіл 
пысықтауыш, мекен пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, амал пысықтауыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет