Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Белгісіз жақты жəне жалпылама жақты сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет53/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88
синтаксис кітап

Белгісіз жақты жəне жалпылама жақты сөйлемдер. Бірқатар сөйлемнің 
граммтикалық бастауышы ерекше айтылмайды да, істелген іс-əрекет, əйтеуір, бір 
белгісіз субъектілерге тəн болып ұғынылады. Мысалы: Қалпақты қыста киймейді, 


жазда киеді деген сөйлем–жақты, бірақ бастауышы белгісіз. Осындай бастауышы 
белгісіз – жақты сөйлемдер былай жасалады. 
1.ІІІ жақ, ауыспалы шақ тұлғалы етістіктерден болған баяндауыштар осы шақтық 
мағынада айтылу арқылы кейде бастауышы белгісіз сөйлем жасалады:
Ол жақта жылкының етін жемейді. Нарларды көбінесе жүкке пайдаланады.
2.Өткен, келер шақтық, 3 – жақтық тұлғадағы етістіктер не есімшілер баяндауыш 
болғанда, сөйлемнің бастауышы белгісіз болуы мүмкін.
Оның ұлдарын, сүйікті ұлдарын, ертең əкеткелі отыр, - əкеткенде де біржола көз 
көрмеске əкетпекші…
Кейде баяндауышы ІІ жақтық жіктік жалғауда айтылған сөйлемдердің 
бастауыштары болмай, үш жаққа бірдей ортақ мағынада, жалпылауыш жақты сөйлем 
болып жұмсалады. Қарағандының кешегі өткен күйін адам баласының көзі көрмесін.
Бұл сияқты жалпылауыш жақты сөйлемдер мақалды, мəтелді сөйлемдерде жиі 
кездеседі. Жақсы жерде жатсаң, жақсы-жақсы түс көрерсің,
Жаман жерге жатсаң, жаман-жаман түс көрерсің,
Еңбек етсең, емерсің.
Толымды жəне толымсыз сөйлем. Сөйлем арқылы хабарланатын ойға қатысты 
сөздер кейде түгел айтылып, кейде олардың кейбіреулері ғана айтылуы мүмкін. 
Мысалы: Сырдың суы ышқынып ағады деген сөйлемде, ондағы ойға қатысты мүшелер 
түгел айтылған.
Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем толымды болады да, ойға қатысты 
мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер иолымсыз болады.
Толымсыз сөйлемде тұрлаулы жəне тұрлаусыз мүшелердің бірі не бірнешеуі 
түсіріліп айтылуы мүмкін Бірақ сол түсірілген мүшенің қай сөз екені алдыңғы 
сөйлемнен, толымсыз сөйлемдегі басқа мүшелердің жалғауларынан, сөйлемдердің
сөздердің өз ара қатысынан белгілі болып тұрады. Толымсыз сөйлемдер əсіресе сөйлеу 
тіліне, солай болғандықтан, диалогтысөйлемдерге тəн:
Кім жазды?
Слесарь Лапшин.
Бұл екі сөйлемнің алдыңғысында не жазғаны айтылмаған. Слесарь Лапшин деген 
сөйлемде анықтауыш пен бастауыш қана айтылған. Ал баяндауыш пен тура 
толықтауыш ерекше айтылмаған. Сонда да өз ара сөйлеуші кісілерге де, оларды 
оқушыларға да əңгіме не жайында болып отырғанын мына үзіндіден толық аңғаруға 
болады.
Өз ара беттесіп сөйлескен кісілер арасындағы тілдестік қатынас толымсыз 
сөйлемдерді өзінен - өзі түсінікті етіп тұрады. Ондайда сөйлемді толымды етіп айту 
стильдік қате болады. Диалогты сөйлемдердің əрқайсысы жəне оларға берілетін 
комментарий сызықшамен айрылып жазылады.
Дəметкен, мынаны қарашы… ойбай-ау, не бетімді айтайын, мына шіркін шашын 
қырқып қойған ба? 
Көйлегін қара! 
Масқара!… 
Мына біреу жалаң аяқ қой… 
Тпа, бəлекет, өзіңмен кет! 
Жасы келдіңіз, Мейрам Омарович! Іздеп отыр едік, -деді Щербаков. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет