Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету түрлері мен ерекшеліктері



жүктеу 117.62 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі117.62 Kb.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету түрлері мен ерекшеліктері
Умирзакова М.А., Самидинов Б.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірдің қиын жағдайына тап болған тұлғаны (отбасыны) пайда болған әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамның өміріне қатысуға басқа азаматтармен теңдей мүмкіндіктерді беруге бағытталған жағдайлармен қамтамасыз ететін қызметтердің кешені.

Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету қарттық жас шамасындағы және мүгедек жалғыз басты азаматтарға, мүгедек балаларға және т.б. халықтың әлеуметтік осал жігіндегі азаматтарға бағытталған жағдайда әлеуметтік қызмет әлеуметтік қолдаудың құрамды бөлігі ретінде көрінеді. Халықтың дәл осындай дәрежесіне арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңында реттеудің пәні болып анықталады.

Елімізде көрсетіліп жатқан әлеуметтік қызметтер жүйесі денсаулықты сақтау және бақытсыз жағдайлардың алдын-алу шаралары; медициналық және білім беру саласындағы қызметтер; өндірісте жарақат алғандар мен мүгедектерді оңалту жұмысы; мүгедектер мен қарт адамдарға арнайы қызметтерді көрсету; баланы күту және үй тұрмысы бойынша қызметтер және т.б. арқылы көрінуде.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңының аясында ақылы және ақысыз түрде көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің тізімі жүйеленді, соныиен қатар арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің стандарттары өңделінді. Егемендігін алып, тәуелсіздігін жариялаған еліміздің нарықтық даму жолына қадам жасауы мемлекеттілікті және экономикалық өркендеу бағыттарын түбегейлі өзгертіп отыр.

Әлеуметтік қызметтер – ізгілік пен теңдік қағидаларына, адам өмірінің түрлі салаларындағы білімге, әлеуметтік мәселелерді бағалау және қиындықтарды басынан кешкен адамдарды қолдау икемділігіне негізделген, адамдар мен қызметтердің түрлі топтары арасындағы жаңа қарым-қатынас моделінде қалыптасқан маңызды кәсіби қызмет.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында іске асырылды. Қысқа тарихи мерзімде әлеуметтік қолдаудың ескі механизмдері нарықтық экономикаға сай келетін және халықтың жарлы және осал топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын өмірге бейім жүйелеріне ауыстырылды.

Ескерту -[8 ] әдебиет негізінде құрастырылған


Сурет 5. Арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері
Арнаулы әлеуметтік қызметтер тағайындалуына байланысты бөлінеді: 

1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке қажеттіліктеріне байланысты тұрмыстағы тіршілік әрекеттерін қолдауға бағытталған:

2. Әлеуметтік-медициналық қызметтер балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке бас жағдайын ескере байланысты азаматтардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған;

3. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке бас жағдайын ескере әлеуметтік үйренуіне, әлеуметтік және ықпалдастыруға бағытталған:\

4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: балаларды дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес оқыту және педагогикалық түзету;

18 жастан асқандарға тұрмыстық дағдыларға және қол өнер шеберлігіне үйрету;

5. Әлеуметтік еңбек қызметтері балалар мен 18 жастан асқан адамдардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, еңбек қызметін ұйымдастыруға және 18 жастан асқан адамдар үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған

6. Әлеуметтік-мәдени қызметтер демалысты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға балалар мен 18 жастан асқан адамдарды тартуға бағытталған.

7. Халықты әлеуметтік қолдау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық қызметтер  балалар мен 18 жастан асқан адамдардың өмір сүру деңгейін қолдау мен жақсартуға бағытталған [8].

Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесіндегі реформалар көптеген мәселелерді шешуді қажет етеді. Қазіргі кезде елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында бір қатар нормативтік-құқықтық актілер, маңызды мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішінде күрделісі әрі өте байыптылықты талап ететін бағыт әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады.

Әлеуметтік қызметтер жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет етудің кешенді жүйесін құру, әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын өңдеу, осы салада бәсекеге қабілетті нарықты дамытудың құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларын жасау арқылы халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын әрі қарай көтермелеу.

Әлеуметтік реформаларға бағытталған әлеуметтік саясаттың нақты басымдықтары айқындалады. Сонымен қатар, 2006 жылғы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауының негізінде әлеуметтік қызмет көрсету саласын реформалаудың төмендегідей міндеттері алға қойылды:



  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді заң негізінде регламенттеу және оның кешенді жүйесін ендіру;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандартарын өңдеу;

  • ақылы және ақысыз негізде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерінің тізімін анықтау;

  • мұқтаж азаматтардың категорияларын және оларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету критерийлерін анықтау;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде кешенді тәсілді жүзеге асыруда халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдарының құзыретін бөлу;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жеке меншік секторы мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын және әлеуметтік сала қызметтерінің біршама түрін бәсекелі нарыққа біртіндеп шығаруды нормативтік тұрғыда негіздеу;

  • медициналық-әлеуметтік мекемелерді деинституттау және шағын мекемелер жүйесін әрі қарай дамыту;

  • конкурстық негізде әлеуметтік қызметтер кешенін тендерлік сату үлгісін ендіру;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін бағалау, бақылау және есеп берудің тетіктерін өңдеу және нормативтік тұрғыда регламенттеу;

  • әлеуметтік қызмет нарығына бақылау жүргізу және жоспарлау жүйесін дамыту;

  • әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтермелеу;

  • арнаулы әлеуметтік қызметті тұтынушы мен ұсынушы жөнінде мәліметтердің ақпараттық қорын құру.

Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету жүйесін реформалау бір қатар қажеттіліктерден туындайды. Атап өтсек, біріншіден, халықтың жалпы санында осы дәрежедегі адамдардың үлесімен және жағдайымен байланысты.

Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету жүйесін реформалаудың екінші қажеттілігі - әрекет етіп жатқан жүйенің кемелсіздігімен байланысты:

1. арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету саласында мемлекеттік монополияның сақталуы;

2. бүгінгі күнге дейін көрсетіліп жатқан қызметтердің көлемін және сапасын, әлеуметтік қызмет етуді ұйымдастыруды анықтайтын әлеуметтік қызметтерді көрсетудің негізгі мемлекеттік стандарттары өңделмеген;

3. қызметті тұтынып жатқан тұлғалардың заманауи талаптары мен қажеттіліктеріне әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесінің инфрақұрылымы толыққанды жауап бермейді;

4. әлеуметтік қызметкерлер институтының дамымауы.

Үшінші қажеттілікті әлеуметтік қызметті көрсетудегі халықаралық тәжірибе анықтап отыр [9].

Реформаның көздеген мақсаты мен қойылған міндеттерді іске асырудың кезеңдері мен проблемалары талқыланады. 2007 жылғы ЮНИСЕФ пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесе отырып еліміздегі осал топтағы балалар мен олардың отбасыларының әлеуметтік қызметтерге деген мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін анықтау мақсатында жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижелеріне қарағанда, әлеуметтік қызметтерді көрсету процесін тиімді болуы үшін тұтынушылардың әлеуметтік қызметтерге жекелік қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау факторы өте маңызды.

Елімізде көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек көрсету және қолдау жүйесін оңтайландыру шараларының маңызды нәтижесі қазақстандықтардың өмірінің сапасын және стандарттарының артуы болуы қажет.

Халықтың осал қабатына әлеуметтік қызметтерді көрсетудің сапасын көтермелеуде мемлекеттің реттеу қызметін жетілдіру маңызды мәселелердің бірі. Ол бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды, бағдарламаларды жүзеге асыруды, мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру және азаматтар, жеке меншік секторы, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғам жіктері тарапынан үкіметке сенімдерін нығайтуды қамтамасыз етеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында «Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж болған азаматтарға көрсетілуі және заманауи стандарттарға және Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сәйкес келуі қажет» - дей келе, елде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында жүргізіліп жатқан реформаның сапасына үлкен мән берді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік реттеумен тығыз байланысты. Ол бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды, мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру және азаматтар, жеке меншік секторы, үкіметтік емес ұйымдар және де басқа да қоғам жіктері тарапынан үкіметке сенімдерін нығайтуды қамтамасыз етеді.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік реттеудің механизмдерін жетілдірудің мынадай жолдары белгіленеді:

1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін реформалау:

- әлеуметтік қызметтердің медициналық-әлеуметтік үлгісіне көшу;

- әлеуметтік қызметтерді көрсетудің мемлекеттік стандарттарын өңдеу;

- ақылы және ақысыз негізде көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді тізімін жетілдіру;

- әлеуметтік қызметтерді алуға құқылы азаматтардың барлық категориясының сапалы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіуін қадағалау;

2. Әлеуметтік қызметтерді көрсетудің институттық жүйесін жетілдіру:

- мемлекеттік емес секторда әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктерін енгізу;

- арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету нарығын кеңейту;

- өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарды институттық қамтамасыз етудің жаңа формаларын дамыту.

3. Әлеуметтік қызметкерлер институтын қалыптастыру.

4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қаржыландырудың жүйесін жетілдіру (жаңа стандарттарды ескере отырып) [10,315б].

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылатығына күмән жоқ. Нарыққа өту жағдайларында халықтың әлеуметтік қорғалуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс қабылданған әлеуметтік саясат – тұрақтылықтың кепілі, ал саясат негізінде әлеуметтік қорғау жүйесі жатыр. Егер елімізде әлеуметтік тұрақтылық болмаса, халық өз тұрмысына риза болмай жиі-жиі ереуілденіп тұратын болса, сөйтіп әлеуметтік сілкіністердің еліне айналатын болсақ, басқа мәселелердің барлығы бос әңгіме болып қалмақ.

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып,   жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың  өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты.  2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша  халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:

- базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер.

-міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында.

- қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру[11].

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік, медицналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан сақтандыру сияқты түрлері бар.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы жүзеге асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың жалақысының 7,5 пайзы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Қазақсатнда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды.



Ескерту -[ 12] әдебиет негізінде құрастырылған


Сурет 6. Әлеуметтік сақтандыру қорының атқаратын қызметтері
Бұл қор төмендегідей қызметтер атқарады:

- еңбек ету қабілетінен айрылу, егер медициналық-әлеуметтік сараптама азаматқа еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

- асыраушысынан айрылу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

- жұмысынан айрылу, жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау, жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер азамат үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе, онда ол жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы.

- жүктілігі және босануына, әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық
табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.

- нәресте күтімі үшін, бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек, ал әлеуметтік төлемнің ең кіші ері бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады [12].

Әлеуметтік қызмет көрсетудің арнаулы мекемелері халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде саналады. Олардың басты қызмет бағыттары мүмкіндігі шектеулі топтарға әлеуметтік жағдай жасауға арналған. Мәселен, аталған арнаулы ұйымдарда жасы ұлғайған жалғыз жарым қарт адамдар мен мүгедек балалар, көп балалы аналар қомқорлыққа алынады. Сондай-ақ аталған мекемелердің шаруашылық және қаржы ресурстары мен негізгі қорларының деңгейіне байланысты әлеуметтік күтімге ұзақ ауруға шалдыққан панасыз жетім-жесірлер т.с.с алынып, оларға ұйымның қызметтік жарғысы, ережелері мен тиісті нұсқауларына сәйкес қажетті реаблитациялық, тәрбиелік, диагностикалық, емдеу, бейімдеу және психологиялық қызмет жүйелер жүйесі жүргізіледі.

Әлеуметтік қызмет ұйымдарында типтік бағдарламалар мен қызметтік ереже-нұсқаулардан туындайтын іс-шаралардың ауқымы өте күрделі және бірнеше бағыттарда жүргізіледі. Олардың негізгілері:

-мекемеде арнаулы тәрбие-емдеу шараларын кешенді формада жүргізу;

-телефон арқылы кеңес беру;

-балалардың үйі мен, ата-анасымен тығыз байланыс жасау;

-басқа әлеуметтік ұйымдардың ата-аналар комитеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;

-отбасылық кештер өткізу;

-әлеуметтік-медициналық тақырыптар бойынша дәрістер ұйымдастыру;

-әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен отбасында болатын дағдарысты жағдайдың алдын алу;

-емделуші балалар ата-аналары үшін мазмұнды мәдени-ағарту шараларын ұйымдастыру.

Қазіргі индустриалдық даму кезеңіндегі экономикалық, әлеуметтік және рухани жетістіктер арнаулы әлеуметтік көмек жасау мен әлеуметтік қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіре түсінуі тиімді алғышарттар қалыптастырып келеді.



Дамыған елдердің аталған салалардағы қол жеткен табыстары жалпы адамзаттық құндылықтардың мазмұнын кеңейтеді; ұрпақтар тәрбиесін дамытуға, отбасындағы әртүрлі жағдайларды реттеуге және оларды әр елдің қоғамдық өмірінде жергілікті территорияларында қалыптасқан салт-дәстүрге сәйкес атқаруға мүмкіндіктер ашады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет