Қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 1.27 Mb.
бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
1   2   3   4   5   6

15. Туберкулез ошақтарындағы дезинфекциялауға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
      213. Туберкулез ошақтарында ағымдағы дезинфекциялау үй-жайды тиімді желдету арқылы (жылдың жылы мезгілінде үй-жайларды тұрақты желдету және жылдың салқын мезгілінде әр сағат сайын 5-10 минут желдету) жүргізіледі. Іс-шараларда «Бактерия бөлетін туберкулез» диагнозы қойылған және науқасты есепке алған сәттен бастап санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және дезинфекциялау режимдерін сақтау көзделеді.
          214. Ошақта жүргізілетін іс-шаралардың мониторингін және ағымдық дезинфекцияны ТҚҰ-ның мамандары жүзеге асырады, олар науқасқа тығыз жабылатын қақпағымен (кемінде 2) түкіргішті және дезинфекциялау құралдарын пайдалануға береді. ТҚҰ жоқ елді мекендерде дезинфекциялау құралдарын БМСК ұйымы береді.

      Науқастың амбулаториялық картасына учаскелік дәрігер ағымдық дезинфекциялау жүргізу және аяқтау күнін белгілейді. Ағымдық дезинфекциялау жүргізуді науқасқа немесе отбасының бір мүшесіне (балалар мен жасөспірімдерден басқа) тапсырады.

      215. Учаскелік фтизиатр науқасты санитариялық-гигиеналық тәртіп қағидаларына оқытады: маскаларды қолдану, қақырықты түкіргішке түкіру және ағымдық дезинфекциялау жүргізу.

216. ТҚҰ-ның басшысы уақтылы және сапалы ағымдық дезинфекциялауды қамтамасыз етеді.

217. Механикалық іске қосылатын сыртқа тарату желдеткіші болмаған жағдайда, ТҚҰ-ның барлық үй-жайлары тұрақты: жылдың жылы мезгілінде тұрақты және жылдың салқын мезгілінде әр сағат сайын 5-10 минуттан желдетіледі.

218. Науқас стационарда болған кезде, оның сыртқы киімін арнайы үй-жайда сақтайды. Оны науқас күндіз таза ауаға шыққан кезде пайдаланады.


      219. Науқас ауруханадан шыққаннан кейін төсек жабдықтары (стационарға тиесілі жастықтар, матрац, көрпе) дезинфекциялау камерасында залалсыздандырылады.
      220. Үй-жайлар және күнделікті қолданылатын заттар күн сайын ылғалдап тазартылуға жатады.

221. Түкіргіштерді жинау, залалсыздандыру және беру арнайы бөлінген үй-жайда жеке қорғаныш құралдарын қолдана отырып, даярлықтан өткен персонал жүзеге асырады.

222. Пайдаланылған асхана ыдыстарын буфеттегі таңбаланған үстелде қолғаппен жинайды, ондағы тамақ қалдықтарын тазалап, алдын ала жумай, бөлек ыдыста залалсыздандырады, сосын жуады және кептіргіш шкафта немесе бөлек үстелде кептіреді.

Ыдыс-аяқтарды ауа стерилизаторында зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдыс-аяқты жинағаннан кейін үстелді дезинфекциялау ерітіндісіне малынған шүберекпен сүртеді.

223. Тамақ қалдықтарын ыдысқа (шелекке, бакқа) жинайды, 5-ке 1 қатынасындағы құрғақ дезинфекциялау құралын себеді. Зарарсыздандырудың термикалық әдісі кезінде (бу қайнатқыш қазанда қайнату) тамақты мал жеміне қолдануға болады.

224. Лас киім-кешекті сұрыптау қабырғаларына 1,5 метр биіктікте кафель қойылған және механикалық сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған бөлмеде арнайы киімде, респираторларда, қолғаппен, резеңке аяқ киіммен жүргізіледі.


      225. Киімді клеҰнка қапта жинайды, кір жуатын орынға жібереді. Бөлек кір жуатын орын болмағанда, кір жуатын жерге жіберер алдында алдын ала зарарсыздандырады және белгіленген күнде жеке машинаға жуады.
      226. Стационарлық науқасқа ауыр жағдайларды қоспағанда, бактерия бөлетін адамдардың кіруіне жол берілмейді. Бұл ретте келушілер жеке қорғаныш құралдарын (респиратор, халат) пайдалануы тиіс. Науқастар медицина персоналының рұқсатымен ғана стационар аумағынан шығарылады.

      227. Туберкулезге қарсы ұйымдарда қорытынды дезинфекциялау қайта бейіндеу, көшу, реконструкциялау, жөндеу жағдайларының барлығында дезинфекциялау құралдарының бірімен, сондай-ақ жылына 1 рет профилактикалық мақсатта жүргізіледі.

      228. Ошақтардағы қорытынды дезинфекциялауды дезинфекция станциясының, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының дезинфекция бөлімінің (бөлімшесінің) қызметкерлері туберкулезге қарсы диспансерден өтінім алған кезден бастап алты (қала) немесе он екі сағат (ауыл) ішінде жүргізеді.

      229. Қорытынды дезинфекциялауды науқастың ошақтан шығу және үйде қайтыс болу жағдайларының барлығында; көшіп кеткеннен кейін мекенжайын ауыстырғанда (пәтерді немесе бөлмені заттарымен өңдеу) жүргізіледі.



16. Туберкулездің таралуының алдын алу саласында мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
      230. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
      1) туберкулезге қарсы қызметпен бірлесе отырып, туберкулезге қарсы күрес бойынша өңірлік бағдарламалар дайындауды;

      2) туберкулезге қарсы егілген егулер мен контингенттер туралы мемлекеттік есепке алуды және есептілікті;

      3) егулерді және туберкулин сынамаларын жоспарлауда, БЦЖ вакцинасы мен туберкулин қажеттілігін анықтауда денсаулық сақтау ұйымдарына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетуді;
      4) БЦЖ вакцинасы мен туберкулинді тасымалдауды, сақтауды және есепке алуды қадағалауды;

     5) профилактикалық медициналық тексерудің уақтылы жүргізілуін, бациллярлық науқастардың уақтылы емдеуге жатқызылуын, туберкулез ошақтарында эпидтопқа сәйкес эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, ТБҰ-да санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;


      6) туберкулезге қарсы ұйымдармен бірлесе отырып, туберкулезді анықтау және емдеу мақсатында туберкулездің жұқпалы формаларымен ауыратын, тексерілуден әдейі жалтаратын және санитариялық-эпидемияға қарсы режимді бірнеше рет бұзған науқастарды емге жатқызуға сотқа құжаттар жіберу туралы ұсыныстар дайындауды;

      7) туберкулез бойынша қолайсыз шаруашылықтағы малдарға қарауға адамдарға рұқсат беру қағидаларының сақталуын, мал өсірушілерге профилактикалық емдеу жүргізілуі және мал шаруашылығы қызметкерлері еңбегінің қорғалуын, шаруашылықтарда және фермаларда міндетті профилактикалық іс-шаралардың орындалуын бақылауды;


      8) туберкулезге қарсы күрес саласындағы басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды;

      9) туберкулезге қарсы және емдеу-профилактикалық ұйымдардың мамандарымен бірлесіп, медициналық қызметкерлерді БЦЖ вакцинасымен және туберкулинмен жұмыс істеу бойынша, туберкулезге қарсы профилактикалық егулерді және туберкулиндік диагностиканы жүргізу бойынша, кейіннен аттестаттау жүргізу арқылы инфекциялық бақылау шараларын сақтау бойынша даярлауды;

      10) есепті жылы алғашқы рет анықталған туберкулезбен ауыратын науқастарды н № 089/е хабарламасы негізінде және н № 058/е шұғыл хабарламасы негізінде бактерия бөлетін науқастарды есепке алуды;
      11) туберкулезге қарсы және емдеу-профилактикалық ұйымдардың мамандарымен және Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығымен бірлесіп тұрғындар арасында туберкулездің алдын алу шаралары туралы санитариялық-түсіндіру жұмысын;

      12) декреттелген контингент арасында туберкулезді микроскопия, флюорография және туберкулин сынамасы әдісі арқылы анықтауды ұйымдастыруға бақылауды;

      13) туберкулезге қарсы және емдеу-профилактикалық ұйымдардың мамандарымен бірлесіп амбулаториялық емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бақылауды жүргізеді, «Айықтырылды» немесе «Емдеу аяқталды» деген нәтижеге дейін БК+ туберкулез ошақтарында іс-шаралар жүргізілуіне мониторинг жүзеге асырылады;

      14) типі, инфекциялық мәртебесі және көптеген дәріге төзімділігінің болуы бойынша туберкулезбен ауыратын науқастарды жеке емдеуге жатқызуға бақылауды жүргізеді.

      
17. Ауруханаішілік инфекциялық аурулардың алдын
алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
      231. Ауруханішілік инфекциялық аурулардың (бұдан әрі – АІИА) алдын алу жөніндегі іс-шараларды тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда инфекциялық бақылау бағдарламасы әзірленеді, ол:
      1) ауруханаішілік инфекцияларды есепке алу мен тіркеуді;

     2) АІИА-мен сырқаттанушылықты талдауды, тәуекел факторларын анықтауды, АІИА-ның белең алуын тексеруді, оларды таратпау бойынша шаралар қабылдауды;

    3) микробиологиялық мониторингті ұйымдастыруды және жүргізуді;
     4) антибиотикалық-профилактикалық және антибиотикалық-терапия тәсілдерін әзірлеуді;

      5) кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;


      6) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша персоналды оқытуды;
      7) санитариялық-эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыруды және бақылауды;
      8) медициналық қалдықтарды жинауды, зарарсыздандыруды, уақытша сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыруды көздейді.
      232. Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
      233. Инфекциялық емес бейіндегі медициналық ұйымдарда пациентте айналасына эпидемиологиялық қауіп төндіретін инфекциялық ауру анықталған кезде ол изоляторға ауыстырылады. Изолятор болмаған кезде инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттер тиісті инфекциялық ауруханаларға ауыстырылуы тиіс.

      234. Эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жабылатын стационарды ашу тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша жүргізіледі.


      235. Терінің және сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет пайдаланылатын қолғаптармен жүргізіледі.

      236. Медициналық персонал әрбір медициналық манипуляцияның алдында қолдарын өңдеуі тиіс.



18. Вирустық гепатиттердің алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
      237. Вирустық гепатиттермен ауыратын адамдарды немесе күдіктілерді анықтауды амбулаториялық қабылдаулар, стационарға жатқызу, үйге келу кезінде, медициналық тексеріп-қараулар, диспансерлеу және басқа да медициналық ұйымдарға бару кезінде меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жүргізеді.
      238. Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды диагностикалау, емдеуге жатқызу және диспансерлеу осы Санитариялық қағидаларға  1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

       239. Вирустық гепатиттер тіркелген кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының мамандары вирустық гепатиттермен ауырған науқастар ошақтарына эпидемиологиялық зерттеп-қарау және В мен С жіті вирустық гепатиттерінің, С созылмалы вирустық гепатитінің және алғаш анықталған В созылмалы вирустық гепатитінің әр жағдайына эпидемиологиялық тексеру, берілу жолдарына анықтау және медициналық және басқа да ұйымдарда жұқтырудың тәуекел факторларына бағалау жүргізеді.

      240. Вирустық гепатиттермен анықталған науқастар медициналық ұйымдарға зерттеліп-қарауға және емделуге жіберіледі.

      Медициналық ұйымдарда вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

      241. Вирустық гепатиттер ошақтарында дезинфекциялау іс-шаралары жүргізіледі.

19. Энтералдық берілу механизмі бар А және Е вирустық
гепатиттері кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы
(профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
      242. Энтералдық берілу механизмі бар А және Е вирустық гепатиттері (бұдан әрі – АВГ және ЕВГ) кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, санитариялық тораптарда, сынып бөлмелерінде және рекреацияларда жүргізу техникалық персоналға жүктелген күнделікті ағымдық жинау кезінде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету;

      2) бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларды мектептің үй-жайларын жинауға тартуға жол бермеу.

      243. АВГ-нің өзіндік профилактикасы – вакцинациялау.

244. ЕВГ-нің өзіндік профилактикасы жоқ.

      245. АВГ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингенттер мыналар:


      1) екі жастағы балалар;

      2) АВГ ошағында байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптаны қоса алғанда, он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар;


      3) 14 жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі науқастар.

      246. Вакцинация алты ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Вакцинаны енгізуге жанама әсерлер тән емес. АВГ-ге қарсы вакцинаны бөлек енгізген жағдайда басқа вакциналармен бір уақытта енгізуге болады.

      247. АВГ және ЕВГ-мен ауыратын науқастар ошақтарындағы іс-шаралар:
      1) науқаспен байланыста болған адамдар онымен қарым-қатынасты үзгеннен кейін отыз бес күн бойы апта сайын дәрігердің қарауымен (сауалнама, тері мен шырыштыларды тексеріп-қарау, қызу өлшеу, бауырды қолмен зерттеу) медициналық бақылауға жатады;

      2) бақылау кезеңінде жаңадан балалар қабылдауға және байланыста болған балаларды басқа топтарға, палаталарға немесе мекемелерге ауыстыруға жол берілмейді, ауру жағдайы тіркелген сынып үшін кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады. Сырқаттанушылық өршіген кезде соңғы жағдай тіркелген күннен бастап инкубациялық мезгілде барлық бастауыш және негізгі білім беру ұйымы бойынша кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады;

      3) науқаспен байланыста болған адамдарды клиникалық айғақтар болған жағдайда қанның биохимиялық талдауына зертханалық зерттеп-қарау дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі;

      4) науқасты ұжымнан оқшаулағаннан кейін балалар бірге тамақтанған, болған және ұйықтаған болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, жабық типті бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.

      248. Ошақтық қорытынды дезинфекцияны медициналық қызметтің көрсетілген түріне лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.

249. Ошақтық ағымдық дезинфекцияны:

1) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарының және емдеу-сауықтыру ұйымдарының басшыларының бұйрығымен анықталған адам науқасты оқшаулаған сәттен бастап осы ұйымның медицина қызметкерінің бақылауымен отыз бес күн бойы жүргізеді;
      2) дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету вирустық гепатит ошағы тіркелген ұйымның әкімшілігіне жүктеледі;

3) ошақтық қорытынды және ағымдық дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу ұйымның басшысына жүктеледі.



20. Парентеральдық берілу механизмі бар В, С және
Д вирустық гепатиттері кезінде санитариялық-эпидемияға
қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
   250. С вирустық гепатитінің (бұдан әрі – СВГ) спецификалық профилактикасы жоқ.

      251. В және Д вирустық гепатиттерінің (бұдан әрі – ВВГ және ДВГ) өзіндік профилактикасы – вакцинациялау. ВВГ-ге қарсы вакцинациялаудың басты мақсаты созылмалы гепатиттерді қоса алғанда В және Д гепатиттерінің барлық түрлерінің алдын алу.

 252. ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина құтыларда сұйық түрінде, бір дозалы немесе бірнеше дозалы қаптамада шығарылады. ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина тек ВВГ-ден ғана қорғайды. ВВГ-ге қарсы вакцина басқа да бірнеше ауруларға (ВВГ, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гемофильдік инфекция) қарсы қорғанышты дереу қамтамасыз ететін құрама вакциналардың (адсорбцияланған көкжөтелге-дифтерияға-сіреспеге қарсы вакцинамен және/немесе гемофильдік инфекцияға қарсы вакцинамен бірге) құрамында шығарылады.
      253. Туылған кезде алғашқы доза ретінде ВВГ-ге қарсы моноваленттік вакцина қолданылады, себебі поливаленттік вакциналарды балаларға туылған кезде енгізуге болмайды.

254. Вакциналық кешен үш дозадан тұрады. Вакцинациялау схемасы мынадай:


      1) жаңа туған нәрестелер үшін – 0-2-4 айда (туғаннан кейін он екі сағат ішінде – өмірінің екі айында – өмірінің төрт айында);

2) туылған кезінде вакцинацияланбаған 1 жасқа дейінгі балалар үшін – бірінші мен екінші егулердің арасы екі ай және екінші мен үшіншінің арасы төрт ай аралықпен 0-2-6;

      3) туылған кезінде вакцинацияланбаған бір жастан асқан балалар мен ересектер үшін – бірінші мен екінші егулердің арасы бір ай және екінші мен үшіншінің арасы бес ай аралықпен 0-1-6.

      255. ВВГ-ге қарсы вакцинаны басқа вакциналармен бір мезгілде бөлек шприцтермен және дененің басқа жерлеріне салған жағдайда енгізуге болады. ВВГ-ге қарсы вакцинаның шығарылған типі мен формасы бойынша бір-бірін толығымен алмастыра алатын жағдайларда, ВВГ-ге қарсы вакцинаның кейінгі дозаларын енгізу үшін әртүрлі өндірушілер шығарған әр типтегі препараттарды пайдалануға жол беріледі.

      256. 15 жастан асқан адамдарды вакцинациялау алдын ала ВВГ-ге маркерлік диагностикалаудан кейін жүргізіледі. ВВГ-ге зерттеп-қараудың оң нәтижесі бар адамдар вакцинациялауға жіберілмейді.

      257. Вакциналарды енгізуге қарсы көрсетімдер мыналар болып саналады:


      1) шала туғандық, туған кездегі салмағы 2000 грамнан кем;

     2) препараттың компоненттеріне сезгіштіктің артуымен байланысты алдындағы дозаға күшті аллергиялық әсер (жайылып кеткен бөртпе – есекжем, тыныс алудың ауырлауы, өңеш пен ауыз қуысының ісінуі, гипертензия, шок). Бұл ретте осы вакцинаны одан әрі қолдану тоқтатылады;

3) 380С-тан жоғары температурамен немесе жалпы жай-күйдің айтарлықтай бұзылуларымен білінетін ауырлығы орташа және ауыр науқастар. Вакцинациялауға денсаулық қалыпқа келгеннен кейін екі-төрт аптадан соң рұқсат етіледі;

      4) жүктілік;

      5) ауыр емес жіті респираторлық вирустық инфекциялар, ішек және басқа да жіті инфекциялық аурулар (сауыққаннан кейін бірден вакцинациялауға рұқсат етіледі).

258. ВВГ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингенттер мыналар:


      1) жаңа туған нәрестелер өмірінің алғашқы он екі сағатында перинатальдық берілудің алдын алу мақсатында;

2) жыныстық қатынас және тұрмыстық жолмен берілудің алдын алу үшін ВВГ ошағындағы науқаспен байланыста болған адамдар;

3) меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері (дәрігерлер, орта және кіші медицина персоналы);

4) меншік нысанына қарамастан медициналық бейіндегі барлық жоғары және орта білім беру ұйымдарында оқитын адамдар;

5) қан құю жиілігіне қарамастан қан, оның компоненттері мен препараттарының реципиенттері;

6) алғаш анықталған АИТВ инфекциясын жұқтырғандар;

7) жиілікке қарамастан тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөліктерінің) гемодиализі мен трансплантаттауға жататын алғаш анықталған адамдар;
      8) онкогематологиялық науқастар, сондай-ақ әлсіз иммундық жауапқа байланысты вакцинаның екі есе дозасы енгізілетін иммундық-супрессиялық препараттарды қабылдайтын науқастар және аяқталған вакцинациялаудан кейін алты айдан соң қосымша ревакцинациялау жүргізіледі.

259. Қан құюды жүргізген денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тізімге сәйкес аумақтық емханаларда қан және оның компоненттері мен препараттары реципиенттеріне егулер жүргізіледі.

260. Донор қанының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай адамдар:
      1) вирустық гепатиттермен ауырып айыққан және ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижелері бар адамдар өмір бойы;
      2) ВГ-мен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар инкубациялық кезеңде;

3) қан құю және оның компоненттерін алған адамдар бір жыл донорлыққа жіберілмейді.


          261. ВВГ мен СВГ маркерлеріне оң нәтижелері бар донорларды анықтау мақсатында донорлар әрбір қан тапсыру алдында тексерілуге тиіс.
          262. Қан қызметі ұйымдары Қазақстанның бүкіл аумағында донорларды донорлыққа жібермеу үшін барлық деңгейде олардағы оң нәтижелер туралы өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

          263. Тексерілетін адамдарда, оның ішінде донорларда ВВГ мен СВГ маркерлеріне оң нәтижелер анықталған кезде медицина ұйымдары тексерілетін адамдарда ВВГ мен СВГ маркерлеріне оң нәтижелер туралы ақпаратты диагноз қою үшін тұрғылықты жері бойынша аумақтық денсаулық сақтау ұйымына береді.

264. Құрамында ВВГ мен СВГ маркерлері бар қан, оның компоненттері және препараттар кәдеге жаратылуға тиіс.

      21. Медицина қызметкерлерінде ВВГ, ДВГ және СВГ


жұқтырудың алдын алуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
      265. Медицина қызметкерлерін гепатит вирустарынан қорғау бойынша іс-шаралардың негізіне барлық пациенттердің биологиялық сұйықтықтарын әлеуетті инфекция жұқтырғандар ретінде қарау принципі жатады. Медициналық ұйымдардың, оның ішінде зертханалардың медицина қызметкерлерінің және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында оқитындардың инфекция жұқтыру қаупі бар.

266. Инфекция жұқтыру жолдары мынадай:

1) терінің зақымдалуы (инемен шаншу немесе өткір аспаппен кесу);
      2) шырышты қабықтарға немесе зақымдалған теріге биологиялық сұйықтықтардың түсуі;

3) зақымдалмаған терінің тіндермен және биологиялық сұйықтықтармен ұзақ немесе ауданы бойынша көлемді жанасуы.

267. Биологиялық сұйықтықтармен, оның ішінде мыналармен:

1) қанмен;

2) шәуетпен;

3) қынаптық бөлінділермен;

4) синовиялық сұйықтықпен;

5) ми-жұлындық сұйықтықпен;

6) плевралық сұйықтықпен;

7) перитонеалдық сұйықтықпен;

8) перикардтық сұйықтықпен;

9) амниотиялық сұйықтықпен;

10) сілекеймен жұмыс істегенде сақтандыру шаралары сақталады.
      269. Сақтық шаралары мынадай:

1) тірі кезінде немесе аутопсияда, кез келген кесіліп алынғандармен (немесе басқа тәсілмен алынып тасталғандармен), адам тіндері мен ағзаларымен (зақымдалмаған теріден басқа);

2) қанмен берілетін инфекцияларды жұқтырған тәжірибелік жануарлардың тіндерімен және ағзаларымен;

3) қанның көрініп тұрған қоспасы бар кез келген сұйықтықтармен;

4) кез келген белгісіз биологиялық сұйықтықпен жұмыс кезінде сақтандыру шаралары сақталады.

270. Мынадай:

1) ластанған инелерді және өткір құралдарды абайламай ұстаудан алынған жарақаттар кезінде;

2) ауыздың, көздің, мұрынның шырышты қабықтарына және зақымдалған теріге (кесілулер, сызаттар, дерматит, безеулер) қанның және басқа да биологиялық сұйықтықтардың түсуі кезінде;

3) биологиялық сұйықтықтармен және олармен ластанған беттермен жұмыс істеу кезінде көз, мұрын, ауыздың шырышты қабықшаларына және зақымдалған теріге тиіп кету кезінде;

4) қан мен басқа да биологиялық сұйықтықтардың жайылуынан, шайқалуы және шашырауы кезінде жұқтыру қаупі артады.

272. Инфекция жұқтырудан қорғану мақсатында мыналар:
      1) пайдаланудың барлық уақытында тері жамылғысын, көзді, ауызды және басқа да шырышты қабықтарды биологиялық сұйықтықтармен жанасудан қорғайтын жеке қорғаныш құралдары;

2) жұмыс берушілер қамтамасыз ететін қорғаныш құрылғылары мен қауіпсіз технологиялар пайдаланылады.

273. Медициналық ұйымдарда мыналар қамтамасыз етіледі:
      1) биологиялық сұйықтықтармен немесе олармен ластанған беттермен тікелей жұмыс істеу алдында киілетін қолғаптармен. Бір реттік қолғаптарды қайта қолдануды, қолғаптар жасалған латексті бүлдіретін вазелин негізіндегі любриканттарды қолдануды болдырмау;

2) жұқтырылған материалмен жанасу мүмкін болатын барлық жағдайларда халаттарда, хирургиялық қалпақта немесе телпектерде, аяқ киім үстінен киетін бахиллалармен жұмыс істеу;

3) қанның және басқа да биологиялық сұйықтықтардың шашырауы мүмкін болатын манипуляциялар кезінде маскалар, қорғаныш көзілдіріктерін немесе бетті иекке дейін жабатын экранды, немесе қорғаныш көзілдіріктермен, бүйір қалқаншалармен үйлескен маскаларды кию. Қарапайым көзілдіріктер қан арқылы берілетін инфекциядан жеткілікті қорғауды қамтамасыз етпейді;
      4) жұмыс берушінің жеке қорғаныш құралдарын тегін беру;

5) жеке қорғаныш құралдарын қолжетімді жерде сақтау.


      274. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтандыру шаралары мыналар:

     1) биологиялық сұйықтық теріге түскен кезде, қолғапты немесе басқа жеке қорғаныш құралын шешкеннен кейін, дереу қолды сабынды сумен жуып, одан кейін ластанған жерді жуады. Қолды ағынды сумен жуады. Ағынды су жоқ болған жағдайда, қолға арналған антисептикалық ерітінді және бір реттік қағаз орамалдар немесе антисептикалық сулықтар қолдану қажет;

      2) инелері бар бір рет қолданылатын шприцтер пайдаланғаннан кейін алдын ала жуылмастан, дезинфекцияланбай, бөлшектелмей және деформацияланбай дереу қауіпсіз кәдеге жарату қорабына (бұдан әрі – ҚКЖҚ) тасталады;

      3) көп рет қолданылатын ластанған, кесетін және шаншитын аспаптар кейіннен өңдеу үшін қатты, ылғал өткізбейтін (түбі мен қабырғасы), таңбаланған контейнерлерге бірден салынады;

      4) қолданылған құрал-саймандарға арналған ҚКЖҚ және таңбаланған контейнерлер пайдалануға қолайлы жерде орналастырылады, олардың толтырылуына (төрттен үш бөлігіне дейін толтыру) жол берілмейді және тек мұқият жабық күйінде тасымалданады;

      5) биологиялық сұйықтықтардың үлгілері тиісті таңбасы бар герметикалық контейнерлерге салынады. Егер үлгілері бар контейнер ластанса немесе зақымдалса, оны басқа контейнердің ішіне салу қажет;

6) биологиялық сұйықтықтармен ластанған жабдықты техникалық қызмет көрсету және тасымалдау алдында дезинфекциялау қажет. Егер дезинфекциялау мүмкін болмаса, онда ластанған элементтер ілеспе қағазда көрсетіледі;

7) ластанған төсек-орынға жанасуды мейлінше азайтып, оны таңбаланған қаптарға немесе контейнерлерге салады, ылғал заттарды ылғалданбайтын қаптар мен контейнерлерде тасымалдайды.

275. Мыналарға:

1) биологиялық сұйықтықтармен жанасу мүмкіндігі бар жұмыс орындарында тамақ ішуге, темекі шегуге, макияж жасауға, контактілі линзаларды шешуге немесе киюге;

2) биологиялық сұйықтықтар мен тіндердің үлгілері сақталатын тоңазытқыштарда немесе басқа да орындарда тамақ және сусындар сақтауға;
      3) биологиялық сұйықтықтарды ауызбен тамшуырға соруға;

4) биологиялық сұйықтықтармен ластануы мүмкін шыны сынықтарын қолмен көтеруге;

      5) шприцтерден қолданылған инелерді шешуге, майыстыруға, сындыруға, оларға қалпақшаларын кигізуге және ластанған өткір құралдармен осындай әрекет жасауға;

      6) көп рет пайдаланылатын түйреуіш және кескіш құралдарға арналған контейнерлерден қолмен бірдеңе алуға, қолмен ашуға, контейнерлерді босатуға жол берілмейді.

      276. Жеке қорғаныш құралдарына биологиялық сұйықтықтар түскен жағдайда, оны неғұрлым тезірек шешіп, терінің ластанған орындарын сабынды сумен жуу қажет. Жұмыс орнынан кетер алдында барлық жеке қорғаныш құралдарын шешіп, оларды бұл үшін бөлінген ыдысқа салу қажет. Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын тазалауды, жууды, жөндеуді, ауыстыруды және жоюды жұмыс беруші қамтамасыз етеді.

      277. Медициналық ұйымдардың басшылары медицина персоналын ВВГ, ДВГ және СВГ кәсіптік жұқтырудың алдын алу бойынша оқытуды қамтамасыз етеді.

278. Медициналық ұйымдардың персоналы (медициналық та, медициналық емес те) қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысқа кірер алдында және жыл сайын нұсқаулықтан өтеді.

280. Науқастарды емдеу кезінде кез келген қажетсіз инвазивтік араласуды болдырмау қажет.

281. Медициналық ұйымдар қажетті жабдықпен және шығыс материалдарымен (оның ішінде бір реттік қолғаптармен, катетерлермен, инелермен және инфузияға арналған жүйелермен, дезинфектанттармен, контейнерлермен, ҚКЖҚ-мен) жеткілікті мөлшерде және ассортиментте қамтамасыз етіледі.

 282. Медициналық ұйымдар медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша жоспарларды, персоналдың нұсқаулықтан өту тәртібі мен бақылау тәртібін әзірлейді және бекітеді.

283. Ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру, ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижесі бар адамдар үшін еңбек режимін айқындау мақсатында жұмысқа кірер алдында және алты айда бір рет ВВГ және СВГ маркерлеріне мыналар зерттеліп-қарауға жатады:

1) қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері;

2) гемодиализбен айналысатын медицина қызметкерлері;

3) хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейінді медицина қызметкерлері, сондай-ақ клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалардың медицина қызметкерлері.

284. Медицина қызметкерлерінің ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижесі болғанда қан және оның препараттарын дайындау үдерііне жіберілмейді.
     

1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет