Асанова с. С., Калманова н. М


 кесте - Экономикалық ақпараттарды өңдеу тәсілдерін қолдану



Pdf көрінісі
бет11/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

2.1.1 кесте - Экономикалық ақпараттарды өңдеу тәсілдерін қолдану 
ерекшеліктері 
 
Талдау тәсілдері анализа 
Қолдану ерекшеліктері 
Ақпаратты өңдеудің дәстүрлі тәсілдері 
Барлық сферада кеңінен қолданылады
Детерминделген факторлық талдау 
тәсілдері 
Факторлардың нәтижелі көрсеткіштермен 
байланысы болғанда қолданылады 
Стохастикалық факторлық талдау 
тәсілдері 
Факторлардың нәтижелі көрсеткіштермен 
байланысы 
ықтималды 
болғанда 
қолданылады 
Көрсеткіштерді оңтайландыру тәсілдері Математикалық статистиканы қолдануға 
негізделген 
Эвристикалық әдістер
Сандық ақпараттар жеткіліксіз болған 
жағдайда қолданылады. 
Талдау кезінде ескеретін маңызды шарт – көрсеткіштердің 
салыстырмалылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, өйткені біртекті сапалы 
шамаларды ғана салыстыруға болады. 
Көрсеткіштің салыстырмалысыздығы әр түрлі себептерге байланысты 
болуы мүмкін: бағаның әр түрлі деңгейімен, қызмет көлемімен, құрылымдық 
өзгерісімен, өнім сапасының біртексіздігімен, көрсеткіштерді есептеу 
әдістемесінің айырмашылықтарымен, біртексіз күнтізбектік кезеңмен және 
т.б. 
Салыстыруға болмайтын көрсеткіштерді салыстыру талдау нәтижесі 
бойынша дұрыс емес қорытындылар шығаруға алып келеді. Сондықтан 
салыстыру алдында көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтіру қажет.
Салыстырмалы көрсеткіштер жоғарыда аталған факторлар деңгейі бойынша 
бірыңғай базаға келтірілгенде ғана салыстырмалылыққа қол жеткізіледі. Егер 
салыстырамалысыздық құндық бағалау деңгейімен байланысты болса, бұл 
факторды бейтараптандыру үшін оның деңгейін бір бағада өрнектейді. 
Мысалы, есеп беру және базалық кезеңдегі жалпы өнім мен табиғи көлемінің 
салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін базалық кезеңдегі бағалармен 
өрнектелінеді:
ЖӨ = Σ q

× Б

/ Σ q

× Б
0
мұндағы q
1
және q
0
- сәйкесінше есеп және базалық кезеңдердегі i – 
түрдегі өнім өндірісінің табиғи көлемі
Б
0
- базалы кезеңдегі i-түрдегі өнім бағасы  
Көптеген көрсеткіштер көлемдік факторға сәйкес салыстырылмауы 
мүмкін. Егер есеп беру жылындағы шығындар сомасын, Σ (q

× өқ
1
) базалы 
жылдағы шығындармен салыстыратын болсақ X(q
o
өқ
0
), онда бұл 
көрсеткіштер арасындағы айырмашылық тек жекелеген өнім түрінің өзіндік 
құнының өзгерісімен ғана емес, сонымен қатар өнім өндірісі көлеміндегі 
өзгерістерімен де негізделеді. Көрсеткіштер салыстырмалы түрде болуы үшін 
көлемдік фактор ықпалын бейтараптандыру қажет. Ол үшін базалы кезеңдегі 
шығындар сомасын есеп беру кезеңіндегі өнім өндірісінің нақты көлеміне 


21 
қайта есептеу қажет ∑(qjӨҚ
0
) және есеп беру кезеңіндегі шығындардың 
нақты сомасымен салыстыру қажет. 
Сапалы фактор ықпалын бейтараптандыру үшін алынған өнім көлемін 
сәйкесінше оның санын арттыра, кеміте отырып, стандарттық сапаға алып 
келеді. Мысалы – Өндіріс көлемі мен өзіндік құнына қорғасын сапасының 
ықпалын бейтараптандыру(кесте 2.1.2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет