əрекеттің мақсатын білдіреді. Мысалы, Күзетші
сезіп қалмау үшін, біз жыраның
ішімен еңбектеп кеттік.
Жай сөйлемдерді
бір-бірімен ұшырастырып, құрмалас сөйлем жасауда шешуші
роль аткаратын шылау сөздердің екінші түрі-жалғаулықтар. Олардың қатарына
мыналар жатады:
а) себептестік қатынасты білдіретін сондықтан, себебі,сол себепті, өйткені,неге
десең жалғаулықтары;
ə) мезгілдестік, өсіңкілік қатынасты білдіретін жəне, да, де, та,те, əрі
жалғаулықтары;
б) қарсылықты
қатынасты білдіретін-бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда,əйтсе
де,ал, дегенмен жалғаулықтары;
в) кездестік, талғаулық, бірдейлестік қатынасты білдіретін бірде, біресе, кейде,не,
немесе, болмаса,əлде,я, яки жалғаулықтары;
г) бейтараптық қатынасты білдіретін мейлі,күй жалғаулықтары.
Мұндағы əр топқа бөлген жалғаулықтардың басын біріктіретін ортақ
қасиеттерімен бірге, бір топқа жата тұрса да, олардың əрқайсысының тек өзіне ғана тəн
ерекшеліктері де болады.
Ол ерекшеліктер кейін сөз болады.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру қызметін жоғарыда аталган
жалғаулықтармен қатар, жалғаулық мəніде қолданылатын солай бола тұрса да, солай
дегенмен де, сөйте тұрса да, олай дейтін себебі, бұлай дейтін себебі дегендер тəріздес
тіркестері де аткарады.
Шылаулардың қай түрі болса да, жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып
яғни тек дəнекерлік қызметті ғана аткарып қоймайды,
сонымен бірге, құрмаласып
тұрған жай сөйлемдердің мағыналық қатынастарына да еоеулі əсерін тигізеді, олардың
мағыналық қатынастарын айқындай, күшейте түседі. Мысалы, Дүниеде түрме
барын,оған жазықты адамдарды қамайтынын Хакім білетін,
бірақ ешбір қылмысы жоқ
жанды түрмеге отырғызатынын,оны айыптап, басына пəле жабатынын ол білмейтін.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыруда жалғаулықтар мен демеулердің
дəнекерлік рольдерінің дəрежесі бірдей емес. Салаласа құрмаласқан сөйлемдердің
көпшілігінде жалғаулықтар сөйлемді құмаластырушы негізгі тұлға болмайды, онсыз да
бар байланысты күшейте түсетін көмекші тұлға болып табылады. Сондықтан
жағаулықты түрде айтылған кейбір құрмаластарды, құрмаластық қасиетін сақтай
отырып, жалғаулықсыз түрде айтуға да болады. Мысалы: Оңайға қызығып кете ме деп
қауіптеніп едім,
бірақ олар барлаушыла əдетін бұзған жоқ.
Ал септеуліктер арқылы құрмаластыратын сөйлемдер мұндай құбылысқа
көнбейді. Өйткені септеуліктер араласқан сөйлемдерде жай сойлемдерді бір-бірімен
байланыстыру, сол аркылы құрмалас сөйлем жасау міндеті түгелімен септеуліктердің
үлесіне тиеді. Сондықтан ондай сөйлемдерден септеулікті түсіріп айтсақ, құрмаластық
бірлік бүтіндей жойылады. Мысалы: Осы қылығы есіне түскен сайын, ол
өзінен өзі
қəтты ұялатын. Сенгені жыл құсындай көріне бастаған соң, Олжабектің ойына үміт
дүниесі келіп орнады.
Достарыңызбен бөлісу: