тынышланыңдар: Кел, балалар, оқылық! Дегендерде, жолдастар, балалар деген сөздер
сөйлемдегі өзге сөздермен жалпы мағыналық байланыста тұр, бірақ олармен меңгеру-
меңгерілу, қиысу, қабысу
сияқты байланыста тұрған жоқ, олардан бөлектеніп шығып
тұр. Мұндағы жолдастар, балалар дегендердің айтылу əуені де басқаша.
Осылардай, сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланысқа енбей,
олардан дауыс
ырғағы арқылы бөлектеніп айтылатын сөздер сөйлемдегі оқшау сөздер болады. Олар
оқшауланып айтылуына лайық, жазуда басқа сөздерден белгілі тыныс белгілерімен,
көбінесе үтірмен, бөлінеді.
Сөйлемдегі оқшау сөздер белгілі мүшелік
қызмет атқармағанмен, сөйлем арқылы
айтылатын ойды дəлдеңкірей түсуде ерекше қызмет атқарады. Олар сөйлемге тигізетін
мағыналық əсеріне қарай жəне қандай сөздерден жасалуына қарай үшке бөлінеді:
қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз.
Қаратпа сөз. Қаратпа сөздің сипаттамасы. Біреуге арналып айтылған сөйлем оның
кімге арналғанын білдіретін сөз не сөз тіркесі болуы мүмкін.
Қаратпа сөз диалогта, шешендік сөзде, үндеуде, поэзияда жəне түрлі хаттар мен іс
қағаздарында қолданылады. Осыларда олардың жұмалу мақсаты, мағыналары əр түрлі
болады. Айтылған ойдың кімге арналғанын, кісінің оған назарын аударумен қатар, олар
сөйлеушінің көңіл күйін, модальдықты, кісінің сезімін білдіреді. Ол үшін
қаратпа
сөздердің мағыналары, тұлғалары, құрамы құбылып отырады.
Шырағым, сен
абыржыма.
Қаратпа қызметінде жұмсалатын сөздер, көбінесе кісінің аты, фамилиясы, əкесінің
аты жəне кім? деген сұрақ қоюға болатын шырақ, нағашы, апа сияқты зат есімдер. Олар
бұл қызметте түбір күйінде, көптік, тəуелдік жалғаулы қалпында – атау септігінде –
жұмсалады:
Дəмелі, бақшаға барайық, - деді Рахмет.
Ақа, қозың бүгін түгел ме?
Түгел, қарағым.
Əй, Олжабек, бері кел.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым?
Отыра қал, тумалар,
Төңірегімді қаумап.
Қарағым, бермен кел, Бізге де көңіл бөл.
Қазақ тілінде біреуді жақсы көріп жылы лебіз білдіру үшін қаратпа орнына қалқам,
күнім, айым, сəулем сөздерін балама етіп айтады.
Көркем əдебиетте, əсіресе өлеңдерде, дала, Отаным,
Қаскелең, өлең,домбыра
сияқты не? сұрағы қойылатын жансыз зат есімдер де жанды заттың баламасы ретінде
қаратпа сөз қызметінде жұмсала беріледі:
Тыңда,
дала, жамбылды,
Тыңда,
Қастек, Қаскелең,
Сөйлесін кəрі бауырың.
Кейде, əсіресе əрі сұраулы, əрі лепті сойлемдерде, қаратпа сөздер қайталақтап не
басқа сөзбен алмастырылып екі рет айтылуы мүмкін:
Бала, ай бала, қайдасың? – деді аттылы адам.
Ау, Барша, қарағым-ау, мұның қалай?
Қаратпа сөздер дара жəне сөз тіркесінен құралған күрделі болуы мұмкін.
Достарыңызбен бөлісу: