Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет110/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

II кезең. Инвестициялық жобаның тиімділілігі елдегі инфляцияның ор-
таша қарқынымен салыстырылады. Бұл салыстырудың мақсаты – инфля-
циядан пайда болатын ақша қаражаттарының шығасын барынша азайту. Егер 
инфляция қарқыны жобаның тиімділілігінен жоғары болса, онда фирманың 
капиталы уақыт өткен сайын құнсызданады және орнын толтырмайды. 
III кезең. Қажетті инвестиция көлемі бойынша жобалар салыстырылады. 
Салыстыру мақсаты - несиеге деген қажеттілікті барынша азайту, жобаның 
аз капиталсыйымды- лықты нұсқасын таңдау.
IV кезең. Жобалар таңдап алынған тиімділік көрсеткіші бойынша бағала-
нады. Бұл бағалаудың мақсаты – тиімділіктің көрсеткішіне сай нұсқаны 
таңдау.
V кезең. Жобаны іске асырудан түсетін жыл сайынғы (тоқсан сайын) ақша 
ағымдарының тұрақтылығын бағалау. Бағалау көрсеткіші бұл кезеңде әр 
түрлі болуы мүмкін. Инвесторларды кезеңнің басында немесе соңында ин-
вестициядан түсетін табысты алу үдерісі жоба бойынша жыл сайын бір 
қалыпта немесе жеделдетілген (баяулау) түрінде болғанын қалауы мүмкін.
 
 
 
12.3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ҮЛГІЛІК 
ЕСЕПТЕРІ
Әдетте инвестицияның екі түрі: нақты және қаржы инвестициялары 
қарастырылады. Нақты инвестициялар – қандай болса да ұйымның 
материалдық активтер тұрпатына: жерге, құрал-жабдықтарға инвестициялар 


179 
жұмсау. Қаржы инвестициялары - бұл үкімет пен жеке ұйымдардың 
шығарған акцияларына, облигацияларына және тағы басқа құнды 
қағаздарына және де банк депозиттеріне жұмсалатын салымдар. 
Инвестицияның екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Нақты 
инвестициялар негізгі қорларды жаңартумен және ұлғайтумен тікелей 
байланысты. Қаржылық инвестициядан алынған табыс нақты инвестицияның 
қаржыландыру көзі болуы мүмкін. Нақты инвестициялар – бұл белгілі бір 
уақыт аралығындағы және көп уақыт бойы табыс алуын көздейтін ( бірнеше 
ай, жыл) ұзақ мерзімді инвестициялар және одан түсетін табыс нарық 
жағдаятының өзгерісіне байланысты болады.
Инвестицияның тиімділігін талдағанда экономикалық негіздеу және 
болашақ жағдайларды болжау қажет болады, сол себептен инвестициялық 
талдау айтарлықтай дәрежеде болжамды болып келеді және қолданатын 
әдістемелерде уақыт факторы мен тәуекелділік факторы есептеледі.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет