Ақсаң ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі Округтегі халықтың құрамы



жүктеу 43.31 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі43.31 Kb.
Ақсаң ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
Округтегі халықтың құрамы:

Ауылдық округке қарасты 3 елді мекенде 945 халық тұрады, оның 111 зейнеткер, мүгедектіне байланысты 35 адам жәрдемақы алады, 19 Тыл еңбеккерлері, 31 Алтын алқалы, 18 Күміс алқалы аналар есепте тұрады. Округ бойынша 2014 жылы 15 бала туып, 6 адам қайтыс болды. 2015 жылы 11 бала дүниеге келіп, 9 адам қайтыс болған.



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Ауыл округі әкімі көлемінде ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көзі мал шаруашылығы . Ақсаң , Қаражар ,Жалғызқайың Жалғызқайың ауыл тұрғындарының және шаруа қожалықтарының 01.01.2015 ірі қара барлығы -3308 бас , оның ішінде аналық сиыр - 1855, жылқы барлығы - 2306 бас , аналығы- 1052 , қой мен ешкі барлығы- 7263 оның ішінде аналығы – 5146 бас тіркелген. Ауылдық округте 46 шаруа қожалығы бар. Оның 29 шаруа қожалығы мал өсірумен айналысады.

. Ауылдық округтегі елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға малдәрігерлік профилактикалық іс-шаралардың белгіленген мерзімде өткізілуі үнемі бақылауға алынған. Окируг бойынша 24 бас ірі қара мал бурцуллез ауруына оң нәтиже берді. Ауру малдар мал дәрігерінің бақылауымен оқшауландырылып, жойылды.

Әлеуметтік жағдай:

Округте 2 мектеп, 3 Фап, 1 учаскелік полиция, 3 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 ауылдық клубы, 2 шағын орталық, 1 сауда дүкені, 1 мал сойылатын алаң ауылға қызмет көрсетеді.



Денсаулық сақтау:

Ауыл округінде денсаулық саласында жоғары білімді 1 дәрігер Қызылтау ауылдық округінен айына 2 рет келіп науқастарды жеке қабылдауында қарайды. , 3 медбике, 3 санитар барлығы 8 маман жұмыс істейді.



Білім саласы:

Ақсаң ЖОБ білім беру мектебі бойынша 30 мұғалім , жұмысшы , Қаражар ЖНБ білім беру мектебі бойынша-26 мұғалім, 38 жұмысшы қызмет етуде.

Өткен 2014-2015 оқу жылында Ақсаң жалпы орта мектебінде білім сапасы 90,7 пайызды құрап ҰБТ қорытындысы аудан бойынша 4 орын иеленді. Ақсаң, мектебі ыстық тамақпен 48 бала қамтылған, Қаражар мектебі бойынша 100%. Көп балалы отбасы , аз қамтылған отбастары ,жартылай жетім балалар алынып отыр.

Мәдениет саласы бойынша:

Ақсаң округінде бір мәдениет үй мен 3 ауылдық клуб үйі жұмыс атқарады. Барлық мерекелі даталы күндер, мәдениет, мектеп, ауыл әкімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халықтың кең қатысуымен өткізіліп келеді. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болып өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан Ассамблиясы мен Конститутциямыздың 20 жылдығын , Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай іс шараларға мәдениет үйі , кітіпханалар , мектеп ұжымы және ауыл азаматтары да белсене ат салысты. Қаражар ауылында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аталарымызға арналған ескерткішті орнату жұмыстарына ауыл азаматтарымен бірге клуб ұжымы да белсенді қатысып, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштің ашылу рәсімін ұйымдастырды. Ескерткіштің ашылу салтанаты басталмас бұрын «Ұлы Жеңіске тағзым» атты аудандық марафоншыларды қарсы алды. Ескерткіштің ашылу рәсімін аудан әкімі Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақала Кокумбаев Олжабек атамен ескерткішті салтанатты түрде ашты. Барлық мекеме ұжымдары, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары, ардагерлердің туған-туыстары ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты ашылу концерттік бағдарламамен жалғасты. Қаражар ауылдық клубында келген қонақтарға ас берілді.

Жалғызқайың ауылында «Ер есімі ер есінде» демекші ерліктерін мәңгі сақтау мақсатында ауылымызда елеулі оқиға, жас ұрпақты патриотты сезімге жетелейтін игі іс-шара өтті. Ұлы Отан соғысының ардагері , еңбек ардагері ,үш ғасырдың куәгері , ауылымыздың құрметті ақсақалы Оракбай Изатбековтың ұрпақтары атынан, тұрған үйіне атаның есімі жазылған мемориалдық тақтай салтанатты түрде орнатылды.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған, «Абылайханды хан көтеру рәсімі, Бұхар жырау туралы тарихи көрінісі» сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Соғыс кезіндегі тыл еңбеккер өмірінен театрландырылған көріністің өткізіліуіне ауыл тұрғындары белсене қатысты.

Округта 3 кітапхана ауыл оқырмандарына қызмет көрсетеді. Кітапхана жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Кітапхана меңгерушілері округ бойынша барлық өткізіліп жатқан шараларға белсенділікпен атсалысады.

Ауыл халқын ақпараттандыру, баспасөзге жазылу ауылдық округ бойынша ұйымшылдықпен жүргізіліп 100 пайызға орындалды. Ауылдық округ әкіміндегі жастар және спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстарымызда бар, барлық түрдегі спорт түрлерінен аудан көлемінде өткен көрсеткіштеріміз де көңіл қуантатындай. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды жандандыруда бір шама жұмыстар жүргізуімізге тура келеді.

Аудан бюжетінің кіріс бөлігін орындалуына жәрдемдесу:

Үстіміздегі жеке тұлғалардан жер салығы, мүлік салығы , жеке тұлғалардан көлік құралдарынан түскен салық және төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыс салығы жиналып тапсырылды.



Қылмыспен күрес:

Жыл көлемінде ауыл округі көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық болған жоқ.

Үстіміздегі жылы жеке тұлғалардан ауылдық округі әкімі аппаратына әлеуметтік-тұрмыстық, жұмыспен қамту және ауыл шаруашылық салаларына қатынасты 26 өтініш түсті. Осы өтініштердің 6-уы заңды тұлғалар, 20 сы жеке тұлғалар болды. Қанағаттанарлық шешімін тапқан 4, 22 өтінішке жазбаша түсінік берілді. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Ақсаң ауылдық әкімшілігі интернет желісіне қосылған. «Айқын» бағдарламасы аясында азаматтардың өтініштері электронды түрде қабылданып қаралады. Өтініш иесі Қазақстанның кез-келген жерінен өзінің өтінішін интернет арқылы қаншалықты жүзеге асып жатқанын көре алады.

2015 жылға Ақсаң ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелерді шешу мақсаты қойылған. Оның ішінде былтырғы жылы оң шешімін тапқан Жалғызқайың ауылдық клубының ағымдағы жөндеу жұмысы ғана оң шешімін тапты. Ағымдағы жөндеу жұмысына 2.300 мың теңге қаражат бөлініп жөндеу жұмысына жұмсалынды. 1қарттар күні қарсаңында ашылған ауылдық клубымызға келген ауыл тұрғындары ,қарттарымыз қуанышпен қарсы алды.



Бүгінгі күні округте ауыз су мәселесі ауыл тұрғындарын елеңдетеді. Осы мәселе бойынша жұмыстар атқарылуда. Ақсаң ауылының су құбырына (скважна) күрделі жөндеу жұмысы қажет етіп тұр.

Ауылымыздың өркендеу жолындағы осы маңызды мақсаттарды іске асыруға өз үлесімізді қосайық, ардақты ауылдастар.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет