40
қандайда бір фактордың деңгейінің өзгерісіне дейін және кейін салыстыру
бір фактордан басқа барлық факторлардың әсерін жоюға мүмкіндік
береді
және соңғысының нәтижелі көрсеткіш өсіміне әсерін анықтауға мүмкіндік
береді. Бұл тәсілдің қолданылу ретін 4.1-кестеде көрсетілген мысалда
қарастырамыз. Өзімізге белгілі, жалпы өнім көлемі (ЖӨ) бірінші реттегі екі
негізгі фактордан тәуелді болады: жұмысшылардың саны (ЖС) және орташа
жылдық өнімділік (ЖӨн). Екі факторлы мультипикативті үлгі:
ЖӨ = ЖС × ЖӨн.
3.5 АБСАЛЮТТІ АЙЫРМАШЫЛЫҚ ТӘСІЛІ
Абсалютті айырмашылық тәсілі детерминді
талдауда нәтижелі
көрсеткіштің өсіміне факторлардың әсерін есептеу үшін қолданылады, бірақ
тек мультипликативті үлгілерде (Ү = х
1
× х
2
× х
3
... х
n
) және
мультипликативті-аддитивті түрдегі үлгілерде: Ү = (а - в)с және Ү = а(в - с)
есептеледі. Бірақ оның пайдаланылуы шектеулі болғанымен,
өзінің
қарапайымдылығының арқасында ШҚТ-да ол кеңінен қолданылады.
Оны қолдану кезінде факторлардың әсері зерттелетін фактордың
абсалютті өсімінің мәнін оның оң жағында орналасқан факторлардың базалы
шамасына және оның сол жағында орналасқан
факторлардың нақты
шамасына көбейту арқылы есептейді.
Жалпы өнімнің мультипликативті төрт факторлы үлгісі үшін есептеу
алгоритмі келесідей болып көрінеді:
ЖӨ = ЖС × К × АҰ × СӨн.
Достарыңызбен бөлісу: