Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет52/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88
синтаксис кітап

Жақсыз сөйлем.  Бастауышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бірқатарын, 
жоғарғыдай, толымсыз сөйлемдерден айыру үшін, мектеп грамматикаларында 
«жақсыз» сөйлем деп атап жүрміз. Олардың үш жақтың біріне тəн белгілі 
грамматикалық бастауышы болмайды. Мысалы: Баланы жаман үйретпеу керек.
Егер жақсыз сөйлемдердің түрлері əдеби тіліміз қалыптаспай тұрған кезде елеусіз 
болып, аз жұмсалатын болса, осы күнгі əдебиеттерде оның түр-түрі сараланып жиі 
жұмсалатын болады. Сонда да «жазықсыз сөйлем» деген термин – шартты атау.


Ондай сөйлемдерді орысша «безличное предложение» дегеннің аудармасы 
ретінде «жазықсыз сөйлем» деп атағанымыз болмаса, қазақ тілінде дəл орыс тіліндегіде 
жазықсыз сөйлем де, ондай сөйлем жасайтын, стемнело, мне не спится сияқты өзгеше 
жақсыз етістіктер де жоқ. Дұрысында, біздің жақсыз сөйлем деп жүргеніміздің 
баяндауыштарының белгілі жағы болады. Бұл сөздер көбінесе үшінші, екінші жақта 
айтылады. Сөйтеді де. олар кейде бастауышы жоқ сөйлемнің баяндауышы болып 
жұмсалады: Ол кезде көмірді қауғамен тартатын. Не істеу керек? Көне беруге тағы 
болмайды.
Əрине, бұл сөйлемдердің бастауыштарының айтылмауы – Москва бардым, не 
көрдім? – Туысқан, туған ел көрдім деген сияқты сөйлемдермен бір емес. Соңғыда 
бастауыштың мен екені айқын да, одан бұрынғы сөйлемдердің бастауыштары ондай 
белгілі, айқын емес. Сабақтан қалуға болмайды деген сөйлемнің баяндауышы үшінші 
жақта айтылған. Бірақ оның грамматикалық бастауышы үшінші жақта ІІІ жақтық ол, 
олар деген есімдіктер емес. Өйткені бұл сөйлем бір адамға айтылуы да, көп адамға 
айтылуы да, өзіне, тыңдаушыға айтылуы да мүмкін.
Сөйтіп, бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-əрекет 
баяндауыш үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем 
болады.
Жақсыз сөйлемдердің түрлері. Жақсыз сөйлемдердің түр-түрі олардың 
баяндауыштарына қарай айрылады. Олардың баяндауыштары көбінесе күрделі болады 
да, мынадай құрамда жұмсалады:
1.-у, -мақ жұрнақты тұйық рай тұлғалы қимыл есімі мен керек сөздерінен 
құралған баяндауышы бар сөйлемдер көбінесе жақсыз сөйлем болады: Бізге көбірек 
оқу керек. Əркімге де тезірек өту керек. Бұл жұмысты тез қолға алу керек. Осы 
мысалдардағыдай, керек сөзі бар жақсыз сөйлемдерді «жақты» етіп те айтуға болады.
2. Барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістікке есімше, көсемше тұлғалы етістікке 
бол етістігі көмекші болу арқылы жақсыз сөйлем жасалады. Тұқымды құрғатпай – ақ 
себе беруге болады. Отырықшы дегендердің өздерін де көшпелі деп есептеуге болады.
Күрделі баяндауыш құрамында барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістіктен кейін 
тура келу көмекшісі айтылу арқылы да жақсыз сөйлем жасалады. Саған аздап 
досыңның желігін басуға тура келер. Сендермен хош айтысуға тура келіп тұр.
4. Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен болған күрделі баяндауыштың 
құрамында мүмкін (мүмкін емес) сөзі айтылу арқылы да сөйлем жақсыз болады:
Сан жүзіндегі адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес еді. Əріне, мұндай 
жағдайда маған мұнда оқытушы болып қалуға мүмкін емес еді.
Кейбір есімді сөйлемнің құрамында барыс жалғаулы толықтауыш болса да, 
сөйлем жақсызға айналады. Мысалы: (Ол) жұмаққа бармақ шығар – Оған қайдағы 
жұмақ!
5. Бірдеңені арман ете айтылатын күрделі баяндауышты сөйлемнің негізгі сөзі 
келер шақтық есімше болып, одан кейін сұраулы –ма ме шылау жəне көмекші – е (ді, 
дің) етістігі айтылып та жақсыз сөйлем жасалады.
Бұл сөйлемдерің баяндауыштарына кім шабар ма еді? Кім жатар ма еді? деп сұрақ 
қойып бастауышын іздесек, онда мен, сен, ол, біз, сіз дегендердің бірі алдымызға 
көлденең тартыла қалмайды. Олардың бірінің орнына кім болса сол, мен де, сен де, ол 
да деген ұғым пайда болады да, ол тек ойда сақталып, көпке тəн мағыналық бастауыш 
болады. Сол сияқты, Өзін барып көретін екен! -Əкем-ай, айтуға да ұят, айытпауыма да 
болмай тұр деген сөйлемдер де – сондай жақсыз сөйлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет