Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет14/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 
2.3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДАҒЫ АҚПАРАТТАРДЫ 
ТОПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ 
 
ШҚТ-да ақпараттарды топтастыру кеңінен қолданылады. Ақпаратты 
топтастыру - сәйкес нышандары бойынша сандық біртекті топтарға 
нысанның зерттелеген жиынтығын бөліп көрсету. Талдау мақсатына 
байланысты типологиялығына, құрылымдылығына және талдамалығына 
қарай топтастырулар қолданылады. 
Типологиялық (белгілерінің ортақтығына, ұқсастығына қарай жіктеу) 
топтастырудың мысалы ретінде меншік түрі бойынша кәсіпорындар тобы 
бойынша, қызмет түрі бойынша, халықтар тобы бойынша және т.б. жіктеуді 
айтуға болады. 
Құрылымдық топтастырулар көрсеткіштердің ішкі қүрылымын, ондағы 
жекелеген бөліктердің арақатынасын зерттеуге мүмкіндік береді. Олардың 
көмегімен жұмысшылардың кәсібі, жұмыс өтілі, жасы және өнімділік 
мөлшерін орындауы, жұмысшылар құрамы; өнімді өндіру өсімінің қарқыны 
бойынша кәсіпорын құрамы; өнімнің өзіндік құнының құрамы және т.б. 
бойынша зерттеледі. Бірлестіктің, министрліктің және басқа да ірі 
құрылымдық бірліктердің жиынтық есеп-қисабын талдауда құрылымдық 
топтастырудың ерекше маңызы бар, себебі ол алдыңғы қатарлы, орташа және 
артта қалған кәсіпорындарды анықтауға мүмкіндік береді және алдыңғы 
қатардағы тәжірибені іздеу бағыттарын, пайдалынылмаған резервтерді 
анықтайды. 
Талдамалық 
(себепті-салдарлы) 
топтастырулар 
зерттелетін 
көрсеткіштер арасындағы байланыс түрін, бағыттарын және нақтылығын 
анықтау үшін қолданылады. Талдамалық топтастырулар негізделетін 
нышанның сипаты бойынша ол сапалылық (нышанның белгі сандық 
тұлғалауы болмаса) немесе сандық топтастыруы болуы мүмкін. 
Құрылудың күрделілігі бойынша топтастыру қарапайым және 
құрамдастырылған болып екі түрге бөлінеді. Қарапайым топтастыру 
көмегімен қандайда белгілі бір нышаны бойынша топтасқан құбылыстар 


25 
арасындағы өзара байланыс зерттеледі. Құрамдастыру топтауында 
зерттелетін жиынтықтың бұлайша бөлінуі бастапқыда бір нышаны бойынша 
жасалынады, сонан соң әрбір топтың ішінде - басқа нышаны бойынша 
жасалынады. Осылайша екі немесе үш деңгейлі топтастырулар қүрылуы 
мүмкін. Олар әр түрлі және күрделі өзара байланысты зерттеуге мүмкіндік 
береді. 
Топтастыру құрған кезде жиынтықты топтарға бөлуге, топтардың саны 
мен олардың арасындағы арақашықтықты таңдауға өте ұқыпты қарау қажет, 
өйткені осыған байланысты талдау нәтижесі де едәуір өзгеруі мүмкін. 
Топтастыруды құру әдістемесін келесідей алгоритм түрінде көрсетуге 
болады: 
1) талдау мақсатын анықтау; 
2) нысанның барлық жиынтығы бойынша қажетті мәліметтерді жинау; 
3) топтастыру үшін таңдалған нышаны бойынша жиынтықты саралау; 
4) жиынтықты үлестіру аралығын және оның топтарға бөлінуін таңдау 
5) топтық және факторлық нышаны бойынша орташа топтық көрсет- 
кіштерді анықтау; 
6) алынған орташа шамаларды талдау, факторлы көрсеткіштердің 
зерттелетін нәтижеге ықпал ету бағытын және өзара байланысын анықтау. 
Құрамдастыру топтауын құру кезінде бұл алгоритм төртінші және 
бесінші тармағының қайталануы есебінен (бірнеше рет) кеңеюі мүмкін. 
Осылайша, ақпараттарды дұрыс топтастыру көрсеткіштер арасындағы 
тәуелділікті көрсету, зерттелетін ұғымдардың мәнін терең түсінуге, талдау 
материалын синтездеуге, ондағы бастысын, өзгешелігін және әдеттегісін 
көруге мүмкіндік береді. 
Теңгерімдік әдіс қорытындысы теңдес өзара байланысты 
экономикалық көрсеткіштердің екі тобының үйлесімін, арақатынасын 
өрнектеу үшін қолданылады. Бұл әдіс бухалтерлік есеп пен жоспарлау 
тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Бірақ ол ШҚТ-да белгілі бір рөлді 
атқарады, оның ішінде кәсіпорынның қаржылық ресурстармен, шикізат, 
жылу, материалдар- мен, негізгі өндіріс қорларымен және т.б. қамтамасыз 
етуді талдауда кеңінен қолданылады, сондай-ақ оларды толық пайдалануын 
талдауда да қолданы- лады.
Мысалы, кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін 
анықтай отырып, бір жағынан еңбек ресурстарына деген қажеттілікті, ал 
екінші жағынан олардың нақтылығын көрсететін теңгерім жасалынады.
Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау кезінде жұмыс уақытының 
мүмкін болатын қоры нақты атқарылған уақытпен салыстырылады, жұмыс 
уақытының жоспардан тыс жоғалу себептері анықталады.Қорғасын өндірісін 
қорғасын концентратымен қамтамасыз ету үшін қорғасын теңгерімі құрыла- 
ды, онда бір жағынан жоспарлы қажеттілігі, ал екінші жағынан байыту фаб- 
рикаларында нақты өндірілетін қоғасын концентраты анықталады. Кәсіп- 
орынның төлемге қаблеттілігін анықтау үшін төлем міндеттемелері мен 
төлем қаражаттары салыстырылған төлем теңгерімі пайдаланылады. 


26 
ШҚТ-да әр түрлі факторлардың нәтижелі көрсеткіш шамасының өсіміне 
ықпалын анықтаудың дұрыстығын тексеру үшін көмекші құрал ретінде 
теңгерімдік әдіс қолданылады. Анықтау (детерминдеу) талдауда жекелеген 
факторлардың ықпал ету шамасының алгебралық сомасы нәтижелі 
көрсеткіштің жалпы өсімінің шамасына сәйкес келуі қажет (ΔY
жалп 
=ΣΔY
xi
). 
Егер мұндай теңдеу жоқ болса, бұл факторларды толық есепке алынбағанын 
немесе есептеулерде қателіктердің жіберілгенін білдіреді.
Анықтаулы аддитивті факторлы үлгілерді жасағанда теңгерімдік әдіс 
қолданылуы мүмкін. Талдауда тауарлық теңгерім негізінде құрылған 
үлгілерді кездестіруге болады. Мысалы, 
Қ
жыл бас.
+Т = С + В + О
к
Бұл жерден 
С = Қ
жыл бас. 
+ Т – В – Қ
жыл соң.

мұндағы Қ
жыл бас. 
– жыл басындағы тауарлардың қалдығы; 
Т – тауарлардың түсуі; 
С – тауарлардың сатылуы; 
В – тауарлар шығынының басқа да көздері; 
Қ
жыл соң.
– жыл соңындағы тауарлар қалдығы. 
Кей жағдайда теңгерімдік тәсілді жекелеген факторлардың нәтижелі 
көрсеткіштің өсіміне ықпалын анықтау үшін қолданады. Мысалы, үш фак-
тордың екеуінің ықпалы белгілі болса, үшіншісінің ықпалын нәтижелі 
көрсеткіштің жалпы өсімінен алғашқы екі фактордың ықпалын шегеру арқы-
лы анықтайды:
ΔY
с 
= ΔY
жалп 
– ΔY
а
- ΔY
в

Талдауда теңгерімдік әдістің негізінде үйлесімді бөлу немесе үлестік 
қатынасу сияқты факторлы талдау тәсілінің бірі келесі тақырыпта толық ай-
тылатын болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет