Егер айтып берсең, ұмытамын.
Егер көрсетсең, мүмкін есіме сақтаймын. Егер еліктіре тартсаң, расымен, ұмытпаймын. Мұғалімнің басты қасиеттері
Мұғалім өз міндетін орындау үшін қандай кәсіби қасиеттерді иеленуі тиіс:
Мұғалімге басты екі қасиет қажет: қарапайымдылық, өз кемшіліктерін ұғыну үшін және де кемелденуге тілек (ынталану, ұмтылу). А.Дистервег (1790 - 1866) (неміс педагогі)
Мектептегі ең маңызды құбылыс,ең уағыздаушы пән, ең жанды үлгі– мұғалімнің өзі деп тұжырымдаған А.Дистервег (неміс педагогі).
Ата – аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде
Отбасы–адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы» В.А.Сухомлинский
Белгілі педагог С.Соловейчик келтірген статистика бойынша ата- аналар баласының тәрбиесіне күніне 17 минут арнайды.
Осы уақыттың ішінде қалайша жақсы адам тәрбиелеуге болады?
-Отбасы–ұлттың,мемлекеттің,әлемнің,адамзаттың негізі.Сондықтан оны нығайту керек.
-Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;
-Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.
-Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады.
-Психиатрлар баланың нәрестелік кезеңінен 5-6 жасқа дейінгі кезеңдегі дамуының өте маңызды екенін баса айтады. Бұл кезде ата-ананың баланың ақыл-ой дамуына әсері өте күшті. Бұл баланың тұлғалық дамуына ең бірінші және басым әсер етуші фактор және негізгі мінез-құлық үлгісі болып табылады. Балалардың махаббаты таза, риясыз. Олар өздерінің ата-аналарын бар жан- тәнімен жақсы көреді және оларға еліктейді (кейбір келеңсіз мінез- құлықтарынада). Кей-кейде балалар ата-аналарының тілін алмайды. Бірақ та олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін зер сала бақылайды. Бұл балаларға үлкен әсер етіп, ықпалын тигізеді. Олар ата-аналары өтірік айтып, алдап тұрса, екіжүзділік танытса, оны байқап қояды. Ата-аналар өз балаларына білім беруге, білім алуына жағдай жасауға талпынады. Бір-ақ оларды балаларының қандай білім алып жатқаны онша алаңдатпайды. Білім балаларға жалпы адамзаттық
құндылықтарды игеруге, бойына сіңіруге қызмет етуі тиіс. Академиялық білім білім алушыға өмір сүру үшін табыс табуға үйретеді. Алайда, білім тек қана өмір сүру үшін пайда табуды ғана көздемеуі керек. Білім білім алушыны өмірде кездескен қиыншылықтарға қарсы тұруға рухани, адами тұрғыда дайындауы керек. Білім беруде адамзаттық құндылықтардың жоқ болуынан білім алушылардың бойында алаңдау, мазасыздық, үрейлену басым болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |