жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлемге өте ұқсас. Оны мына мысалдан
байқауға болады.
Бұл бізге істелуге тиісті істердің түрін тегіс айтуға мүмкіндік береді, əрі ол
жұмысқа көпшііктің ынтасын аударады. Қи өзге отыннан əрі қызу, əрі оның шоғы ұзақ
уақыт сөнбейді. Менде əрі документ жоқ, əрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ.
Осы мысалдағы сөйлемдер жəне жалғаулығы арқылы жасалатын салалас
сөйлемдерге өте жақын. Мұндағы кейбір сөйлемдердегі
əрі жалғаулығының
орнына
жəне жалғаулығын қойып айтса да болғаны. Бұлардағы екінші компоненттегі іс-əрекет
бірінші компоненттегі əрекеттерге үстеме, өсіңкі мəн беріп, оны күшейте түсіп жүр. Қи
өзге отындардан қызу жəне оның үстіне сол қасиетіне қосымша, оның шоғы ұзақ
уақытқа дейін сөнбейді. Менде документ болмаудың үстіне бармақшы үйдің адресі
тағы жоқ. Бұлардағы əрекет бірінің үстіне бірі үстемеленіп, қос қабаттасып жатады.
Сонымен, талданып өткен үш түрлі (да,жəне, əрі) жалғаулық арқылы жасалатын
салалас құрмалас сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен магыналық қатынастары
жағынан өз ара жақын, біріктес болып келеді. Бұлар арқылы
құрмаласқан сөйлемдер
əрқайсысының азды-көпті өзіндік ерекшеліктері болумен қатар, негізінде, мезгілдес
болған іс-əрекет, жай-к6йлерді бір мезгіл ішіндегі оқиғаларды баяндайды. Сондықтан
салалас сөйлемнің бұл түрлері мезгілдес салалас деген
шартты бір ғана атаумен
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: