Арттыру ұлттық орталығы акционерлік


Сара Алпысқызы Ілияс Есенберлин



бет38/66
Дата10.06.2022
өлшемі237.54 Kb.
#459079
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Сара Алпысқызы

Ілияс Есенберлин


“ Мен адамдардың әділдігін, адалдығын ,жақсылығына қарап бағалаймын.
Ол жақсы болмаса да өмір сүреміз,ал Сүйіспеншілік болмаса өмір болмайды.” “Қандай адам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты.
Дүние солай жаратылған.Күн,Ай,Жер,Су- бәрі бір-бірімен бірі үзілместей болып шиеленіскен. Күнсіз Жер жоқ,Жерсіз –Су жоқ.Бұл-табиғат гормониясы.Адамды адам етіп жаратқанда-махаббат гормониясы.
Кісі бірін-бірі жек көруден емес,жақсы көруден көркейеді,өрісі кеңейеді.
Бұл адамзаттың бақытының негізі”. Ғ.Мұстафин
Дене–бір қараңғы үй. Жан–сол үйдегі жарық қылып тұрған бір сәуле. Әркімнің жаны бір қалыпта, бір түрде болмайды.Сондай болғаны үшін айтылады:«Арық пен семіздің басы бір ме, жақсы мен жаманның жаны бір ме?»

  • дейді... Алайда жан бар, дене бар. Екеуі бірінен-бірі жасырын емес, бірақ жан деген нәрсені ешкім көрген емес. Барлық белгісі–адамда бір нәрсені ойына салып ойлау бар, сезу бар.Ойланып сезген нәрсесін орындап, орнына келтіру

бар. Жылынады, тынығады, бір нәрсені жақсы көреді, бір нәрсені жек көреді. Міне, осындайлар – жанның барлық белгісі...

Мәшһүр Жүсіп.


Егер жүрегімізде АҚИҚАТ болса
Оны СҮЙІСПЕНШІЛІК-пен нәрлендіре білсек Ол біздің ПАРЫЗЫМЫЗ- дұрыс - әрекет Сонда жанымызда ТЫНЫШТЫҚ болады Әлемде ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ орнайды.
Адамдарды өзгерткің келсе, ешкімге алалық көрсетпей оларға сүйіспеншілік нұрын шаша біл. Г.Песталоций
Махаббат-әуелі адамның адамдығы. Абай
Сенің ең құнды қуанышың адамдарға риясыз қызмет ете білсең, басқа жақсылықтар өзінен өзі келеді-деп тұжырымдаған: Махатма Ганди.


Сүйіспеншілік туралы аңыз


Баяғыда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті: Бақыт, Қайғы,Мақтаныш, Ақыл.Олардың ішінде Сүйіспеншілік те бар екен. Бір күні оларға жақын арада аралды су басатындығы туралы хабарлайды. Олар кемелерін дайындайды. Бәрі кетіп қалады. Тек сүйіспеншілік қана қалып қояды. Сүйіспеншілік соңғы минутына дейін осында өткізгісі келеді. Аралды толығымен су басуға шақ қалғанда сүйіспеншілік өзіне көмек шақырады. Жанына ғажайып кемесіне мінген Байлық келеді. Сүйіспеншілік оған:


-Байлық мені өзіңмен бірге ала кетші дейді?
-Жоқ менің кемемде алтын мен ақша толы саған менде орын жоқ дейді. Сүйіспеншілік енді өзінің ғажайып кемесімен жанынан өтіп бара жатқан Мақтанышқа ала кету іжөнінде өтініш жасауға шешім қабылдайды.
-Мақтаныш, сенен өтінемін көмектесші маған!
-Сүйіспеншілік мен саған ешқандай көмек бере алмаймын дейді. Оның үстіне үстің малмандай су менің кемемді бүлдіріп қоюың мүмкін дейді.
Сүйіспеншілік көмекті Қайғыдан сұрап көреді.
-Қайғы, маған сенімен бірге кетуге мүмкіндік берші.
-ооо… Сүйіспеншілік, менің онсыз да мұңым жетеді, мен жалғыз болғым келеді деп өтіп кетеді.
Бақыт аралдың жанында жүзіп келе жатып өзі сондай бақытты еді. Сүйіспеншіліктің айқайлаған дауысын естіместен өтіп кетеді. Кенеттен бір дауысты естиді: Сүйіспеншілік кел мен сені өзіммен бірге алып кетемін деген. Бұл бір қария болатын. Сүйіспеншілік өзін сондай шаттықта сезініп, тіпті қарияның есімін сұрауды да ұмытып кетеді.
Олар құрғақ жерге жеткеннен кейін қария кетіп қалады. Сүйіспеншілік ол жайында Ақылдан сұрайды.
-Маған көмектескен кім?
-Ол уақыт болатын.
-Уақыт? Не үшін уақыт маған көмектесті екен деп сұрады Сүйіспеншілік. Ақыл жай жымиды да былай деп жауап берді:
Өйткені уақыт қана түсіне алады бұл өмірде Сүйіспеншіліктің қаншалықты маңызды екенін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет