Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет25/66
Дата10.06.2022
өлшемі237.54 Kb.
#459079
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Аристотель (б.э.д. 322 -384), ежелгі грек философы .

  • «Адамгершілігі зор адам өзінің өмірін қиюға тура келсе де, өз достары мен отаны үшін қолынан келгенін жасайды».

    Өмірдің мәні неде? Басқаға қызмет ету және игі істер, жақсылық жасауда».
    Конфуций (б.э.д.479-551) Ол-алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ.
    “Адам өзінің табиғатында мейірімді, адам табиғатының толық ашылуы білім алу арқылы жүзеге асады”.
    Өзімізге қалайтын нәрсені, басқаларға да тілейік. Бұдан асқан адамгершілік
    жоқ.
    Жақсылыққа жақсылық қыл, зұлымдыққа әділеттілікпен жауап бер. Қоғамды біріктіріп ұстап тұрған нәрсе- адамдардың бір-бірін ойлап, қамқор
    болуы.
    Жақсылық ойлап іс қылсаң, көпшілік те саған жақсы көзқараспен қарайтын болады.
    Ақылсыз адам өзгенің оны түсінбейтінгін айтады,ақылды адам өзгені түсіне алмай жүргенін айтады.
    Лао-Цзы (б.э.д. 604 ж.)–қытай философы,даосизмнің негізін қалаушы. "Дао дэ цзин» адамгершілік туралы трактаттың авторы. Лао-Цзы ғылымы адамның ішкі әлеміне, ішкі жан дүниесіне бағытталды, ол «ақылды адам сыртқы әлемі емес, ішкі әлемін ойлайды» деп түсіндіреді.
    Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады. Сабырлылық-жақсылықтың қайнар көзі.
    Есі дұрыс адамдарда бір ғана заң бар-әділ болу және ешкімнің көңілін қалдырмау.
    Көп білсе де, кішік болған адам сүйкімді болады. Аз білсе де, өзін ақылды қылып көрсетуге талпыну-рухани дерт.Тек сол мерездің бойымызда бар екендігін мойындап, назар салсақ қана бұлардан арыла аламыз.
    Кез келген істе шектен шықпаған жақсы.
    Басыңызға бақ қонса, оның ұшып кетуі де оңай екенін ұмытпаңыз Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик, философ,
    музыка зерттеушісі, тарихшы болған Әл – Фараби
    Әбу Насыр әл-Фараби – Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «Емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «Жүрек-табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл- Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзкарасын білдірген. Әл-Фараби- артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты
    «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т.б. еңбектер жазған. (әл- Фараби. Философиялық трактаттар.
    -А., 1973, 289-6.).
    Адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін қоғамдасқан ортадан таба алады. Жеке жан иесі адамдар бірлестігінің арқасында жетіліп, өз қабілетін шыңдай түседі.Осыдан келіп олардың өмірге деген қызығушылығы қалыптасады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет