Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы



бет3/3
Дата21.09.2024
өлшемі59.15 Kb.
#503851
1   2   3
арттику

үйректің тұмсығы

Еріндер біріктірілген, алға қарай созылады – жоғарғы ерін жоғары қарай көтерілген, ал төменгі төмен қарай түсірілген

21

терезе

«Ыстық» — ауыз үлкен болып ашылады, ауызды жабу – «суық»

22

шар

Ұртты толтыру, ауаның бәрін шығарып ұртты жинау

Тілдің қозғалғыштық қабілетін дамытуға
арналған жаттығулар:

С/р

Жаттығу атауы

Орындалу әдістемесі

23

құймақ пісіреміз

Жымиып, ауызды ашамыз, тілдің алдыңғы бөлігін төменгі ерінге саламыз. Тілді бірқалыпты,жағдайда санау арқылы 1-ден 5-ке дейін, дан кейін 1-ден 10-ға дейін ұстап тұру керек.

24

ұн илейміз

Жымиып, «пя-пя-пя…» деп тілмен еріндер арасында шалпылдату.

25

тісімізді тазалаймыз

Жымиып, тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің ұшымен жан-жаққа, одан кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстарды жасау.

26

тіліміздің күші көп

Тістер біріктірілген, тіл төменгі, одан кейін жоғарғы тістерге күшпен басады.

27

баспалдақтар

Тілдің ұшы кезек-кезек біресе жоғарғы, біресе төменгі тістерге тиеді.

28

тарақ

Жоғарғы тістер тілді «тарайды».

29

дәмді тосап

Жымиып, ауызды ашып, «кесе» түрдегі жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау.

30

құлыншақ

Еріндерді созып, ауызды ашып, жіңішке тілмен тырсылдату.

31

саңырауқұлақ

Жымиып, ауызды ашып, тілдің жалпақ бөлігін көтеріп, таңдайға керіп, ұстап тұру.

32

кеме келе жатыр

Жымиып, ауызды ашу, күшпен «ы-ы-ы…» деп айту.










Дыбыс артикуляциясын дамытуға
арналған әзіл-жаңылтпаштар.
33
аз-аз-аз
Құдықты каз.
Қаңқылдайды қаз.
Келіп қалды жаз.
Болып қапты жаз.
Атаңа хат жаз.
34
ақ-ақ-ақ
Астында болсын тақ!
Алла болсын жақ!
Басыңа қонсын бақ!
Атам маған жақ.
Гүлденіп кетті бақ
Әжем маған жақ.
Боларсың өркез сақ.
Секіреді лақ.
Шұнандайды лақ.
Сылдырайды бұлақ.
35
ер-ер-ер
Қасиетті жер.
Төгілді көп тер.
Жемістерді тер.
Аға соңынан ер.
Сұрағанын бер.
лау-лау-лау
Желбірейді жалау
Лапылдайды алау.
36
ән-ән-ән
Қамба толы дән.
Әжем айтқан ән.
Құрып жүргін сән.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет