Асанова с. С., Калманова н. М


Инвестициялық белсенділік коэффициенті



Pdf көрінісі
бет108/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Инвестициялық белсенділік коэффициенті
21
) аяқталмаған өндіріс, 
материалдық құндылыққа салым және ұзақ мерзімді қаржылық салым 
түріндегі айналымнан тыс капи- тал құнының айналымнан тыс капиталдың 
барлық сомасына бөлу арқылы есептелінеді. 
Бұл көрсеткіш инвестициялық белсенділікті сипаттайды және ұйымның 
меншілікті жаңғырту мен жетілдіруге және басқа ұйымдарға қаржылық са-
лым түрінде жұмсаған қаражаттың көлемін анықтайды. Бұл көрсеткіштің өте 
төмен немесе өте жоғары мәні ұйымды дамыту стратегиясының дұрыс емес 
екенін немесе менеджмент қызметін меншік иелері толық бақыламай 
отырғанын көрсетеді.
 


173 
Бақылау сұрақтары 
1. Ұйымның қаржылық тұрақтылығының түрлерін атаңыз.
2. Рентабельділік көрсеткіштері және оның экономикалық мәні 
3. Пайданың қалыптасуы, бөлінуі және пайдалануының кезеңдері 
4. Айналым капиталын пайдалану және іскерлік белсенділіктің 
тиімділігі көрсеткіштері (К
14 
– К
16
). 
5. Табыстылық көрсеткіштері (К
17 
– К
18
).
6. Өндірісті үдерісін қарқындандыру көрсеткіштері (К
19 
, К
20
). 
7. Инвестициялық белсенділіктің көрсеткіші (К
21
). 
8. Әртүрлі деңгейдегі бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қор ал
 
 


174 
12. ҰЙЫМНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
 
 
12.1. ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ 
РӨЛІ 
 
Инвестициялар - бұл кәсіпкерлікке және басқа да қызмет нысандарына 
пайда алу мақсатымен және басқа да пайдалы нәтижеге жету үшін салынатын
қаражат (ақша қаражаттдары, құнды қағаздар, ақшалай бағаланатын басқа да 
мүліктік құқық).
Экономикалық дамуды зерттегенде жүйені дамудағы инвестицияның 
рөлін мазмұндайтын бір неше үлгілерді бөліп көрсетуге болады. Осындай 
бір үлгіні американдық экономист және тарихшы Уолт У. Ростоу «Стадии 
экономическрго роста» (1960 ж.) деп аталатын өз жұмысында көрсетті. 
Ростоу бойынша барлық дамыған елдер дамудың өзін-өзі қолдау сатысынан 
өтеді. Серпе дамудың маңызды шарты - даму үшін ішкі және сыртқы инве-
стицияның болуы. Инвестицияның тез өсуіне мүмкіндік беретін экономика-
лық тетіктің бірін Харрода - Домара үлгісінде суреттеп көрсетілген, оның 
құрылымын төменде келтіреміз. 
Экономикалық жүйеде ұлттық табыстың (өнімнің) бір бөлігі тозған 
негізгі қаражатдарды қалпына келтіру үшін жинау қажет, бұл жай ұдайы 
өндіріс деп аталады. Экономикалық өсу үшін (ұлғаймалы ұдайы өндіріс)
негізгі және айналамалы капитал көлемінің өсуі аса қажет. 
Келесі белгілерді қолданамыз:
К - капиталдың жалпы көлемі; 
В – жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ);
к -капиталсыйымдылық коэффициенті (к = К/В); 
s - жинақталған қор мөлшері (ЖҰӨ тіркелген бөлігі); 
S - жинақталған қордың жалпы сомасы (S = s × B); 
I - инвестициялар (I = ΔК - жинақталған қордың себебінен капитал 
көлеміндегі өзгерістер). 
Капиталдың жалпы көлемі (К) ЖҰӨ-мен тікелей тығыз байланысты 
болған соң оны төмендегідей етіп көрсетуге болады: 
K/B = к, ΔК /ΔВ = к
Одан ΔК = к × ΔВ . 
Егер инвестициялау жинақталған қор бойынша жүргізілетін болса, онда 
S = I 
инвестициялар жинақталғал қорға тең деген Кейнстің атақты теңдеуін
табамыз. 


175 
S = s × B, I = ΔК = к ×ΔB теңдеулерлердің s × B = к ×ΔB, тең екенін ес-
кере отырып, В×к-ға бөлу арқылы төменгіні табамыз: 
ΔB / В = s / к = 1/к × s. (13.1) 
ЖҰӨ өсу қарқыны жинақталған қор мөлшерімен және капиталсыйымды-
лық коэффициентімен анықталатынын (13.1) теңдеуден көруге болады. Осы 
ЖҰӨ бойынша жинақталған қор (демек инвестицияның да) көлемі неғұрлым 
жоғары болған сайын, соғұрлым ЖҰӨ тез өседі, және сол уақытта ЖҰӨ-нің 
өсуі капиталсыйымдылығына кері үйлесімді болады ( Харрода-Домараның 
ықшамдалған үлгі).
Осы үлгіні Н. Д. Кондратьевтің қорытындысы өте жақсы дәлелдейді, ол 
бойынша күрделі салымдардың үлкен запастары және жаңа технологиялық 
идеялар (капиталсыйымдылығын төмендетеді) циклдің жоғарылау толқыны-
на шығуға қажетті жағдай жасайды деп тұжырымдалады.
ЖҰӨ-нен к=3, ал s = 6%-ға тең болғанда ΔB / В  = б% / 3 = 2%-ға тең бо-
лады. 
Егерде, салықтарды жинаудың өсуі себебінен ішкі жинау мен сыртқы 
қарыздарды тарту арқылы жинақталған қор мөлшері 15 пайызға өссе, одан
ЖҰӨ өсуі 2 ден 5% дейын шапшаңдайды, яғни ΔB / В = В /к = 15% / 3 = 
5%-ға дейін өседі.
Дәл осылай Ростоу ілгері серпену жағдайын анықтады. ЖҰӨ 15 до 20%
дейін жинауға (сақтауға) қабілеті бар елдер жинақталған қор мөлшері төмен 
елдермен салыстырғанда тез өседі. Сонымен қатар тым осындай өсу өзін-өзі 
қолдау болады. Бұл апат теориясындағы циклды бейнелеудің сапалы қоры-
тындысынан шығады. [2.
 102б
]. 
1. Жақсы жағдай жағына бірте-бірте жылжу бірден нашарлау жағдайына 
әкеледі; нашарлаудың жылдамдығы жақсы күйге бірқалыпты жылжығанда 
өседі.
2. Жаманырақ күйден жақсысына жылжыған сайын жүйенің өзгеруге де-
ген қарсылығы арта бастайды. 
3. Жақсы жағдайға жету үшін ең нашар күйде болғанға дейін күшті қар-
сылық тезірек болады, қарсылықтың күшті деңгейінен өткеннен кейін 
жағдай нашарлай береді. 
4. Қайта құру жолында ең нашар күйге жеткен сайын қарсылық бір қатар 
уақыттан бастап төмендей бастайды, қалай ең нашар күйге өткеннен кейін 
жүйе толығымен жоюлудың орнына жақсы күйге жақындауға тырыса ба-
стайды. 
5. Жақсы күйге өту үшін нашарлау деңгейі соңғы жақсарумен салысты-
рылмалы болып, жүйе жетілген сайын ол ұлғаяды. Әлсіз дамыған жүйе ал-
дын-ала дерлік нашарлаусыз жақсы күйге өтуі мүмкін, сондай уақытта да-
мыған жүйе өзінің тұрлаулы жағдайына байланысты ақырындап, үзіліссіз 
жақсаруға қабілетсіз болып келеді.


176 
6. Егер жүйені толассыз емес бірден кенеттен нашар орнықты жағдайдан 
жақсыға жақын жүйеге өткізсе, ол онда әрі өзін-өзі жақсы жағдайға қарай 
бірте-бірте өрістей берер еді.
Қозғалыс толассыз болмауға тиісті (1 тармақ), жүйені жақсырақ жағдайға 
толассыз емес бірден ауыстыру керек (6 тармақ) деген 1 және 6 тармаққа 
үлкен көңіл бөлу керек болады.
Жүйенің дамуындағы инвестицияның рөлін кейінгі зерттеулер түзу сыз-
ықты болатын Харрода-Домара үлгісін нақтылауға бағытталған болатын. 
Самуэльсона-Хикса үлгісінде акселерация коэффициентіне (инвестиция 
арқылы табыстың өсуі кейіннен инвестицияның өсуіне әкеледі деген туынды 
сұраныс кағидасы) байланысты экономикалық серпіннің әртүрлі нұсқасы 
жасалынады. 
ЖҰӨ-ның және инвестицияның (1/к = В /К – қорқайтарымға ұқсас коэф-
фициенті, яғни оны инвестицияның интегралдық тиімділік коэффициенті 
ретінде қарауға болады) өсу қарқынына әсерінің үш мүмкіндік нұсқасын
(13.1) көрсетеді:
1) инвестицияның көлемі мен тиімділігі бір кезде өскенде ЖҰӨ де 
ұлғаяды;
2) тиімділік өскен сайын қажетті инвестициялар да азаяды. Бұл жағдайда, 
ЖҰӨ-нің қосымша өсуінің өзгеруін сақтап қалу үшін инвестицияның сапа 
факторынан көлем факторы асып түсуі қажет. Бұл неғұрлым инвестицияның 
тиімділігі жоғары болған сайын соғұрлым оның аз көлемімен жұмыс 
атқаруға мүмкін болатынын білдіреді;
3) әйтсе де инвестиция көлемінің өсуі оның тиімділігінің төмендейтінін 
екіншіге қарама қарсы нұсқа көрсетеді. Бұл жағдайда сапаның кемшілігін 
көлеммен орнын толтыруға болады. 
Жоғарыда көрсетілген екі құрамдастырымда инвестиция көлемі негіз бо-
лып есептелінеді. Инвестиция ағымының әр уақытта шегі бар, олардың ша-
масы шектеулі болып келеді. Жүйенің дамуына және іс-әрекеттің жаңа 
қағидаларына өтуіне байланысты сапа да (тиімділік те) әдеуір шекте өсуі 
мүмкін. Осыдан инвестиция тиімділігінің маңыздылығы, өзектілігі
туындайды, ол тек қана қолданылатын технологиямен ғана анықталып қой-
май инвестициялық саясатты, ахуалды, инвестицияларды тиімді пайдалану 
жағдайын жасайтын сыртқы ортамен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет