мәдени - кітап оқылмауы, театрларға бармау бұл мәдениеттің жоғалуын белгілейтін түсінік. Мәдени құндылық қуаты таусылуда, шығармашылық рух мәдениеттен кетуде.
білім беру - қазіргі білім адамды ойлауға, түсінуге үйретпейді. Білім беру жүйесі авторитарлық, оқушының қабылдауы енжар, санаулы ақпаратты қамтиды. Білім тек оқытуға басым жасайды, ал тәрбиелеуге қажетті көңіл бөлінбейді.
отбасылық - қиындықтар отбасы дамуының кез келген кезеңінде болады және оны болдырудың себептері өте көп. Тұрмыстық қиындықтар, жұмыстағы өзгерістер, еріңнің не жұбайының психикалық дағдарысы, баланың өмірге келуі, жетімдік, жасөспірімдер арасында ішімдік және нашақорлық, ерте жүктілік, мейірімсіз қатынас.т.б.
Экологиялық дағдарыс:
Адамның шаруашылық іс-әрекеті мен экологияның, табиғат байлықтарын игеруде қоғамның экономикалық қызығушылығы және қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық талаптарының қарама-қайшылығымен шиеленісуінің шегіне жету кезеңін айтады ( елдерді су жайлап, жер сілкініп, түрлі апаттардың болуы, табиғи ормандардың өртенуі).
Философтардың тұжырымы:
Егер анықталған факторлар жиынтығы мен қоршаған ортаның жағдайы жасалса,кез–келген биологиялық көрініс экологияға қарамастан тіршілік ете алады;
Барлық дағдарыстың себебі-адамдардың рухани-адамгершілігінің төмендеуі. Барлық жаһандық мәселелер үш негізге тіреледі:
Бүкіл әлемдік адамзатты термоядролық соғыс арқылы жою;
Бүкіл әлемдік экологиялық апат;
Адамзаттық рухани – адамгершілік дағдарыс.
Бір қызығы үшінші мәселені шешкен кезде, алғашқы екеуі автоматты түрде шешіледі.
Ал рухани және адамгершілігі дамыған адам басқа адамға да, табиғатқа да еш уақытта күштеу көрсетпейді.
Үшінші мәселенің шешімі жеке тұлғаның рухани–адамгершілігін қалыптастырумен және тәрбиелеумен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |