69
- құрылымдық (конструкциялық) және технологиялық шешімдердің
тиімділігін көрсететін технологиялық қабілеттілігі (еңбексыйымды-
лығы,
энергиясыйымдылығы және с.с.);
- бұйымның әсемділігі.
Жанама көрсеткіштер – бұл сапасыз шығарылған өнім үшін
айып пұл,
тұтынушы қабылдамаған өнімнің көлемі мен оның меншікті үлесі, ақаулы
өнімнен келген залалдар және т.б.
Өнімнің сапасы бойынша жоспардың орындалуын қортынды бағалау
үшін әртүрлі әдістер, оның ішінде баллдық, қолданылады.
Баллдық әдістің
мәні өнім сапасының орташа өлшенген баллы анықталады және оның нақты-
лы мен жоспарлы деңгейін салыстыру жолымен сапа бойынша жоспардың
орындалу пайызы анықталады.
Сапасы сұрыпымен немесе шартқа сәйкестігімен анықталатын өнім
бойынша жалпы өндіріс көлеміндегі әрбір сұрыпты (шартқа сәйкестігі) өнім
үлесі, сұрыптың орташа коэффициенті, салыстырмалы
жағдайда орташа өл-
шенген бағасы есептелінеді. Бірінші көрсеткіш бойынша жоспардың орында-
луын бағалағанда өнімнің жалпы көлеміндегі әрбір сұрыптың нақтылы
үлесін жоспармен салыстырады, ал сапаның серпінін зерттегенде өткен
кезеңнің мәліметтерімен салыстырады.
Сұрыптың орташа коэффициентін екі әдіспен анықтауға болады:
а) бірінші сұрыпта өнімнің санын барлық
санға қатынасымен,
б) барлық сұрыпты өнім құнын бірінші сұрыпты өнімнің құнына.
5.4.2-кестенің мәліметі бойынша сұрып коэффициенті: жоспар бойынша
0,70 (24367,5/35190), нақтылы - 0,74 (24615/33480); сапа бойынша жоспардың
орындалуы - 106,0% (0,74/0,70); орташа өлшенген баға: жоспар бойынша -
4310 теңге (24367500/5655), нақтылы - 4411,29 теңге (24615000/5580), жоспа-
рға қарағанда оның орындалуы 103,0% құрайды.
Өнім сапасы бойынша жоспардың орындалуы сертификацияланған
бұйымның меншікті салмағы, ақаулы және тұтынушы қабылдамаған өнімнің
меншікті үлесі бойынша бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: