Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет100/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

10.3.1 кесте - Теңгерім пассивінің баптарын талдамалық топтау 
және талдау 
Теңерім пассиві 
Кезең басында 
Кезең соңында 
Абсолютті 
ауытқу, мың 
теңге 
Өсу қарқы-
ны, 
% 
мың 
теңге 
нәти-
жеге 
пайыз- 
бен 
мың 
теңге 
нәти-
жеге 
пайызбе
н 
Мүлік көздері, 
барлығы 
79225 
100 
83186,25 
100 
3961,25 
105 
Меншікті капитал 
41989,25 
53 
45752,45 
55 
3763,2 
108,9 
Несиелік капитал 
37235,75 
47 
37433,8 
45 
198,05 
100,53 
соның ішінде: 
- ұзақмерзімді бере-
шектер 
1584,5 

1663,7 

79,2 
105 
- қысқамезімді бере-
шектер 
35651,25 
45 
35770,1 
43 
118,85 
100,33 
соның ішінде: 
- кредиторлық бере-
шек 
14260,5 
18,0 
13309,8 
16 
-950,7 
93 
Бақылау сұрақтары 
1.Кәсіпорынның қаржылық жағдай дегеніміз не?
2.Талдаудың жеті негізгі бағыты. 
3.Ұйым теңгерімдегі активтердің құрамы
4.Ұйым теңгерімдегі активтердің құрылымы
5.Теңгерім активінің баптарын талдамалы топталуы 
6.Ұйым теңгерімі пассивінің құрамы
7.Ұйым теңгерімі пассивінің құрамы 
8.Теңгерім пассивінің баптарын талдамалық топталуы


162 
11 ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ТАЛДАУ 
 
11.1 ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ҮШІН 
КОЭФФИЦИЕНТТЕР ЖҮЙЕСІ 
«Қаржылық тұрақтылық» түсінігі мағынасы бойынша «төлем қабілет-
тілігі», «несие қабілеттілігі» түсініктеріне қарағанда кең түсінік болып сана-
лады, себебі ол өзіне ұйым қызметінің көптеген тараптарын қамтыйды.
Қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін коэффициенттер жүйесі қолда-
нылады. Келесі коэффициенттер пайдаланылады:
1) меншікті және несиелік капиталдың шоғырлану коэффициенті (ав-
тономия) К
ав
.
Несиелік капиталдың шоғырлану коэффициенті К
нк

К
нк 
= НК / А 
мұнда НК - несиелік капитал. 
А – теңгерім активі. 
Бұл екі коэффициенттің қосындысы: К
мк
+ К
нк
 = 1; 
2) ненсиелік және меншікті капитал ара қатынасының коэффициенті
(капиталдандыру коэффициенті) – К
ара 

К
ара
 = НК / МК, 
Коэффициент ұйымның активіне жұмсалған меншікті капиталдың әрбір 
теңгесіне келетін несиелік капиталдың шамасын көрсетеді.
3) меншікті капиталдың оңтайлы пайдалану коэффициенті К
оң

К
оң 
= МАК / МК, 
мұнда МАК – меншікті айналым капиталы. 
Коэффициент К
оң
 меншікті капиталдың қандай бөлігі ағымдығы қызмет-
ті қаржыландыру үшін пайдаланғанын көрсетеді, яғни айналым капиталына 
қаншасы келетінін, ал оның қаншасы капиталдандырылғанын көрсетеді. 
Ұйымның қызмет түріне және оның активінің, оның ішінде айналым капита-
лының, құрылымына байланысты бұл көрсеткіштің мәні едәуір өзгеріп оты-
руы мүмкін.
МАК = МК + ҰМП - АТА. 
Ұзақ мерзімді пассив негізгі капитал мен күрделі салымға жұмсалады 
деп болжағаннан кейін оны меншікті капиталға теңестіреді.
4) ұзақ мерзімді салымдардың құрылым коэффициенті К
сқ



163 
К
сқ 
= ҰМП / АТА 
мұнда ҰМП – ұзақ метзімді пассивтер;
АТА – айналымнан тыс активтер. 
Бұл коэффициент негізгі капитал мен басқа айналымнан тыс активтердің 
қандай бөлігі ұзақ мерзімді несие көзінен қаржыландырылғанын көрсетеді.
5) тұрақты қаржыландыру коэффициенті К
тқ

К
тқ
= (МК + ҰМП) / (АТА + АА), 
мұнда МК + ҰМП - тұрақты капитал; 
АТА + АА – айналымнан тыс және ағымдағы капитал сомасы 
немесе теңгерім валютасы (ТВ). 
Меншікті және ұзақ мерзімді несиелік капиталдардың айналымнан тыс 
капитал мен айналым капиталының құнына қатынасы барлық активтің 
қандай бөлігі тұрақты капитал арқылы қаржыландыратынын білдіреді. Со-
нымен қатар, тұрақты қаржыландыру коэффи- циенті (К
тқ
) ұйымның қысқа 
мерзімді несие көзімен қаражаттың орнын толтырудан тәуелсіздік 
(тәуелділік) дәрежесін байқатады.
6) мүліктің нақты құнының коэффициенті К
н

К
н
= Р
м 
/ ТВ, 
мұнда Р
и 
– негізгі капиталдың, шикізаттың және аяқталмаған өндірістің 
қосынды құны.
Мүліктің нақты құнының коэффициенті негізгі капитал, шикізат, мате-
риалдар және аяқталмаған өндіріс құнын ұйым мүлкісінің жалпы құнына 
(теңгерім валютасына) бөлу арқылы анықталады. Коэффициенттің алымында 
көрсетілетін барлық элементтер - бұл шын мәнінде ұйымның негізгі қызметін 
іске асыру үшін қажетті құралдар, яғни ұйымның өндірістік әлеуеті болып 
табылады. Демек, коэффициент К
н
ұйымның негізгі қызметін қамтамасыз 
ететін мүлік активінің құрамындағы үлесін байқатады. Бұл коэффициенттің 
шектеулі қолданылатыны және өндірістік сала ұйымдарында, сонымен бірге 
әртүрлі салалада едәуір өзгеше болып келетіні түсінікті.
Қаржылық тұрақтылықты бағалау өлшемі ретінде запасты (материалдық 
айналым қорын) қалыптастыру үшін қажетті қаражаттар көзінің артықтығы 
немесе жетпіспеуі болып табылады.
Запастарды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз ету - бұл қаржылық 
тұрақтылықтың мәні, төлем қабілеттілігі болса ол оның сыртқы көрінісі.
Әдетте қаржылық тұрақтылықтың төрт түрі бөліп көрсетіледі.


164 
1. Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы – бұл запас көлемі 
меншікті айналым капиталы мен қысқа мерзімді несие мен қарыз қаражаты-
нан (ҚМН) кем болғанда пайда болады (өте сирек кездеседі): 
З < МАК + ҚМН. 
Сонымен бірге запасты қаражат көздерімен қамтамасыз ету коэффици-
енті (К
а
) үшін келесі шарт орындалуы тиіс: 
К
а
=
(МАК + ҚМН) / З
>1 
 
2. Қалыпты тұрақтылық – бұл төмендегі тепе-теңдігі болған 
жағдайда ғана орындалады
З = МАК + ҚМН болғанда К
н
= (МАК + ҚМН) / З
=1 
3. Тұрақты емес қаржылық жағдай – бұл төлем теңгерімі бұзылса да 
ұйым айналымына уақытша бос тұрған қаражат көздерін (резервті капитал, 
жинақтау және тұтыну қоры) (К
уақ
), айналым капиталын уақытша толтыруға
банк несиесі мен қарызға алған қаражаттар арқылы төлем қаражаттарының 
тепе-теңдігін сақтау мүмкіншілігі бар, яғни қаржылық қауырттықты бәсеңде-
тетін жағдай.
З = МАК + ҚМН +К
уақ
болғанда К
тұр.емес
= (МАК + ҚМН +К
уақ
) / З = 1. 
4. Дағдарысты қаржылық жағдай - бұл төлем қабілеттілік дәрежесі 

9
) үштен көп, сонымен қатар ақшалай қаражат, қысқа мерзімді қаржылық 
салым және дебиторлық берешектер кредиторлық берешек пен уақыты өткен 
несие қаражатын өтеуге де жетпейді, яғни: 
З > МАК + ҚМН +К
уақ
болғанда К
д
 =(МАК + ҚМН +К
уақ
) / З < 1 . 
Бұл жағдайда төлем теңгерімінің тепе-теңдігін уақыты өткен еңбекке 
төленетін ақы, банк несиесі, жабдықтаушыларға, салық бойынша төлемдер 
есебінен қамтамасыз етіледі. 
Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы келесі шаралар көмегімен қалпына 
келтіруге болады:
• ағым активіндегі капитал айналымдылығын жеделдету арқылы, оның
нәтижесінде бір теңгеге тауар айналымы, түсімі салыстырмалы 
қысқарылады;
• запастың негізделген азаюымен (нормативке дейін); 
• ішкі және сыртқы көздерден алынған меншікті айналым капиталы-
мен 
толықтыру.


165 
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін келесі шарттар орында-
луға тиісті: 
а) автономия коэффициенті К
ав
 
0,5, яғни барлық берешектеріне 
ұйымның меншікті капиталы жеткілікті болуы керек; 
б) айналымдағы меншікті капитал (меншікті айналым капиталы) бар-
лық 
айналым капиталының 10%-нан кем болмауға тиісті {К
мк 
≥ 0,1); 
в) ұсынылып отырған автономия коэффициентінің мәніне сәйкес бере-
шек 
көлемі барлық айналым капиталының жартысынан аспауы керек; 
г) ағымдағы берешектер үш айлық (К
аб
 < 3) түсімге тең болуы керек 
(төлем қабілеттілігінің шарты); 
д) «Өндірістегі» және «есеп айырысуда» айналым капиталының ара 
қатынасы 60% : 40% болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет