70
Дайындау сапасы бойынша мөлшерден ауытқу зауыт ішіндегі ақаулы
өнімі және тұтынушылардың алмаған өнімі бойынша талдау жасалынады.
Ақаулы өнім туралы ақпаратты беру жүйесін
ұйымдастыру ерекшіліктеріне
байланысты ақаулы өнім шығару залалдары ұйым, цех, телім, жұмыс орны,
сонымен қатар нақтылы бұйым түрі және себептері бойынша талдау
жүргізіледі. Ақаулы өнім шығару негізгі себептері ретінде келесілерді айтуға
болады: жұмысшылардың
мамандық деңгейінің төмендігі, бұзылған құрал-
жабдықта жұмыс істеуі, нашар аспап пен құрылғыларды пайдалануы, өлшеу
техника
құралдарының нашарлығы, технологиялық үдерістен ауытқуы,
білінбейтін ақауы бар материал мен жартылай өнімді пайдалануы және т.б.
Тауарлы өнім шығарылымының, өнімді өткізуден түскен табыстың, пай-
даның өзгеруін құндық түрінде өнім сапасына әсерін санау:
ΔШ
Т
= (Б
1
– Б
0
) × Q
к1
,
ΔN
р
= (Б
1
– Б
0
) × Ш
рсап. өт
,
ΔП = (Б
1
– Б
0
) × Ш
рсап. өт
– (ӨҚ
1
– ӨҚ
0
) × Ш
рсап. өт
,
мұнда ΔШ
Т
– тауалы өнімнің шығарылымының өзгеруі;
ΔN
өт
- өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
ΔП – пайданың өзгеруі;
Б
0
и Б
1
– сәйкесінше сапаның өзгеруіне
дейінгі және кейінгі баға;
ӨҚ
о
и ӨҚ
1
- сәйкесінше сапаның өзгеруіне дейінгі және кейінгі
өзіндік құн;
Q
к1
– жоғары сапалы
шығарылған өнім көлемі;
Ш
рсап. өт
- жоғары сапалы шығарылған өнімді сатудан түскен та-
быс.
Егер ұйым өнімін сұрып бойынша шығаратын болса және сұрыптық
құрамы
өзгерген болса, онда алдымен орташа өлшенген бағасы мен орташа
өлшенген бірліктің өзіндік құны қалай өзгергенін санау керек,
сонан кейін
жоғарыда көрсетілген формулаларды пайдаланып, тауарлы өнімнің шығары-
лымына, табысқа және сатудан түскен пайдаға сұрыптық құрылымының
әсерін есептеу керек.
Орташа өлшенген баға келесідей жолмен анықталады:
Б
0
= Σ(Q
0i
× Б
0i
) / Q
0i
, Б
1
= Σ(Q
1i
× Б
1i
) / Q
1i
,
Құнды түріндегі өндіріс көлеміне өнімнің
сұрыптық құрамының әсерін
анықтау үшін өндірілген өнім құрылымын талдағандағы әдістерді қолдануға
болады. 5.4.2-кесте мәліметтері бойынша бұл санауды абсолютті айырым
әдісімен санау жүргіземіз. Есептеу нәтижелері 5.4.3-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: