Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет12/85
Дата12.12.2023
өлшемі1.43 Mb.
#486299
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
kaskabasov s tandamaly tom 2 mifologiia folklor debiet zertt

Күн мен Айдың пайда болуы. Сонымен, алғашқы қауымның 
рух­иелік мифологиясында әлемнің әр бөлшегі жеке жаралып, 
әрқайсысы өз қызметін атқарады. Ең әуелі, ал ол қайдан 
пайда болғаны беймәлім, миф шын айтпайды. Судың бөлшегі 
сияқты жер судан бөлінеді, жерден аспан ажыратылады, 
солармен қатарлас Ай мен Күн жаратылады. Жарататын, көп 
жағдайда, жасампаз қаһарман. Ол Күн мен Айды жаратып қана 
қоймайды, «сонымен қатар олардың қызметін де анықтап, 
Күн күндіз жарық беруін, Ай түнде жарық болуын белгілейді. 
Демек, рух­иелік мифологияның аясында әлемді алғаш 
реттеудің бастамасы аңғарылады. Шынын айту керек, Күн мен 
Айды ылғи да жасампаз қаһарман жасай бермейді. Әсіресе, 
олардың өзара және жұлдыздармен арақатынасы сөз болған 


[
36
]
тұста жасампаз қаһарман көрінбейді. Рас, көне мифтерде ол – 
бас кейіпкер, Ай мен Күн де, адам да, хайуандар да соның әре­
кетінен пайда болады.
Мысалы, африкалықтардың мына бір мифін алайық: 
«Ункулункулу жердің астынан шыққан. Ол қоғаны жарып 
шығып, оның ішіндегі барлық елді шығарып жіберіпті.
Ункулункулу Күнмен және Аймен бірге шығыпты да, олар­
ды аспанға орналастырыпты. Сонсоң: «Күн күндіз, ал Ай кешке 
көрінетін болсын!» – депті.
Ункулункулу жердің астынан шыққан мезетте қара адам­
дарды, ақ кісілерді, малды, ешкі мен қойды, итті, құсты жара­
тыпты. Ол бәрін жаратыпты...»
42
Рух­иелік мифологияда кейде Күн мен Ай жасампаз қа­
һарманның әрекетінен емес, басқа бір заттан немесе адамнан 
пайда болады. Заттан пайда болғанда, ол бір оқиғаның нәтижесі 
ретінде жаратылады. Ал адамның Күнге айналуы, әдеттегідей, 
бір қауіптен немесе жазадан, ұяттан қашу, яки басқа бір 
себептің салдары. Міне, бір миф.
«Адамдар пайда болғанға дейін жер бетінде құстар мен аңдар 
ғана болыпты. Ол кезде тек Ай мен жұлдыздар ғана жарқырап 
тұрады екен. Күн болмапты.
Бірде құстың ең үлкені Диневан­эму мен Бролга деген 
тырна алдымен ұрысып, соңынан төбелесіп қалыпты. Әбден 
ашуланған Бролга Диневаның ұясындағы үлкен жұмыртқаны 
алыпты да, аспанға атыпты. Жұмыртқа аспанда үюлі тұрған 
отынға соғылып, жарылыпты, оның сарысы ағып кетіпті, ал 
отын өртке шалыныпты. Өрттің оты бүкіл әлемді жарық етіпті. 
Бұрын алакөлеңкеге үйренген мақұлықтар енді жарыққа көзі 
шағылысыпты...»
43
Бұл мифте Күннің пайда болуына адамның қатысы жоқ. Екі 
құстың араздығынан пайда болады. Сырт формасына сәйкес 
Күнді жұмыртқадан жаралды деу – заман үшін орынды. Осыған 
орай мына бір жағдайды ескеру керек.
Аспан шырақтарының, әсіресе Күн мен Айдың пай да болуы 
мифтерде көбінесе екеуінің араздасып немесе ұрысып қалуы­
мен байланыстырылады. Олар бұрын адам болған делінеді, 
кейде екеуі де әйел, кейде бірі еркек, бірі жұбайы болып еді деп 
те айтылады. Олардың аспанға шығып кетуі қалай да бір оқыс 


[
37
]
жағдайлармен байланысты болып келеді. Мысалы, қазақтың 
бір мифінде былай делінеді. «...Ай мен Күн егіз туған керемет 
сұлу екі әйел екен. Әсіресе, Ай сұлуырақ болып мақтанып, Күн 
оны қызғанып, Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі 
Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ 
«аламыш» содан екен деседі.
Айдың кеш туғанын және кемігенін ел Ай «қорғалады» 
дейді. Күнге жақындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасыра­
ды, ал қашықтаған Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел 
көрсетіп, ереуілдейді»
44

Әрине, бұл текст – таза архаикалық мифтің өзі емес, бірақ 
мұнда көне мифке тән мазмұн мен мифологиялық ұғым бар. 
Тек қана екі сұлу әйелдің қалай аспанға орналасқаны айтыл­
майды. Алайда, бұл келтірілген текстің олқылығы емес, ол 
мотив не ұмытылып қалған немесе жинаушы оған мән бермей
қалдырып кеткен. Қалай болғанда да, анық нәрсе сол – Күн 
мен Айдың бұрын адам болғаны және екеуінің араздасуы. Ал 
алғашқы қауымға тән ежелгі мифологияда Күн мен Айдың, 
аспан шырақтарының тарихы былай баяндалады: «Күн – өте 
қорқынышты дема. Ол бұрын Комолома маңындағы Дарамби 
деген жерде болатын. Бірде Комоломада тұратын бір бала, 
өзі жұқпалы тері ауруына шалдыққан, балық аулауға келе 
жатып, күтпеген жерден бір терең шұңқырға тап болыпты. 
Шұңқырдан өте бір ыстық жалын шығып тұр екен. Шұңқырда 
күннің демасы жатыр екен, өзі Қызыл түсті баланың кейпінде 
екен. Аты Бунау екен.
Жаңағы балық аулауға кетіп бара жатқан бала қайтадан 
деревняға (ауылына) жүгіріп барып, адамдарға су жағасында 
бір шұңқырда ыстық жалын атқан қып­қызыл бала отырғанын 
айтыпты.
Ер адамдар найзасын, садағын, оғын, таяқтар мен тас бал­
таларын алып, бала айтқан жерге барыпты. Келіп шұңқырда 
отырған оттай қызыл баланы көріпті. Шүңқырдың түбінде 
неше түрлі жыландар мен бақа­шаяндар бықып жатыр екен.
Адамдар күннің демасын шұңқырдан шығарып алып, ауыл­
ға алып келіпті. Оны ерлер үйіне орналастырып, неше түрлі 
заттармен, қауырсындармен безендіріпті. Содан кейін оны қа­
лың жынысқа апарып, өздерінің ісіне пайдаланыпты.


[
38
]
Ретін тауып, бала қашыпты. Ол шырмауықтың бойымен 
өрлеп, аспанға шығыпты, алайда шырмауық жіңішке болған­
дықтан үзіліп кетіп, бала қайтадан жерге түсіпті.
Бала бәрібір құтылыпты. Ол биік ағашқа өрмелеп отырып, 
аспанға жетіпті. Оның қауырсындары – Күннің сәулесіне айна­
лып кетіпті. Олар, әсіресе Күн батар кезде жақсы көрінеді»
45
.
Міне, бұл мифте Күн тікелей адамнан пайда болады. Ол 
жерде жүргенде, Күннің иесі (демасы) түрінде өмір сүреді, 
оның аты – Бунау. Оның аспанға қашуының себебі – жерде 
адамдар оны жәбірлегені. Сөйтіп, ол аспанға орналасып, Күн 
болады.
Енді бір мифті қарастырайық. «Күн мен Ай бір кезде жерде, 
біздің бабаларымызбен бірге тұрған екен. Олар ерлі­зайыпты 
болыпты да, есімдері Кран және Кра екен. Сол бір алыс заманда 
әйелдер мейрам өткізу үшін үлкен үйге жиналып, көңіл көте­
реді екен. Еркектерді онда жібермейді екен. Күрке үйге рухтар 
(аруақтар) жиналады дейді екен еркектерге. Әйелдерді Ай 
басқарады екен, олар оның айтқанына көніп, күйеулерін 
алдай ды екен. Күйеулері бұл күндері үйде қалып, балаларын 
ба ғады екен.
Бірақ Күн өте қу шаман болыпты. Ол әйелдердің оларды 
алдап жүргенін біліп қойыпты. Еркектер ашуланып, әйелдер 
жиналған күркеге шабуыл жасапты. Шайқас қатты болып, 
біраз ғана әйел аман қалыпты.
Ай да шаман екен, сондықтан оны еркектер иілдіруге бат­
папты. Бірақ оны күйеуі Күн бірнеше рет қатты соғыпты. Әр 
соққан сайын жер сілкініп, күн күркірепті. Содан кейін күйеуі 
соғуын тоқтатыпты. Осы уақытқа дейін Айдың бетінде тыртық 
бар. Ол Кра аспанға қашып шығыпты, Кран соңынан қуыпты. 
Бірақ осы күнге дейін ұстай алмай жүр»
46
.
Мысалдан көретініміз Күнді де, Айды да ешкім жасамаған, 
олар ештеңеден де жасалмаған. Олар – атам заманда өз­өзінен 
пайда болып, жерде өмір сүрген адам дар. Ерлі­зайыпты. 
Қауыммен бірге тұрады. Олардың өмір салты, әйел қауымы, 
ерлер қауымы болып бөлінуі – индейліктердің алғашқы қауым 
кезіндегі өмірі. Олар өздерінің діни, тағы басқа мейрамдарын 
өткізгенде әйел, еркек болып, екі қауымға бөлінген. Әйелдер 
орман ішінде өз күркелерін, еркектер өз күркелерін істеп, 


[
39
]
неше түрлі ырымдар, іс­әрекеттер істеген. Мифте сол көрініс 
тапқан. Тағы да бір айтатын нәрсе – мұнда әйелдер мен 
еркектердің соғысы. Аналық (матриархат) рудың өз құқылары 
үшін күресінің бір елесі бар. Ру басылары шамандар болуы 
да шындық. Ал олардың аспанға көтеріліп кетуі – шамандық 
қасиеті бар ерекше адамдар елден оқшау тұру керек деген ежел­
гі түсінік.
Адамдардың аспанға көтеріліп кетуі – олардың ерекшелі­
гінен ғана емес, сондай­ақ олардың кінәлі болғандығынан. 
Көне мифтердің бәрінде дерлік Ай мен Күн бұрын адам болған 
делінеді. Ал олардың аспанға көтеріліп кетуі – әр себепті. 
Бірде олар жер бетіндегі ең күшті шамандар болғандықтан 
көк ке көтерілсе, енді бірде араздасып, бірін­бірі қуып аспанға 
шығады. Тағы бірде Ай мен Күн жерде кінәлі болып, жазадан 
қашады немесе ұятты болып, елден безеді. Соңғысы, әсіресе 
Оңтүстік Америкадағы тропикалық ормандарда тұратын 
индейліктердің мифінде жиі кездеседі. Сондай мифтің біреуі 
Ай мен Күн туралы былай баяндайды:
«Ерте, ерте заманда бозбалалар мен бойжеткендер бөлек 
тұрады екен, әрі бір­бірінен қорқады екен. Сондықтан бірге 
өткізетін бірінші түнді қорқа­қорқа қарсы алыпты. Әбден 
қараңғы түскеннен кейін қыздар күркеге (хижинаға) кіріп, 
жерге жатыпты, ал жігіттер далада қалып, от жағып, көп 
уақытқа дейін ән салып, би билепті. Ақыры, олар күркеге 
кіріпті. Әрқайсысы бір­бір қызды иемденіпті. Қараңғыда кімді 
алғанын ешқайсысы білмепті.
Жігіттердің ішінде біреуі пысық екен, ол қай қызға ие 
болғанын білгісі келіп, қыздың атын қанша сұраса да, бой­
жеткен жауап бермепті. Жігіт саусағына түкірігін жағып, оны 
топыраққа былғап алып, қыздың бетіне жағып кетіпті. Таң 
атпай жігіттер үйден шығып, отқа жиналыпты, әрқайсысы 
өзінің қызын әңгіме етіпті, бірақ нақты кім екенін біле 
алмапты. Тек бір жігіт қана қыздың бетіне топырақ жағып 
қойғанын айтып, таңертең оны тауып алатынын айтыпты.
Таң атыпты, бәрі қараса, жігіт өзінің туған қарындасының 
бетіне жағыпты. Содан бері ағасы мен қарындасы аспанда 
жүреді екен, біреуі – Ниандеру – Күн болыпты, екіншісі – 


[
40
]
Жаси – Ай болыпты. Ниандеру беті былғанған қарындасы 
көрінген кез де тығылып қалады екен»
47
.
Сол жұрттың екінші мифі:
«Ай – бет­аузы былғанған адам. Баяғыда бір қыз жүкті болып 
қалыпты. Оның сүйікті жігіті түнде келеді екен, сондықтан 
қыздың өзі де жігіттің кім екенін білмейді екен. Қыздың 
шешесі аңдуға кірісіпті. Бірде ретін тауып, ол жігіттің бетіне 
күйе жағып жіберіпті. Ертесінде қызға келіп жүрген жігіт 
өзінің туған ағасы екені білініпті. Жұрт мазақ етіп, күліпті. 
Ұялғаннан жігіт аспанға шығып кетіпті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет