ə) Басыңқы компоненттегі іс - əрекет, жай – күйдің болу–болмауының
шартын
білдіреді яғни шарттық қатынаста тұрады. Бірақ бұл мағына баяндауышы өткен шақтық
есімшенің жатыс жалғаулы түрінен болатын бағыныңқы жай сөйлемнің негізгі
мағынасы емес, контекске қарай ие болатын көмекші мағынасы. Сондықтан мұндай
мағыналық қатынаста ол өте сирек кездеседі.
1. Өткен шақтық есімше көмектес септікте айтылып, бағыныңқы сөйлем
баяндауышы болады. Мұндай баяндауышы
бар бағыныңқы компонент өз
басыңқысымен тек қарама – қарсы мағыналық қатынаста ғана тұрады. Сүйіндік қанша
солғын
болғанмен, өзге көпшілік олай емес еді.
Өткен шақтық есімше –ша,ше жұрнақты формада тұрып, бағыныңқы компонент
баяндауышы болады. Мұндай баяндауышты бағыныңқы жай сөйлем өз басыңқысымен
екі түрлі мағыналық қатынаста тұрады.
а) Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс -əрекет, жай- күйді мезгілдік
жағынан айқындап тұрады: Мен қорқыныш үнін
шығарғанша, ол менің бетімді
əлденмен тұмсалап та үлгереді.
1. Өткен шақтық есімшенің –ша, -ше жұрнақты түріне аяқталған бағыныңқы
компоненттің өз басыңқысымен мезгілдік қатынасы жоғарыда келтірілген жатыс
жалғаулы түрінікінен өзгеше. Мұнда бағыныңқы компоненттегі іс-əрекет болып
үлгергенше, басыңқы əрекет бітіп кетеді. Бұл – басыңқы
компонентінің баяндауышы
өткен шақты білдіретін сабақтас сөйлемдерге тəн қасиет.
ə)
Бағыныңқы
компоненттегі
іс-əрекет
басыңқыдағы
іс-əрекетпен
салыстырмалық қатынаста қолданылады да, басыңқыдағы іс-əрекетті істеудің
салыстырмалы шарты екендігі айтылады.
4. Атау, кейде шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше соң шылуына тіркесіп,
бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауышта бағыныңқы
компонент өз басыңқысымен екі түрлі мағыналық қатынаста тұрады.
а) Басыңқы компоненттегі іс-əрекеттің бағыныңқы компоненттегі іс-əрекетті
білдіреді. Кейінгілер шығып
болған соң, құтылғанына қуангандай Əсия келді.
Молда
маған орын
нұсқаған соң, Оразал мен оның қасындағы бала араларын аша берді.
ə) Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс - əрекеттің себебін білдіреді.
5. Өткен шақтық есімше сайын шылауына тіркесіп, бағыныңқы компонент
баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде басыңқы компоненттегі іс - əрекет
бағыныңқыдагы іс - əрекет болған сайын болып отыратындығы баяндалады.
6. Шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше кейін шылауына тіркесе айтылып,
бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде басыңқы
компоненттегі іс - əрекет əрдайым бағыныңқы сөйлемдегі іс - əрекеттен
кейін болып
отырады. Тор – орысша жаза, сөйлей білерлік қана дəрежеге
жеткеннен кейін, Тілеміс
оны əрі қарай оқытпайды.
7. Барыс жалғаулы өткен шақтық есімше шейін, дейін шылауларына тіркесе
айтылып, бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде
бағыныңқы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-əрекеттің қай уақытқа дейін
болғандығын я болатындығын яғни мезгілдік шегін білдіреді. Оспан жүріп кеткенге
шейін,
тоңғанына қарамай, соның қасында бəйек болып жүрді. Олар бөктер жолымен
айналып
жеткенге дейін, мына төтесімен сіздер де барып қаласыздар.
8. Шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше бері шылауына тіркесіп, бағыныңқы
сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент
басыңқы компоненттегі іс- əрекеттің басталу шегін, солай екендігін білдіреді. Мысалы:
Ол жұмысқа
шықканнан бері, қалтасынан дəрі - дəрмек арылмайтын.
9. Өткен шақтық есімше
шақта, кезде, уақытта, мезгілде, сəтте, күні, жылы,
Достарыңызбен бөлісу: