Асанова с. С., Калманова н. М


Айналым капиталының табыстылығы



Pdf көрінісі
бет107/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Айналым капиталының табыстылығы
17
) в барлық салықтар мен 
басқа да төлемдерден кейінгі ұйым қарамағында қалатын пайданың айналым 
капиталының барлық сомасына бөлгенге тең.
Бұл көрсеткіш ұйым айналым капиталын пайдалану тиімділігін байқата-
ды. Ол айналым активіне жұмсалған бір теңгеге қаншалықты пайда келетінін 
анықтайды.
Сату табыстылығы
18
) өнімді сатқаннан түскен пайданы сол 
кезеңдегі табысқа бөлу арқылы анықталады.
Бұл көрсеткіш өнімді сатқаннан түскен пайда мен есеп беру кезеңіндегі 
табыстың ара қатынасын білдіреді. Ұйым ол өнімді сатқаннан түскен бір 
теңге табыстан қанша пайда тапқанын анықтайды.
Бір жұмыскерге шаққандағы орташа айлық өндірім
19
) орташа 
айлық түсімнің орташа тізімдегі жұмыскерлер санына бөлу арқалы анықта-
лады.
Бұл көрсеткіш ұйымда еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі мен 
еңбек өнімділігінің деңгейін анықтайды. Өндірім сапалы көрсеткіші бола 
тұра, қарқынды факторлар есебінен өндірістің дамуын сипаттайды.
Айналымнан тыс капитал тиімділігі (қор қайтарымы) (К
20
) орташа 
айлық түсімнің айналымнан тыс капитал құнына қатынасы ретінде анықтала-
ды.
Ұйымның бизнес көлеміне негізгі капиталдың (машина және құрал-
жабдықтар, ғимарат, құрылғы, тасымалдау құралы және т.б.) толық көлемі 
қаншалықты сәйкес келетінін анықтай отырып, бұл көрсеткіш ұйымның 
негізгі капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Өндіріс үдерісінің 
қарқындылығын сипаттай отырып, бұл көрсеткіш те өндірім сияқты сапалы 
көрсеткіш болып саналады.
Егер қарастырылып отырған кезеңде ұйым жаңа қымбат негізгі капитал-
ды сатып алмаса, айналымнан тыс капиталдың тиімділік көрсеткішінің мәні 
осы сияқты салалық көрсеткіштен кем болса, онда ұйым қолда бар негізгі ка-
питалды толық пайдаланбай отырғанын сипаттайды. Сонымен қатар ай-
налымнан тыс капитал көрсеткіші мәнінің жоғары болуы құрал-жабдықтарды 
толық пайдалануымен қатар олардың резервтері жоқ екенін, ескірген 
өндірістік құрал-жабдықтардың табиғи және сапалы тозу дәрежесінің жоғары 
екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет