Гепарин тағайындаудың 4-5-ші тәулігінде
тікелей емес антикоагулянт
тағайындайды. Гепарин халықаралық нормаға 2,0 жеткенде тоқтатады. Тікелей
емес антикоагулянттың дозасы индивидуальді таңдап, халықаралық нормалық
қатынасы 2,0-3,0 ге дейін болуы керек. Қан тамыр қабырғасының
атеросклероздық зақымдалу нәтижесіндегі жедел тромбозда немесе
жүрекішілік тромбоз нәтижесінде және жүрек ритімінің эмболиялық окклюзия
нәтижесінде бұзылғанда, тромбоэмболияның қайталануы
қаупінің жоғарлауы
болғанда тікелей емес антикоагулянтты қабылдау ұзақтығы ұзартуды қажет
етеді.
Эндогенді фибринолиздің активаторын стрептокиназа препараттары,
урокиназаны, плазминогеннің тіндік активаторын
қолданумен сегментарлы
сипаттағы жедел тромбоз кезінде тромболитикалық терепяны қолдануға
болады. Тромболитикалық терапияның бірден-бір шарты – фибринолитиктерді
селективті енгізу.Шешуші ангиографиялық мәліметтердегі қан тамыр
өткізгіштігінің қалпына келу жылдамдығына
байланысты препараттарды
бірнеше сағаттан 2-3 тәулікке дейін стандартты дозада
инфузирлейді.Тромболизистен кейін эндовоскулярлы араласу (қуыс ішіндегі
балонды ангиопластикалар немесе катетерлі аспирациялық тромбэктомия)
қолданады, әрі қарай артерияның зақымдалған аймағына стентирлеу жасайды.
Тромбоцитарлы фактор артерия тромбозының
генезінде ерекше орын
алатындықтан, мақсатты түрде ұзақ уақыт дезагреганттардық біреуін мынадай
тәуліктік дозада қолданады: ацентилсалицил қышқылы 50-100 мг тиклопидин
500 мг, клопидогрел 75 мг, дипиридамол 400 мг.
Достарыңызбен бөлісу: