48
Осыған ұқсас етіп нәтижелі көрсеткіштің өсу резервтері есептелінеді. Ол
үшін факторлық көрсеткіштің жоспарлы өсімі өзіне сәйкес келетін байланыс
теңдеуіндегі регрессия коэффициентіне көбейтіледі:
P↑Y
xi
=
P↑x
i
× b
i
.
Келесі жылы материалқайтарымы 2,4 теңгеден 2,7
теңгеге дейін өсті
делік. Осының арқасында табыстылық келесі деңгейге өседі:
P↑Y
xi
= (2,7 - 2,4) × 3,65 = 1,1%.
Осыған ұқсас есептеулер әрбір фактор бойынша жасалынады,
сонан
кейін талдау нәтижесі қортындылады.
Көпфакторлы регрессиялық талдаудың нәтижесі нәтижелі көрсет-
кішті жоспарлау және болжау үшін пайдалануы мүмкін. Осы мақсатпен
алынған теңдеуге факторлы көрсеткіштердің жоспарлы (болжамды) деңгейін
қою керек:
Y
o
= 0,49 + 3,65 × 2,7 + 0,09×85 + 1,02 × 8,5 - 0,122 × 20 + 0,052 ×33 =
25,95%.
Сонымен, көпфакторлы корреляциялық талдау ғылыми және тәжіри-
белік жағынан үлкен маңыздылығы бар. Зерттеліп
отырған көрсеткіштің
деңгейінің қалыптасуына әсер ететін әрбір фактордың орны мен рөлін дұрыс
анықталса, соғұрлым жоспарлар мен басқару шешімдері дәлірек
негізделінеді, кәсіпорын іс-әректінің қортындысы
шынайы бағаланылады
және шаруашылық ішіндегі резервтер толық анықталады.
Бақылау сұрақтары
1. Шаруашылық қызметті талдау әдісін сипаттаңыз және оның ай-
рықша
ерекшіліктерін атаңыз.
2. Шаруашылық қызметті талдау әдістемесі нені көрсетеді?
3. Талдамалық жұмыстың негізгі
кезеңдерін атап көрсетіңіз
4. ШҚТ қолданылатын негізгі тәсілдерді атаңыз.
5. Факторлы және нәтижелі көрсеткіш дегеніміз не?
6. Факторлы талдауды қалай түсінеміз? Оның міндеттері қандай?
7. Детерминді және стохастикалық факторлы талдау дегеніміз не?
8. Факторларды жіктеудің негізгі түрлерін атаңыз.
9. Факторларды жүйелеу не үшін жүргізіледі? Факторлы жүйе қалай
құрылады?
10. Өзара байланысты үлгілеу дегеніміз не?
11. Детерминді талдаудағы факторлы үлгілеудің негізгі тұрпатын
(типтерін) атаңыз.
12. Факторлы талдаудың кеңеюі, ұзаруы және қысқаруы қалай жүреді?
49
1. Детерминді факторлық талдауда факторлардың әсерін өлшеу үшін
қолданылатын негізгі тәсілдерді атаңыз.
2.
Тізбекті алмастыру, абсолюттік айырма, салыстырмалы айырма,
үйлесімді бөлу, интегралды әдіс, логарифмдеу әдісі арқылы есептеудің
мәнін, қолдану саласын және оның ресімдерін сипаттаңыз.
3. Не үшін және қандай жағдайларда корреляциялық
талдаудың тәсіл-
дері
қолданылады? Оның қандай міндеті бар?
4. Түзу сызықты және қисықсызықты тәуелділікте болатын корреляция
коэффициенті не үшін және қалай саналады?
Оның коэффициенттері
қалай түсіндіріледі?
5. Көпфакторлы корреляциялық талдау қалай жүргізіледі?
7. Корреляциялық талдаудың нәтижесі қандай мақсатқа және қалай
пайдаланылады?